"Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттiк мекемелердiң депозиттiк сомалары мен сақтандыру өтеулерiн қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртiбi туралы қағиданы бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 наурыздағы N 88 бұйрығы.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1802. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28  N 778 Қаулысымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Z960009_ Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Катко" қазақстан-француз-швейцар бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - "Катко" БК) "Катко" БК мен "КОЖЕМА" ядролық материалдар жөніндегі бас компаниясы" акционерлік қоғамы (Француз Республикасы) арасындағы 2001 жылғы 12 қарашадағы N А/0060/КАТ/UN уран концентратын сатып алу келiсiм-шартының талаптарына сәйкес 300000 кг U мөлшеріндегі табиғи уранның тотық-шала тотық түріндегі уран концентратын (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) экспорттауға рұқсат берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен "Катко" БК-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімін Қазақстан Республикасынан экспорттауға лицензиялар берсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімді кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетіне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi