Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 556 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5860 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Алматы қаласын энергиямен жабдықтаудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 660 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы "Алматы қаласын" деген сөздерден кейін "және Алматы облысын" деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспеде "Алматы қаласының" деген сөздерден кейін "және Алматы облысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі - "Самұрық-Қазына" АҚ) және "Алатау Жарық компаниясы" (бұдан әрі - Қоғам) акционерлік қоғамдарының:";
      екінші абзацта:
      "Алматы қаласының" деген сөздерден кейін "және Алматы облысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Самұрық" холдингі" АҚ-ның" деген сөздер "Самұрық-Қазына" АҚ-ның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Алматы қаласының әкімі, "Самұрық" холдингі" АҚ" деген сөздер "Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов