Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 шiлдедегі № 3051 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Парламент қабылдаған, Парламент Палатасы (палаталары) Төрағасының (төрағаларының) және Премьер-Министрдiң алдын ала қойылған қолдарымен тиянақталған Қазақстан Республикасының Заңы қазақ және орыс тілдерінде Парламент Палатасының тиісті Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасы Президентiнің қол қоюына енгізіледі. Егер заңмен халықаралық шарт ратификацияланатын болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi.";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Республика Президенті Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Президенті Парламентте қарсылықтарды қарау барысында Парламент депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерінің) нақтыланған редакциясын енгізуге құқылы. Заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) редакциясын нақтылау қажеттiгi туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына Президент Әкiмшiлiгi бередi.";
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары бекітілсін (қоса беріліп отыр).";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының қабылданып қойған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының не оның орнындағы адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Үкімет Аппараты бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігін Үкіметтің заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы хабардар етеді.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әзірленген және тиісті түрде ресімделген заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарында заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну үшін белгіленген мерзім басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, келісуге ұсынылады. Заң жобаларын Президент Әкімшілігіне келісуге ұсыну мерзімі жөніндегі талап Бюджет кодексін іске асыру үшін жыл сайын әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды. Бұл ретте құжаттар топтамасында заң жобасымен бipгe заң жобасын жан-жақты қарауға қажетті барлық материалдар (құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және қаржылық негіздеме, сараптама қорытындылары және т.б.) болуға тиіс.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Заң жобасы Президент Әкімшілігіне ұсынылғаннан кейін оны Бөлім және Президент Әкімшілігінің өзге де мүдделі құрылымдық бөлімшелері, Мемлекет басшысының тиісті көмекшілері мен кеңесшілері пысықтайды.
Президент Әкімшілігінде заң жобасына сараптама жүргізу және ол бойынша қорытынды дайындау мерзімі ол Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл ретте конституциялық заңдардың жобалары, кодекстердің жобалары және кодекстерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобалары бойынша мұндай мерзім 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Президент Әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша сараптама жүргізу және олар бойынша қорытынды дайындау мерзімі, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, олар Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Заң жобасына сараптама жасалып, Бөлімнің (бөлімдердің), Президент көмекшілері мен кеңесшілерінің тиісті қорытындылары дайындалғаннан кейін материалдар айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, одан әрі пысықтау үшін Әкімшілік басшылығының қолы қойылып, Үкімет Аппаратына жіберіледі. Аталған қорытындылар олардың көшірмелерін жіберу арқылы Президенттің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігінің назарына жеткізіледі.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 3-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленген заң жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |