Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау және куәландыру жүргізу үшін азаматтарды медициналық куәландыруға жіберу тәртібі туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 167 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3589. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2017 № 156 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 2 ақпандағы N 7-1491-05 наразылығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау және куәландыру жүргізу үшін азаматтарды медициналық куәландыруға жіберу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2389 тіркелген) 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Психиатриялық белсенді заттарды пайдалану фактісін, мас болу жағдайын анықтау үшін азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Медициналық ұйымдарға медициналық куәландыруға жіберу заңға сәйкес жүзеге асырылады".

      2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр


"Келісілген"


Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрі



      2005 жылғы 25 наурыз