Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымдарында эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету туралы Ереже жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының қаулысы 1997 жылғы 25 шiлдедегi N 281 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 415. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 (V032685) қаулысымен.

      Мемлекеттiк сектор ресурстарын басқару жөнiндегi реформаны және мемлекеттiк қызмет реформасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарға стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдердi екiншi деңгейдегi банктер арқылы дербес шоттар және пластикалық карталар арқылы, банктiк трансферттер арқылы төлеу нысанын енгiзу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң филиалдары арқылы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн трансферттердi жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi арқылы бюджеттiк ұйымдарға қолма қол ақша берудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк және Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнде ағымдағы (транзиттiк) шоттар ашсын.
      4. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың басшылары

қызметкерлерге төлемнiң жаңа нысандарының пәрмендiлiгiн, сондай-ақ
оның жүзеге асырылуының тәртiбiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды
ұйымдастырсын.
     5. Стипендия, еңбекақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеуге
қызмет көрсету жөнiндегi шығыстар республикалық бюджеттiң есебiне
жатқызылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi