Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуір N 110. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1549. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 159 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн және Нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

      2) мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында автомобильдiк инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты Ұлттық Банктiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, екiншi деңгейдегi

      банктерге және банкноттарды, металл ақша мен құндылықтарды инкассациялау

      және жөнелту қызметiмен шұғылдану құқығы берiлген Ұлттық Банктiң

      лицензиясы бар заңды тұлғаларға жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

      Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
Төрағасы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Ішкі әскерлер қолбасшысы

      2001 жылғы 17 сәуірде N 1072

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі
N 110 қаулысымен
бекітілді

Қазақстан Республикасында автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және автомобильдік инкассаторлық тасымалды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Автомобильдік инкассаторлық тасымал банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту үшін жасалады.

      2. автомобильдік инкассаторлық тасымал Ұлттық Банк филиалдарының инкассация қызметтерімен, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      3. Осы нұсқаулықтың талаптарын Ұлттық Банк филиалдарының инкассация қызметтері, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкноттарды, металл ақшаларды және құндылықтарды инкассация жасау және жөнелту қызметімен айналысу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар орындауға міндетті.

2-тарау. Инкассация қызметінің арнайы автомобильдеріне қойылатын талаптар

      4. Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің (бұдан әрі - арнайы автомобильдер) кузовтары жабық, тасымалданатын құндылықтардың сақталуын және инкассация қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші құралдармен (тасалы тесіктермен, сейфтермен, металл шкафтарымен, инкассаторларға арналған брондалған жеке орындармен, арнайы брондалған кузовтарымен және басқалармен) жабдықталуы тиіс.

      5. Арнайы автомобильдер нұсқаулықтың N 1 қосымшасында келтірілген кескінді түс схемасына сай боялуы тиіс.

      Арнайы автомобильдердiң сыртындағы негiзгi бояу түсi дайындаушы зауыт бояуы болып табылады.

      Қарама-қарсы келетiн түс - ашық көк.

      Сыртында жазулар болмайды.

      Арнайы автомобильдердiң қарама-қарсы келетiн түс жолағының енi:

      жеңiл автомобильдерде - 150+-5 мм.

      ауыр автомобильдер және автобустардың шассиiнде дайындалғандарда -

      230+-5 мм.

      6. Арнайы автомобильдер жасырын жарық сигналымен (бұдан әрi - арнайы

      жарық сигналы) жабдықталуы тиiс.

      Арнайы жарық сигналындағы жарық фильтрiнiң түсi көк немесе күлгiн

      түстi болуы тиiс.

      Арнайы жарық сигналы автомобиль салонына (кабинасына) автомобильдiң ұзына бойы осiнiң сол жағының жоғарғы тұсындағы алдыңғы әйнектiң бұрышына орналастырылады.

      Арнайы жарық сигналының конструкциясы, сипаттамасы және орналасуы автомобильдiң алдыңғы жағынан ұзына бойы осiнiң екi жағынан 70 градустан кем емес бұрыштармен шектелгенде 50 метрден кем емес аралықтағы сектор шекарасында оны қосқан кезде сигналдың көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      Арнайы жарық сигналын басқару элементтерi оңай табылатын және оны жылдам жаға алатындығын (сөндiре алатын) қамтамасыз етуi тиiс.

      Арнайы жарық сигналының конструкциясы және оның орналастырылуы жүргiзушiнiң орнынан көрiнудi шектемеуi, жүргiзушiнiң көзiн шағылыстырмауы және жүргiзушi мен жол жүрушiлердi жарақаттамауы тиiс.

      Арнайы жарық сигналы инкассация қызметiнiң арнайы автомобилiн тек iшкi iстер органдарының қызметкерлерi тоқтатқан жағдайда ғана қосылады.

      7. Арнайы автомобильдер инкассация қызметi бойынша кезекшiлермен радио байланыс жасау үшiн радиостанциялармен жабдықталуы тиiс.

