Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының
2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2318. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;

      2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:

      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қaулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:

      1) <*>

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі