Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі N 177 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1484. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою туралы өкілеттік туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 қаңтардағы N 70 P010070_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы

Сергей Михайлович Кузьменкоға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасы Үкіметінің

арасындағы Салық заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы

ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.