Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу мен сараптамасын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 635 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2496. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 735 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. АЛА - 000079 "Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
                ҒЗИ" ААҚ
      2.  АЛА - 005032 "ТрансПетролеум" ААҚ
      3.  АЛА - 005039 "Электр желілерін басқару жөніндегі
          қазақстандық компания" ААҚ
      4.  "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
      5.  "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ
      6.  "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық
          операторы" ("КОРЭМ") ЖАҚ
      7.  ВКО - 002784 "Бұқтырма СЭС" ААҚ
      8.  ВКО - 001231 "Алтайэнерго" ААҚ
      9.  ЖМБ - 000962 "Жамбыл электр желісін таратушы
          компаниясы" ААҚ
      10. КРГ - 002979 "Қарағанды электр желісін таратушы
          компаниясы" ААҚ
      11. КСТ - 000011 "Оңтүстік электр желілері" ААҚ
      12. ПВЛ - 000600 "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" ААҚ
      13. ПВЛ - 000718 "Майкөбе разрезі" ААҚ
      14.              "Екібастұз энергия орталығы" ЖАҚ
      15. СКО - 000013 "Көкшетау электр желісін таратушы
          компаниясы" ААҚ
      16. ЮКО - 010230 "Шардара СЭС" ААҚ
      17.              "Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік
                       басқармасы" ЖАҚ
      18.              "Астанаэнергосервис" ААҚ
      19. ЗКО - 001292 "Батыстрансгаз" ААҚ
      20. ЗКО - 010049 "Қазақгаз" республикалық компаниясы" ААҚ;
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі