"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы"

Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы N 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1398. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен.

МАЗМҰНЫ

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 67-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң халықаралық iскерлiк операцияларда мемлекеттiк кiрiс ысырабын болдырмау үшiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау шараларын белгiлейдi.

      1-бап. Қазақстан Республикасының трансферттiк
             бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк
             бақылау жөнiндегi заңдары

      1. Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау жөнiндегi заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
 

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
 

      1) бiрдей тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - өздерiне тән басты белгiлерi: физикалық сипаттамалары, сапасы мен рыноктағы өтiмi, шығарылған елi және өндiрушiсi бiрдей тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер);
 

      2) халықаралық iскерлiк операция - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер;
 

      3) бiртектi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - бiрдей болмаса да, бiр-бiрiне ұқсас сипаттағы және ұқсас компоненттерден тұратын, мұның өзi оларға бiрдей мiндеттер атқаруға және бiрiн-бiрi алмастыруға мүмкiндiк беретiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер). Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердiң) бiртектiлiгiн анықтау кезiнде, атап айтқанда, олардың сапасы, тауар таңбасының болуы, рыноктағы өтiмi, шығарылған елi ескерiледi;
 

      4) тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасы салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара ықпалдастығы кезінде қалыптасқан, тәуелсiз тараптар арасында тағайындалатын және (немесе) осы Заң белгiлеген тәртiппен айқындалатын баға;
 

      5) трансферттiк баға - осы Заңмен белгiленген мәмiлелер жасалған кезде объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан өзгеше баға;
 

      6) уәкiлеттi органдар - трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.

      3-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде
             мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру

      1. Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) осы баптың 2-тармағында аталған мәмiлелер бойынша қолданылатын бағалардың нарықтық бағалардан ауытқу фактiсiн анықтау және салық салу объектiлерiне түзету енгiзу мақсатымен жүзеге асырылады.
 

      2. Мемлекеттiк бақылау мынадай мәмiлелер бойынша:
      1) өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптар арасында;
 

      2) тауар алмасу (бартерлiк) операциялары бойынша;
 

      3) бiртектi қарсы талаптарды (талапқа жол берген кездегi есепке алуды қоса) есепке алу жолымен жүзеге асырылатын мәмiлелер бойынша мiндеттемелердi орындау кезiнде;
 

      4) қаржы операцияларын жүзеге асыру кезiнде заңдары ақпаратты ашу мен берудi көздемейтiн шет мемлекеттерде тiркелген (тұратын) немесе оларда банк шоттары бар, не оффшорлық аймақтарды қоса, тiркелген (тұрғылықты) орны бойынша салық салудың жеңiлдiктi режимi қолданылатын тұлғалармен мәмiлелер жасасу кезiнде;
 

      5) салық бойынша жеңiлдiктерi бар немесе салық заңдарымен белгiленген ставкадан өздерi үшiн өзгеше ставка белгiленген заңды тұлғалармен мәмiлелер жасалған кезде;
 

      6) мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректерi бойынша залал шеккен заңды тұлғалармен мәмiлелер жасасу кезiнде жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың 1)-6) тармақшалары қолданылмайтын халықаралық іскерлік операциялар бойынша мемлекеттік бақылау мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, көрсетiлген қызметтің) нарықтық бағасынан белгiлi бiр жағына 10 проценттен артық ауытқу фактiсi анықталған жағдайда жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын және осы тармақтың 5) және 6) тармақшалары қолданылатын мәмiлелер бойынша мемлекеттік бақылау олар халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланыста болған жағдайда жүзеге асырылады.

      4-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде
             бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

      Мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының салық қызметi органдары мен кеден органдары жүзеге асырады.

      5-бап. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру

      Мемлекеттiк бақылау осы Заңда белгiленген рәсiмдердi жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi органдар трансферттiк бағалар қолданылуы мүмкiн мәмiлелер мониторингiн жүргiзедi. V032471
      Жасалатын мәмiлелерiне мониторинг жүргiзiлуге тиiс тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) тiзбесiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар айқындайды .
 

      2. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар мәмiлеге қатысушылардан және осы мәмiлеге жанама қатысушы үшiншi тұлғалардан мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдардан тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасын анықтау үшiн қажеттi ақпарат сұратуға құқылы.
 

      3. Мониторинг нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органдар мәмiле бағасының тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасынан ауытқу мәселесi бойынша тексеру жүргiзедi.
      Мәмiлелер жасасу кезiнде қолданылатын бағаларды бақылау уәкілеттi органдар Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарының сақталу мәселелерi бойынша жүргiзетiн тексерулер кезiнде де жүзеге асырылады.
 

      4. Мәмiлелерге қатысушылардың қолданылатын бағаның экономикалық негiздемесiн және аталған мәмiленiң бағасын растайтын тиiстi құжаттарды нарықтық бағаны айқындау және осы Заңға сәйкес бағаны айқындау әдісін таңдау мақсатында уәкілетті органдарға алдын ала беруге құқығы бар.
 

      5. Мәмiле бағасының нарық бағасынан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда уәкiлеттi органдар салық салу объектiлерiне түзету жасайды.
      Салық салу объектiлерiне түзету жасау негiзiнде осы мәмiлелерден түскен кiрiстер немесе шығыстар және басқа да салық салу объектiлерi нарықтық бағаға негiзделiп айқындалғандай болып есептелiп, заңды тұлғаларға табыс салығы, қосылған құнға салық, акциз (акцизделетiн тауарлармен мәміле жасалған жағдайда), роялти және жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдасына салық, кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айыппұлдар мен өсiм қолданыла отырып есептеледi.

      6-бап. Тараптардың өзара тәуелділігiн немесе
             өзара байланыстылығын айқындау

      Өз араларындағы мәмілелердiң (операциялардың) экономикалық нәтижелерiне әсер етуi мүмкiн, ерекше өзара қатынастағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара тәуелдi немесе өзара байланысты тараптар деп танылады.
      Мұндай ерекше өзара қатынастар мына жағдайларды қамтиды:
 

      1) бiр тұлға екiншi тұлғаның қосылма тұлғасы болып танылады;
 

      2) егер қатысу үлесi 10 проценттен кем болмаса бiр тұлға тiкелей және (немесе) жанама түрде екiншi тұлғаға (басқаруға, бақылауға, капиталға) қатысады;
 

      3) бiр тұлға тiкелей және (немесе) жанама түрде (басқаруға, бақылауға, капиталға) қатысатын тұлғалар және осындай әр тұлғаның капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысу үлесі 10 проценттен кем болмайды;
 

      4) егер шаруашылық серiктестiгiнiң шарты бойынша қатысушы салымының мөлшерi барлық салымның жалпы мөлшерiнiң 20 процентінен астамын құраса немесе мұндай серiктестiктiң осы қатысушының пайдасына бөлiнуге тиiстi кiрiсiнiң үлесi серiктестiктiң жалпы кiрiсiнiң 20 процентiнен астамын құраса, шаруашылық серiктестiгi және оның қатысушысы;
 

      5) белгiлi бiр тұлға бiр мезгiлде қатысушысы болып табылатын және оның қатысу үлесi осындай әр серiктестiктегi қатысушылардың барлық салымдарының жалпы мөлшерiнiң 20 процентiнен асатын екi шаруашылық серiктестiгi;
 

      6) сенiмгерлiк басқару құрылтайшысы және мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгер басқарушы;
 

      7) егер белгiлi бiр тұлға мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi екi шарт бойынша да сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы болса, екi сенiмгер басқарушы;
 

      8) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгер басқарушы және пайда алушы;
 

      9) егер ұйым капиталына қатысу үлесi 10 проценттен асатын болса, сенiмгер басқарушы және сенiмгерлiк басқару құрылтайшысы тiкелей немесе жанама қатысатын ұйым;
 

      10) егер мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi екi шарт бойынша да сенiмгерлiк басқару құрылтайшысы бiр тұлға болса, мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi бiр шарт бойынша сенiмгер басқарушы және мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөнiндегi екiншi шарт бойынша пайда алушы;
 

      11) мүлiктiң меншiк иесi және мүлiктiң меншiк иесiнiң осы мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше құқығы (иелену, пайдалану, билiк ету) берiлген тұлға;
 

      12) бiр тұлға екiншi тұлғаға қызмет жағдайы бойынша бағынады;
 

      13) тұлғалар еншiлес кәсiпорындар болып табылады немесе үшiншi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болады;
 

      14) тұлғалар неке-отбасы қатынастарында болады, не жақын туыстар немесе жекжаттар болады.

      7-бап. Нарықтық бағаны анықтау тәртiбi мен әдiстерi

      1. Салық қызметi органдары нарықтық бағаны анықтау үшiн мынадай әдiстердi пайдаланады:
 

      1) бақыланбайтын салыстырмалы баға әдісі;
 

      2) "шығындарға қосу" әдiсi;
 

      3) кейiннен өткiзу бағасы әдiсi.
 

      2. Бақыланбайтын салыстырмалы баға әдiсi тиiстi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) рыногында бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша мәмiлелер болған кезде қолданылады және сатушымен байланысы жоқ сатып алушыға салыстырмалы жағдайда сатылған бірдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағасын негiзге ала отырып, нарықтық бағаны белгiлейдi.
      Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасын анықтау кезiнде осы тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзу кезiнде бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлармен (жұмыстармен, көрсетiлетiн қызметтермен) салыстырмалы жағдайда жасасқан және (немесе) жүзеге асырылған мәмiлелер бойынша баға туралы ақпарат ескерiледi.
      Егер бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) рыногындағы мәмілелердің экономикалық (коммерциялық) жағдайларының айырмасы бағаға ықпал етпесе немесе осы Заңның 8-бабына сәйкес түзетiлуi мүмкiн болса, мұндай жағдайлар салыстырмалы деп танылады.
 

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған әдiстер тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) тиiстi рыногында бiрдей (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бойынша мәмiлелер болмаған жағдайда немесе осы рынокта мұндай тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) ұсыныстың болмауынан, сондай-ақ тиiстi бағаны анықтау үшiн ақпарат көздерi болмаған не оларға қол жетпейтiн болған жағдайда қолданылады.
 

      4. "Шығындарға қосу" әдiсi, бұл жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме баға сомасы ретiнде анықталады. Бұл орайда тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өндiруге (сатып алуға) және (немесе) өткiзуге жұмсалғаны расталған тікелей және жанама шығындар (шығыстар) тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөнiндегi шығындар (шығыстар) мен өзге де шығындар (шығыстар) ескерiледi. Yстеме баға қызметтiң осы саласы үшiн қалыптасқан орташа рентабелділiк нормасын қамтамасыз ететiндей болып белгiленедi.
 

      5. Кейiннен өткізу бағасы әдiсi, бұл жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) нарықтық бағасы сатып алушының мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) кейiннен сатқандағы (қайта сатқандағы) бағасы мен қайта сатқан кезде сатып алушы шеккен, расталған шығындардың (шығыстардың) (аталған сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатушыдан сатып алғандағы баға есепке алынбай), сондай-ақ оның үстеме бағасының айырмасы ретiнде анықталады. Yстеме баға қызметтiң осы саласы үшiн қалыптасқан орташа рентабелдiлiк нормасын қамтамасыз ететiндей болып белгiленедi.
 

      6. Қаржы операцияларын жүзеге асыру кезiнде заңдары ақпаратты ашу мен берудi көздемейтiн шет мемлекеттерде тiркелген (тұратын) немесе банк шоттары бар не тiркелген (тұрғылықты) орны бойынша салық салудың жеңiлдiктi режимi қолданылатын тұлғалармен жасалған мәмiлелер бойынша ресми танылған ақпарат көздерiне сай келетiн баға нарықтық баға деп танылады және осы негізге алына отырып салық салу объектiлерiне түзету жасалады.

      8-бап. Мәмiле жасасу кезiнде қолданылатын бағаның
             нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететiн
             жағдайлар

      1. Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасын анықтау кезiнде мәмiлелердiң мынадай жағдайлары:
 

      1) жеткізілетін тауарлардың (мәселен, тауар партиясының көлемі), орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердiң саны (көлемi);
 

      2) жеткізілетін тауарлардың немесе сатып алынатын тауарлардың сапасы, бумасының, ыңғайлы орауының болуы немесе жоқтығы;
 

      3) мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi;
 

      4) әдетте мәмiлелердiң осы түрiнде қолданылатын төлем жағдайлары, сондай-ақ бағаға ықпал етуi мүмкiн өзге де жағдайлар;
 

      5) өзара тәуелдi емес тұлғалар арасында мәмiлелер жасалған кезде қолданылатын дағдылы баға шегерiмдерi немесе бағаға үстеме ескерiледi. Атап айтқанда:
      тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) тұтынушы сұранымының маусымдық ауытқуы;
      тауарлардың сапасын немесе өзге де тұтыну қасиеттерiн жоғалтуы;
      тауарлардың жоғалтқан сапасын және/немесе өзге де тұтыну қасиеттерін iшiнара жақсартуы немесе қалпына келтiруi;
      тауарлардың жарамдылық немесе өткiзiлу мерзiмiнiң өтуi (өту күнінің жақындауы);
      ұқсас емес жаңа тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) рынокқа келуi кезiндегi, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жаңа рыноктарға шығуы кезiндегi маркетинг саясаты;
      тұтынушыларды тауарлардың тәжiрибелiк модельдерiмен және үлгiлерiмен таныстыру мақсатында оларды өткiзу қажеттiгi туғызған шегерiмдер мен үстемелер ескерiледi.
 

      2. Мәмiле жасау кезiнде қолданылатын бағаның осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларға сәйкес туындаған нарықтық бағадан ауытқу шамасы салық салу объектiлерiне түзету енгiзудi жүзеге асыруға негiз болмайды.

      9-бап. Нарықтық бағаны анықтау үшiн пайдаланылатын
             ақпарат көздерi

      1. Тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) нарықтық бағасын анықтау үшiн кез келген ақпарат көздері, оның iшiнде:
 

      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) нарықтық бағасы туралы ресми түрде танылған ақпарат көздерi;
 

      2) биржалық баға белгiленiмi туралы ресми түрде танылған дерек көздерi;
 

      3) мәмiлеге қатысушылар уәкілетті органдарға беретін ақпарат пайдаланылады.
 

      2. Сыртқы сауда мәмiлелерi кезінде нарықтық бағаны анықтау үшiн Қазақстан Республикасының заңдары халықаралық шарттар, сондай-ақ уағдаласушы мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен келісілген нарықтық бағаны анықтау әдістері қолданылады.
 

      3. Нарықтық бағалар жөнiндегi ресми ақпарат көздерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi .

      10-бап. Салық қызметi органдары мен кеден
              органдарының өзара қатынастары

      Мәмiлелер жасасу кезiнде нарықтық бағадан ауытқу фактiсi бойынша жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi жөнiнде тиiстi кеден органы болған ауытқушылықтар туралы салық қызметi органдарын хабардар етедi және заңдарға сәйкес салықты, өсiмдi және айыппұлды есептеу үшiн оларға тексеру материалдарын бередi.

      11-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде
              мемлекеттiк бақылау жөнiндегi заңдардың
              бұзылғаны үшiн жауаптылық

      Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапты болады.

      12-бап. Уәкілетті органдардың шешімдеріне шағым жасау

      Уәкілетті органдардың шешімдеріне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      13-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

      Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті