Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат немесе мертiгу салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 114 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

     Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін қарауды жеңілдету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылдың 17 мамырындағы N 91 "Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін және Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттық тексерудің үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" бұйрығына (нормативті-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2891 нөмірімен тіркелген) келесі қосымша енгізілсін:
     Бұйрықпен бекітілген Пайдаланушы сертификатын алу, Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге өзгеріс енгізу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесінде:
     32-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға