"Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 31 қазандағы N 578 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5382 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2017 № 156 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      " Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2389 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамыздағы N 31 "Официальная газетада" жарияланған, "Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 446 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3589 тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 "Юридическая газетада" жарияланған) өзгерістер енгізілген) өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Психикалық белсенді затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      көрсетілген Нұсқаулыққа N 1 қосымшада:

      14-тармақтағы "16" деген сандар "21" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Б. Малғаждарова):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Дерновой

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


___________Б. Мұхамеджанов


2008 жыл