      Инкассация қызметiнiң радиожиiлiк спектрiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуы тиiс.

      8. Арнайы автомобильдер инкассаторлық тасымал кезiнде шабуыл және басқа қылмыстық әрекеттер туралы хабарлау үшiн дыбысты дабылмен жабдықталуы тиiс.

      9. Арнайы автомобильдер жол қозғалысы саласында белгiленген ережелердiң, нормативтердiң және стандарттардың талаптарына сай болуы тиiс.

      10. Арнайы автомобильдер жол полициясының уәкiлеттi бөлiмшелерiнде белгiленген тәртiппен тiркелуi тиiс.

      Арнайы автомобильдерге берiлетiн көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiнде "Ерекше белгiлер" бағанында "Арнайы инкассация қызметi" деген белгi қойылуы тиiс.

      11. Арнайы автомобильдердi инкассацияға және банкноттарды, металл ақшалар мен құндылықтарды тасымалына қатысы жоқ жүктер тасымалына пайдалануға тыйым салынады.

3-тарау. Автомобильдiк инкассаторлық
тасымалдарды орындау тәртiбi

      12. Автомобильдiк инкассаторлық тасымалдар инкассация қызметi басшысының (кезекшi инкассатордың) тапсырмасы бойынша Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес орындалады.

      Инкассаторлық тасымалға тапсырма беру инкассаторлар бригадасын оны орындау жөнiндегi нұсқаулармен бiрге жасалуы тиіс, ол жөнiнде инкассаторлар арнайы журналда (Нұсқаулықтың N 2 қосымшасы) қол қояды.

      13. Арнайы автомобиль инкассация бағытына шығардың алдында инкассация қызметiнiң басшысы (кезекшi инкассатор) оның инкассаторлық тасымалдауға дайындығын (техникалық дұрыстығын, қосалқы бөлшектердiң түгелдiгiн, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етiлуiн, байланыс құралдарының, өрт сөндiру құралдарының жұмысын және басқаларын), сондай-ақ жүргізушi-инкассаторда жүргiзушi құжаттарының түгел екендiгiн тексередi.

      Жүргiзушi - инкассаторды тексергеннен кейiн инкассация қызметiнiң арнайы автомобилiне тиiстi жазба жасалатын жол парағы берiледi (Нұсқаулықтың N 3 қосымшасы).

      Жол парағы инкассация қызметiнде сақталады және жүргiзушi инкассаторға инкассация бағытына шығар алдында тиiстi журналға қол қойдырыла отырып берiледi. Тапсырма орындалғаннан кейiн жүргiзушi-инкассатор жол парағын жоғарыда аталған журналға жазба жасайтын инкассация қызметiнiң басшысына (кезекшi инкассаторға) тапсырады.

      14. Жол парағы бiр айға жазылады және инкассация қызметi орналасқан жердiң жол полициясы бөлiмшесiнiң бастығы арнайы автомобильдiң жол қозғалысы саласындағы ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестiгiн тексергеннен кейiн қол қояды. Арнайы автомобильдi тексеру инкассация қызметiнде жүргiзiледi. Жол полициясының бөлiмшесi бастығының қолы осы бөлiмшенiң мөрiмен расталады.

      Жол полициясының мөрiмен расталмаған жол парағы жарамсыз деп саналады.

      Жол парақтарының мерзiмi аяқталған соң олар жеке папкаға тiгiледi және инкассация қызметiнде бiр жыл сақталады, содан кейiн белгiленген тәртiппен жойылады.

      15. Жанар-жағармай материалдарын есепке алу үшiн жүргiзушi-инкассаторға гараждан шығарда берiлетін күнделiктi жол парағы жазылады. Күн сайынғы жол парағын жүргiзушi-инкассатор тапсырманы орындауға шығарда инкассация қызметiнiң басшысына (кезекшi инкассаторға) бередi және ол тапсырманы аяқтағаннан кейiн толтырады.

      16. Автомобильдiк инкассаторлық тасымал осы тапсырманы орындайтын инкассаторлар бригадасының барлығының бiрге жүруiмен жүзеге асырылады.

      Арнайы автомобильдiң белгiленген бағыты мен кестесiнен ауытқуына, сондай-ақ басқа адамдар мен жүктер тасымалына үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.

      Инкассация қызметiнiң арнайы автомобилiне жағар май құю және автомобильдiк инкассаторлық тасымалдың бағытын жасау мынадай түрде жүргiзiлуi тиiс, арнайы автомобильдiк инкассаторлық тасымалды жүзеге асыру кезiнде жанар май құю қажеттiгi туындамайтындай болуы керек.

      17. Автомобильдiк инкассаторлық тасымалды орындау кезiнде жүргiзушi-инкассатор Қазақстан Республикасының жол жүру ережелерiнiң, жол қозғалысы саласындағы басқа ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың талаптарын сақтауға мiндеттi, сондай-ақ инкассаторлар бригадасы Ұлттық Банктiң инкассация тәртiбiне, тасымалданатын құндылықтардың сақталуына және инкассаторлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын мiндеттi түрде сақтауы тиiс.

      18. Iшкi iстер органының қызметкерi автомобильдiк инкассаторлық тасымалды орындаушы арнайы автомобильдi тоқтату туралы сигнал берген кезде жүргiзушi-инкассатор инкассаторлық тасымалды орындап жүргенi туралы хабардар ету үшiн арнайы жарық сигналын қосуы тиiс.

      Iшкi iстер органының қызметкерiнiң талабымен арнайы автомобиль тоқтаған және құжаттар талап етiлген жағдайда автомобильдiк инкассаторлық тасымалды орындаушы жүргiзушi-инкассатор автомобильден шықпай жол парағы мен жеке куәлiгiн көрсетедi.

      Iшкi iстер органының қызметкерi автомобильдiк инкассаторлық тасымалды орындаушы жүргiзушi-инкассатордың Жол жүру ережесiн бұзу айғағы туралы жол полициясының бастығына рапорт арқылы баяндайды.

      4-тарау. Автомобильдiк инкассаторлық тасымал кезiнде iшкi iстер

      органы қызметкерiмен өзара іс-әрекеттi ұйымдастырудың тәртiбi

      19. Ішкi iстер органының қызметкерлерi республиканың барлық аумағында атқаратын лауазымына және iшкi ведомстволық бағыныштылығына, уақытқа қарамастан, автомобильдiк инкассаторлық тасымалды орындаушы инкассаторлар өтiнiшпен хабарласса немесе инкассаторларға және/немесе тасып әкеле жатқан құндылықтарға қылмыстық қол сұғушылық әрекетi туралы хабарды алса, немесе мұндайды тікелей байқаған жағдайда, құқық бұзушылықты жою және құқық бұзушыларды ұстау, инкассаторларға көмек көрсету, оқиға болған жерді күзету бойынша өздеріне берілген барлық құқықты толық пайдалануға, сондай-ақ болған оқиға жөнінде жақын маңдағы ішкі істер органына хабарлауға міндетті.

      20. Арнайы автомобильдің инкассаторлық тасымалдарды әрі қарай

      орындауға мүмкіндік бермейтін бұзылуын байқаған жағдайда, сондай-ақ арнайы

      автомобильдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда ішкі істер

      органының қызметкері дереу орын алған оқиға жөнінде жақын маңдағы ішкі

      істер органының бөлімшесіне хабарлауы және инкассаторлар бригадасымен

      бірге тасымалданатын банкноттардың, металл ақша мен құндылықтардың

      сақталуын қамтамасыз етуге көмек көрсетуі тиіс.

      Ұлттық Банктің
Төрағасы

  1-парақ
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
N 1 қосымша

1-сурет. - Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің түсті кескінді схемасы

      Ескерту. Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

  2-парақ
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
N 2 қосымша

2-сурет. - Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерінің түсті кескінді схемасы

      Ескерту. Суретті қағаз мәтіннен қараңыз

  1-парақ
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі ережеге
N 1 қосымша

БАНКНОТТАРДЫ, МЕТАЛЛ АҚША МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖӨНЕЛТУ ЖӨНІНДЕГІ
ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАЙТЫН ИНКАССАТОРЛАР БРИГАДАСЫНЫҢ НҰСҚАУ
ЖУРНАЛЫ

      ____________________________________________________________

      (банк "филиалының" атауы)

      ____________________________________________________________

      (инкассация бөлімшелерінің атауы)

      Басталды ___________

      Аяқталды ___________

  2-парақ
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі ережеге
N 2 қосымша
 
      ____________________________________________________________

      (Инкассация атауы)

      ___________________________________________________________________________

      NN Нұсқаудың Нұсқауды Нұсқаудың Нұсқау беріл. Нұсқауды алу

      жүргізілген жүргізушінің қысқаша гендердің кезінде

      күні лауазымы, мазмұны лауазымдары, қол қою

      аты-жөні аты-жөндері

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

  3-парақ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 30 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі ережеге
N 2 қосымшасына

РАСТАУ ЖАЗБАСЫ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы журналда ___________________________ парақ

      (сөзбен)

      тігілді, нөмірленді

      Филиалдың (банктің)____________ ____________басшысы

      (қолы) (аты-жөні)

      Филиалдың (банктің) инкассация бөлімшесінің _______ ____________ басшысы

      (қолы) (аты-жөні)

  1-парақ
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
N 3 қосымша

      Заңды тұлғаның штампына арналған орын

Инкассация қызметінің арнайы автомобилінің
20__ жылдың ____ айына берілген
ЖОЛ ПАРАҒЫ N ___

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Автомобильдің маркасы ____________________________________________________

      Мемлекеттік тіркеудің номерлік белгісі(МТНБ)______________________________

      Инкассаторлық тасымалдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      "___" ______________ N ____ лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.

      Гараждың мекен-жайы ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бекітілген жүргізушілер:__________ _______________________________________

      (аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және N)

      (санаты)

      __________ _____________________________________________

      (аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және N) (санаты)

      __________ _____________________________________________

      (аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және N) (санаты)

      __________ _____________________________________________

      (аты-жөні) (жүргізуші куәлігінің сериясы және N) (санаты)

      ___________________________________________________________________________

      Айдың басындағы мәліметтер Айдың аяғындағы мәліметтер

      ___________________________________________________________________________

      Спидометр. Айдың басындағы жанар. Спидометр. Айдың аяғындағы жанармай.

      дің майдың қалдығы дің дың қалдығы

      көрсеткіші ________________________ көрсеткіші __________________________

      Машина. Барлық барлы. Машина. Барлық барлы.

      ның жұмсал. ғы ның жұмсал. ғы

      багында маған багында маған

      талондар талондар

      бойынша бойынша

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Арнайы автомобильді пайдаланудың жиынтық деректері

      ___________________________________________________________________________

      Тапсырма. Жүрген Жанармай 100 км.-ге Жүрген жолға жанармай шығысы л.

      дағы жолы км. литрде жұмсау _________________________________

      жұмыстағы берілді нормасы Норма Нақты Үнемдеуі Артық

      жалпы бойынша шығыны

      уақыт,

      сағат,

      мин.

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Инкассация қызметінің арнайы автомобиліне техникалық қызмет көрсету

      ___________________________________________________________________________

      Бұрынырақ жүргізілгендері Жоспарланатыны

      ________________________________________________________________

      Күні Жүрген жолы Күні Жүрген жолы

      (спидометрдің (спидометрдің

      көрсеткені) көрсеткені)

      ___________________________________________________________________________

      ТО-1

      ___________________________________________________________________________

      ТО-2

      ___________________________________________________________________________

      Радиостанцияның болуы: Инкассация қызметінің арнайы

      _____________________ автомобиль тексерілді

      (маркасы және номері) _______ ІІАБ ОДП бастығы

      ___________________________ ____________________________

      (рұқсаттың номері, рұқсаттың (қолы)

      қолданылу мерзімі)

      "____" ___________ 20 __ж.

  2-парақ
 
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі ережеге
N 3 қосымша
 
      "____" ___________ 200__ж.

      арт жағы

      ___________________________________________________________________________

      Ай. Жүргізуші инкассаторлар Ауысымның басталуы Автомашинаны Бағыт N

      дың ___________________________________________ және жүргізу. ___________

      күні 1-ауысым 2-ауысым 1-ауысым 2-ауысым шіні тексер. 1- 2-

      ___________________________________________ дім, жүруге ауы. ауы.

      Фамилиясы Фамилиясы Шығу Шығу рұқсат етемін сым сым

      уақыты уақыты (лауазымды

      тұлғаның қолы)

      ___________________________________________________________________________

      1

      ___________________________________________________________________________

      2

      ___________________________________________________________________________

      3

      ___________________________________________________________________________

      4

      ___________________________________________________________________________

      5

      ___________________________________________________________________________

      6

      ___________________________________________________________________________

      7

      ___________________________________________________________________________

      8

      ___________________________________________________________________________

      9

      ___________________________________________________________________________

      10

      ___________________________________________________________________________

      11

      ___________________________________________________________________________

      12

      ___________________________________________________________________________

      13

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Таблицаның жалғасы

      ___________________________________________________________________________

      Ауысымның аяқталуы Ауысым аяқталғаннан кейінгі спидометр көрсеткіші

      (нақты)

      ___________________________________________________________________________

      1-ауысым 2-ауысым 1-ауысым 2-ауысым

      ___________________________________________________________________________

      Кіру Кіру Ауысымда Спидометрдегі Ауысымды Спидометрдегі

      уақыты уақыты жүрген жиынтығы жүрген жиынтығы

      жолының жолының

      қашықтығы қашықтығы

      ___________________________________________________________________________

      1

      ___________________________________________________________________________

      2

      ___________________________________________________________________________

      3

      ___________________________________________________________________________

      4

      ___________________________________________________________________________

      5

      ___________________________________________________________________________

      6

      ___________________________________________________________________________

      7

      ___________________________________________________________________________

      8

      ___________________________________________________________________________

      9

      ___________________________________________________________________________

      10

      ___________________________________________________________________________

      11

      ___________________________________________________________________________

      12

      ___________________________________________________________________________

      13

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасының
 
  Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірде
N 110 қаулысымен бекітілген
  Қазақстан Республикасында
автомобильдік инкассаторлық
тасымалды ұйымдастыру
жөніндегі ережеге
N 4 қосымша
 
      Инкассация қызметінің арнайы автомобильдерін тексеру және

      жол парақтарын растау

      ВЕДОМОСІ

      "____" ___________ 200__ж.

      Тексеру жүргізілетін орын _________________________

      ___________________________________________________________________________

      N Марка. Мемлекет. Жүргізу. Жүргізуші N жол Жол парағы Жол Ес.

      сы тік тіркеу. шінің куәлігінің парағы куәланды. поли. кер.

      дің аты-жөні сериясы берілді рылды циясы ту

      номерлік және N, (ия, жоқ) қызмет.

      белгісі санаты кері.

      нің

      қолы

      ___________________________________________________________________________

      1 2 3 4 5 6 7 8 9

      Тексеру арнайы автомобильдің жол жүру саласындағы ережелердің,

      нормативтер мен стандарттардың және автомобильдік инкассаторлық тасымалды

      ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін белгілеу арқылы

      жүзеге асырылады.

      Ескертуде анықталған кемшіліктер мен бұзулар көрсетіледі.

      Ведомость 2-дана етіп жасалады және: 1-еуі

      инкассация қызметінде, 2-сі жол полициясының

      аумақтық бөлімшесінде сақталады.