N 771 "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2130. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

      Жамбыл облысы әкiмiнiң "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына үлестiк қаражатты енгiзу жөнiндегі мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жамбыл облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылға арналған арнайы резервiнен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына үлестiк қатысуға ақы төлеу үшiн кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен сыйақы ставкасын есептей отырып, 453 800 000 (төpт жүз елу үш миллион сегiз жүз мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) заңнамаға сәйкес Жамбыл облысының әкiмiмен кредит келiсiмiн жасасуды;
      2) бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі