Кедендік алып жүруді қабылдап алу-беру пункттері тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 тамыздағы N 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2490. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақстан" спорт сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі "Астана-Бәйтерек" монументі республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі