"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 22, 27 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 20.12.2022 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасының интернет-ресурстарына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелерінің қызметкерлеріне таныстыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған күннен кейінгі күнтізбелік он күннің өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А.Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________ И.Тасмағамбетов
2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуіріндегі № 57 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау
Қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін реттейді (бұдан әрі - Қағидалар).
2. Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жазбаша түрде өтініш (бұдан әрі – өтініш):
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымға қабылдану жағдайында – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура);
2) Бас әскери прокурор тағайындайтын жағдайда – Бас әскери прокуратурасына ұсынылады.
3. Азамат өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру Ережелерінің 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тезтікпеге салып ұсынады және онда қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсетеді.
Азаматтар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Бұған дейін әскери қызметті өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған азаматтар, әйелдерді қоспағанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы білім беру ұйымында әскери дайындықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.
4. Өтініш прокуратура органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
5. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған азамат прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруші кандидат болып табылады (бұдан әрі – кандидат).
6. Прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесі өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидаттармен ұсынылған құжаттардың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және зерттейді.
7. Кандидаттың құжаттарын тексеру қорытындысы бойынша тиісті прокуратура органының басшысы прокуратура органдарына келісімшарт бойынша қызметке кіру үшін кандидатты іріктеуге жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы кандидатқа тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуіріндегі № 57 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің
Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру Ережесіне сәйкес әзірленді (бұдан әрі – әскери қызмет өткеру Ережесі).
2. Прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) келісімшарт бойынша азаматтарды әскери қызметке қабылдау Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар Тізбесінің негізінде бос лауазымға іріктеу тәртібінде іске асырылады.
3. Кандидаттарды іріктеу бойынша прокуратура органдарының қызметі ашық және жариялы түрде іске асырылады.
4. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеуді іріктеу комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) жүргізеді және келесі прокуратуралардың кадр жұмысы бөлімшелері (бұдан әрі – кадр жұмысының бөлімшелері):
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор) тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша;
2) Бас әскери прокуратура – Бас әскери прокурор тағайындайтын әскери лауазымдар бойынша қамтамасыз етеді.
5. Кандидаттарды іріктеуге қатысты шығындар (әңгімелесу, тестілеу, тағылымдама, куәландырудан өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үйді жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін қолдану және басқа да шығыстар) азаматтардың өз қаражаттары есебінен төленеді.
2. Іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметі
6. Кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) қарастыру мақсатында іріктеу комиссиясы құрылады (бұдан әрі – комиссия).
Комиссия алқалы орган болып табылады және прокуратура органдарындағы бос әскери лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады.
7. Комиссияның құрамы Бас прокуратурада Бас Прокурордың, Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың бұйрықтарымен бекітіледі.
Комиссияның құрамына төраға, оның орынбасары және бестен кем емес комиссия мүшелері кіреді.
Прокуратура органы басшысының шешімі бойынша оның орынбасарларының біреуі іріктеу комиссиясының төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
Комиссия жұмысының орындалуын кадр жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы қамтамасыз етеді.
8. Комиссияның төрағасы комиссияны басқарады, оның жұмысын үйлестіреді, комиссия мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі, күн тәртібін, отырыстың өткізілу орны мен уақытын белгілейді, іріктеуге келетін кандидаттардың тізімін бекітеді.
9. Комиссия төрағасының орынбасары комиссия отырыстарын дайындау мен өткізуге бақылау жүргізеді, төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
10. Комиссия мүшелері:
1) құзыреттеріне кіретін сұрақтарды қарастыруда бейтарап және әділ болуды;
2) өздеріне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты белгілі болған кандидаттар туралы жеке деректер мен басқа да ақпараттарға қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауды;
3) шешім қабылданып жатқан кандидаттың іріктеу мәліметтерін қарастыру барысында, егер ол комиссия мүшесінің жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуды;
4) хаттамалық шешімдерге өз қолын қоюды, комиссия қызметіне қатысты төрағаның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
11. Комиссияның хатшысы:
1) іріктеу комиссиясының қарауына түскен кандидаттардың құжаттарымен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады, олар туралы төрағаға баяндайды, комиссия мүшелерін құжаттармен таныстырады;
2) комиссия мүшелеріне отырыстың өткізілу орны мен уақыты туралы хабарлайды;
3) кандидаттарды комиссияның отырысына және әңгімелесуге шақыруды қамтамасыз етеді;
4) комиссияның іс-қағаздарын жүргізеді, отырыстың хаттамасын дайындайды, комиссия қабылдаған шешімдерге өз қолын қояды, сондай-ақ комиссия шешімінің орындалуын бақылайды;
5) комиссияның қызметіне қатысты төрағаның тапсырмаларын орындайды.
12. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесі кандидатқа қатысты прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алуға кедергілердің бар-жоқтығы туралы анықтаманы комиссия отырысына ұсынады.
13. Комиссия құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, комиссия отырысы заңды болып есептеледі. Іріктеу комиссиясының жоқ мүшелерінің орнын уақытша ауыстыруға рұқсат етілмейді.
Комиссия мүшелері күн тәртібімен комиссияның отырысы басталғанға дейін үш күн бұрын танысады.
Комиссияның жұмысына қатысу үшін кандидаттарды іріктеу жүргізіліп жатқан, бос лауазымдары бар бөлімшелердің басшылары шақырылуы мүмкін, олардың пікірлері ұсынымдық сипатта болады.
14. Кандидаттың прокуратура органдарында келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру үшін психологиялық жарамдылық деңгейін анықтаудың нәтижелері мен міндетті арнайы тексеріс қорытындылары дайын болған жағдайда комиссияның қорытынды отырысы өткізіледі.
15. Комиссия отырысы келесі тәртіп бойынша өткізіледі:
1) комиссия төрағасының отырысты ашық деп жариялауы;
2) комиссия хатшысының отырыстың күн тәртібі мен кандидаттың білім деңгейін, әскери лауазымның әскери-есептік мамандығын, оның талаптарға сәйкес дене шынықтыру даярлығын, қызметке қажетті кәсіби жарамдылығын тексерудің нәтижелерін жариялауы;
3) кандидатпен әңгімелесу;
4) комиссия мүшелерінің пікірлерін тыңдау;
5) дауыс беру мен шешім қабылдау;
6) кандидатқа қабылданған шешім туралы хабарлау.
Әңгімелесу әр кандидатпен жеке түрде өткізіледі және техникалық құрал-жабдықтар арқылы жазылады, бұл туралы кандидатқа алдын-ала хабарланады.
Комиссия мүшелерінің талқылаулары мен дауыс берулері бөгде тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
16. Комиссия шешімі оған қатысқан мүшелерінің көпшілігінің даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Комиссия хатшысының дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ұсыну және лауазымға тағайындау;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервке енгізуге ұсыну;
3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруден бас тарту.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша төраға қабылданған шешім туралы әрбір кандидатқа хабарлайды.
18. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервке енгізуге іріктеу комиссиясы ұсынған кандидаттар, тиісті әскери-есептік мамандығына сәйкес әскери лауазымның санаты бойынша алынады.
19. Резервке енгізу туралы комиссияның ұсынымдары әрбір бос лауазым үшін үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты шығарылады.
20. Резервке енгізу іріктеу комиссиясы шешім шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей прокуратура органы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
21. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттардың резервте тұру мерзімі, ол енгізілген күннен бастап бір жыл.
22. Комиссия отырысына дәлелді себептермен (ауырып қалған жағдайда, отбасы немесе басқа жағдайларға байланысты) келмеген кандидатпен әңгімелесу келесі отырыста өткізіледі.
Кандидаттың дәлелді себепсіз қорытынды отырысқа келмеуі прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
23. Шешім еркін нысанда хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, комиссияның мүшелері мен хатшысы қол қояды.
Отырыстың хаттамасында әрбір кандидатқа қатысты шешім көрсетіледі. Комиссия мүшесінде ерекше пікір болған жағдайда, ол міндетті түрде жазбаша көрсетіледі және отырыс хаттамасына қоса тіркеледі.
3. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі шаралар
24. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу әскери лауазымға сәйкес әскери-есептік мамандық бойынша бос орын пайда болуына қарай жылына кемінде бір рет өткізіледі және келесі тәртіпте іске асырылады:
1) медициналық куәландырудан өту;
2) дене шынықтыру даярлығының деңгейіне сәйкестікті анықтау;
3) кәсіби даярлық деңгейін және әскери лауазымға тағайындау үшін қаралып отырған әскери-есептік мамандыққа (білімге) сәйкестікті анықтау;
4) психологиялық жарамдылыққа тексерістен өту.
25. Кадр жұмысының бөлімшелері прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу кезінде әскери есеп, медициналық куәландыру, психологиялық даярлыққа тексеру мәселелері бойынша жергілікті әскери басқару органдарымен өзара әрекеттеседі (бұдан әрі – ЖӘБО).
26. Кандидатты іріктеуге жіберген жағдайда, кадр қызметі бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, әскери есепке алыну (тіркелу) орны бойынша ЖӘБО-ға кандидатқа жолдама береді, кандидаттың құжаттарын міндетті арнайы тексеріс жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданушы кандидаттарға ЖӘБО-ға жолдамаларды беру осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес Есепке алу және беру журналындағы (бұдан әрі - Журнал) жазба негізінде жүзеге асырылады.
Журнал нөмірленген, баумен байланған, мөр басылған және кадр жұмысының бөлімшесінің басшысы қол қойған болуы тиіс.
Кандидатқа жолдаманы беру кезінде, құрылымдық бөлімше индексінен, Журналдың реттік нөмірінен және оны берген жылдың соңғы екі санымен қоса нөмір беріледі (мысалы, 6/1-14).
Журнал прокуратура органының мұрағатында сақталады және істердің бекітілген номенклатурасы бойынша белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жойылуға жатады.
27. Әскери қызмет өткеру Қағидаларының 21-тармағында көрсетілген кандидатпен ұсынылған құжаттар және кадр жұмысы бөлімшесінің жолдамасы негізінде ЖӘБО:
1) кандидаттың жеке ісін рәсімдейді;
2) медициналық куәландыруды ұйымдастырады;
3) психологиялық жарамдылыққа тексеру жүргізеді.
28. Кандидатты медициналық куәландыру Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
29. ЖӘБО-ның медициналық куәландыру қорытындылары кандидаттың жеке ісіне қосылады және бес жұмыс күні ішінде жолдама берген прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесіне жіберіледі.
30. Әскери қызметті өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған кандидат, ЖӘБО-дан жеке ісін кадр жұмысы бөлімшесі алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде дене шынықтыру даярлығы бойынша тексеруден өтеді.
Дене шынықтыру даярлығын тексеруді өткізу орны мен уақыты туралы кандидатқа кадр жұмысы бөлімшесі, ол басталғанға дейін бес жұмыс күні бұрын хабарлайды.
31. Кандидаттың дене шынықтыру даярлығын тексеру кадр жұмысы бөлімшесіне жүктеледі және дене шынықтыру даярлығы бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаның (нұсқаушы) және іріктеу комиссиясының кем дегенде үш мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.
32. Дене шынықтыру даярлығының жағдайын тексеру прокуратура органдарына әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданатын кандидаттардың жас ерекшелік тобы ескеріліп, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша жүзеге асырылады.
Кандидаттың дене шынықтыру даярлығын тексеру прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын кандидаттар (ер, әйел) үшін дене шынықтыру даярлығын бағалау бойынша бақылау нормативтеріне сәйкес күштік, жылдамдық және шыдамдылық дейгейлерін анықтаудан және прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын кандидаттардың дене шынықтыру жаттығуларын осы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес орындау жағдайынан тұрады.
33. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелері мен бағалары бақылау нормативтерін тапсыру тізімдемесінде (бұдан әрі – тізімдеме) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетіледі.
Тексеріске белгіленген барлық жаттығуларды кандидат бір жұмыс күні ішінде орындайды және техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленіп отырады, бұл туралы кандидатқа ескертіледі.
34. Жаттығуды жасау үшін бір мүмкіндік беріледі, ал жекелеген жағдайларда (үзіліп кетсе, құлап қалса) кандидатқа жаттығуды қайта жасауға рұқсат етіледі. Алынған бағаны жақсарту мақсатында жаттығуларды жасауға жол берілмейді.
Тексеріс барысында жаттығулар келесі ретпен орындалады: жылдамдыққа арналған жаттығулар, күш жұмсап орындалатын жаттығулар, шыдамдылықты сынауға арналған жаттығулар.
Кандидаттың дәлелді себептерсіз жаттығуды жасаудан бас тартуы "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.
Кандидат уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама немесе парақша арқылы расталған жарақат немесе науқастығына байланысты жаттығуды орындау мүмкін болмайтын жағдайда, нұсқаушы оның орнына басқа жаттығуды ұсынады.
Тексеруге дәлелді себептерсіз келмеген кандидат немесе тексеру орнына ол аяқталғаннан кейін келген кандидат "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады.
Кандидаттың дене шынықтыру даярлығы деңгейінің жалпы бағасы оның үш норматив – күштік, жылдамдық және шыдамдылық деңгейі бойынша орындаған бағаларының қосындысынан тұрады және ол келесідей анықталады:
1) "өте жақсы" – екі "өте жақсы" және бір "жақсы" деген бағалар болған жағдайда;
2) "жақсы" – екі "жақсы" және бір "қанағаттанарлық" деген бағалар болған жағдайда;
3) "қанағаттанарлық" – егер бір "қанағаттанарлықсыз" бағасы болған жағдайда, "қанағаттанарлық" деген екі бағаға рұқсат етіледі.
Дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелер мен бағалар кандидаттардың қолдарын қою арқылы танысатын тізімдемеде көрсетіледі. Кандидаттың қолы қойылған тізімдеме оның жеке ісіне тіркеледі.
35. Кандидат дене шынықтыру даярлығы бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, оның кәсіби дайындық деңгейі және қарастырылып отырған әскери лауазымға тағайындау үшін оның әскери-есептік мамандығына (білімге) сәйкестігі анықталады, ол мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасы туралы білімін компьютерлік тестілеу және логикалық ойлау (бұдан әрі – тестілеу);
2) тағылымдама.
36. Қатардағы, сержанттық және офицерлік құрамдардың әскери лауазымдарына тағайындау үшін қарастырылатын кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратура осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес компьютерлік тестілеу бағдарламасына сай заңнаманың өзгеру жағдайына байланысты мерзімді түрде жаңартылып отыратын, арнайы әзірленген сұрақтар бойынша кандидаттың қалауымен қазақ немесе орыс тілдерінде "он-лайн" режимінде немесе Бас прокуратураның компьютерлік тестілеу залында жүргізілуі мүмкін.
37. Кадр жұмысы бөлімшесі дене шынықтыру даярлығын тексерудің нәтижелерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тестілеуге жіберілетін кандидаттардың тізімін рәсімдейді және ол тестілеудің орны мен уақытын келісу үшін Бас прокуратураға жолдайды.
Тізімде келесі мәліметтер көрсетіледі: кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты) нөмірі мен берілген күні, лауазымдық санатының құрамы, тестілеуді өткізу орны.
Бас прокуратураның кадр жұмысы бөлімшесі кандидаттарға арнап логиндер мен құпиясөздер жасақтайды, тестілеуді өткізу кестесін дайындайды, осыдан кейін осы мәліметтер прокуратура органдарының кадр жұмысы бөлімшелеріне жолданады.
Тестілеу өтетін күн, уақыт және орын туралы тестілеу басталғанға дейін, кемінде бес жұмыс күні бұрын кадр жұмысы бөлімшесі кандидаттарға хабарлайды.
38. Тестілеуді жүргізу объективтілігі шарттардың стандарттығы, уақыты, автоматтық есептелуі мен тестілердің мазмұнымен қамтамасыз етіледі. Тестілеу процесі аудио-бейне хаттама жасау мен техникалық байланыс құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі, ол туралы кандидатқа ескертіледі.
ЖСН бар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін өзімен бірге әкелген кандидат тестілеуге жіберіледі.
Тестілеу уақытында кандидаттарға басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы ақпараттарды (соның ішінде ұялы телефондарды, қалта дербес компьютерлерін және басқа да электронды құрылғыларды) пайдалануға, тестілеу аяқталғанға дейін бөлмеден шығуға тыйым салынады.
Кандидат тестілеуге дәлелді себептермен келмеген жағдайда, сонымен бірге тестілеу уақытында өзін жайсыз сезінген жағдайда, бұл туралы алдын-ала тестілеу өткізудің басталуына дейін кадр жұмысы бөлімшесінің өкіліне хабарланады, осындай тұлғалардың тестіленуі осы күн ішінде басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні жүргізіледі.
Осы тармақтың талаптарын бұзған кандидат, сонымен бірге тестілеуге дәлелсіз себептермен келмеген кандидат қайта тестілеуге алты ай мерзім өткеннен кейін ғана жіберіледі.
39. Офицерлік құрамдағы лауазымдарға ниет білдірген кандидаттар үшін тестілеу бағдарламасы бойынша тестілерді орындауға берілетін уақыт 90 минутты (120 сұрақтар), қатардағы және сержанттық құрамдар – 90 минутты (90 сұрақтар) құрайды.
Тест бойынша өту мәні тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша дұрыс жауаптардың саны жалпы сұрақтардың санынан 70% кем болмауы керек.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 28.09.2016 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Тестілеу аяқталғаннан кейін кадр жұмысы бөлімшесінің өкілі кандидатқа тестілеудің нәтижелерін қол қою арқылы таныстырады. Кандидаттың қолы қойылған тестілеу нәтижелерінің бір данасы оның жеке ісіне тіркеледі.
Өту мәнінен кем емес баға алған кандидаттың тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі.
Кандидат тестілеуден өту мәнінен төмен баға алған жағдайда, ол алдағы тестілеу күнінен бастап үш ай өткеннен кейін тестілеуден қайта өтуге құқылы.
41. Денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында әскери қызметтен өтуге және дене шынықтыру даярлығы бойынша тиісті талаптарға жарамды деп танылған, компьютерлік тестілеу нәтижесінде өту мәнінен кем емес баға алған және прокуратура органдарына әскери қызметке кіру үшін еш кедергілердің жоқтығы туралы міндетті арнайы тексерістің қорытындысын алған кандидат тестілеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтуге жолданады.
Кадр жұмысы бөлімшесі тағылымдаманың орны мен жетекшісін белгілейді.
42. Тағылымдамадан өту мерзімі:
1) офицерлік құрамдағы лауазымдарға кандидаттар үшін – бір ай;
2) қатардағы және сержанттық құрамдағы лауазымдарға кандидаттар үшін – он жұмыс күні;
3) бұған дейін құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда аға және орта басшы құрамның лауазымдарында қызмет атқарған, сыныптық шендерге, әскери немесе арнайы атақтарға ие және (немесе) әскери атақтары бар офицерлік құрамдағы әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған кандидаттар үшін – он жұмыс күні болады.
43. Тағылымдаманың жетекшісі:
1) Осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес кандидатты тағылымдамадан өткізудің Үлгілік жоспары бойынша тағылымдаманың жеке жоспарын дайындап, бекітеді;
2) кандидатты оның функционалдық міндеттері мен прокуратура органы қызметінің ұйымдастырылуымен таныстырады;
3) тағылымдаманың жеке жоспарымен қарастырылған мәселелерді зерттеуде қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
4) тағылымдаманың жеке жоспарының мерзімді орындалуын қадағалайды.
44. Кандидат тағылымдама барысында:
1) тағылымдаманың жеке жоспарында көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындайды;
2) белгіленген күн тәртібі мен еңбек тәртібін сақтайды;
3) орындалған жұмыс есебін жүргізеді;
4) тағылымдама барысында алған ақпаратты жария етпейді;
5) тағылымдама жетекшісінің тапсырмалары шегінде әрекет етеді, мемлекеттік құпияларға рұқсатты талап ететін режимдік нысандарда жүргізілетін іc-шараларды, сондай-ақ оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, барлық прокуратура органдарында өтетін іс-шараларға қатысады;
6) қызметтік мүлік пен техникалық құралдарға ұқыпты қарайды;
7) киінуде іскерлік стильді ұстанады.
45. Тағылымдама мерзімі аяқталғаннан кейін кандидат тағылымдаманың жеке жоспарын орындаудың нәтижелері баяндалатын жазбаша есеп дайындайды. Есепке кандидат дайындаған және жетекшімен расталған құжаттардың жобалары тіркеледі.
46. Тағылымдама нәтижелері бойынша жетекші кандидатқа мінездеме жазады.
Мінездемеде теориялық білімі мен тәжірибелік жұмыс дағдыларына баға беріліп, кандидаттың адамгершілік және іскерлік қасиеттері, оның еңбек және орындаушылық тәртіпке деген көзқарасы, сондай-ақ кандидаттың жеке тұлғасын сипаттайтын басқа да деректер көрсетіледі.
Тағылымдама жетекшісі кандидат тағылымдамасының мәліметтерін (есеп, сипаттама) кадр жұмысы бөлімшесіне тағылымдама аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей ұсынады.
47. Кандидат тағылымдамадан келесі жағдайларда өтпейді:
1) осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген талаптардың біреуі бұзылса;
2) тағылымдамадан өту орнында дәлелді себептерсіз бір жұмыс күні ішінде үш немесе одан да көп сағат бойы болмаса.
Сонымен бірге, тағылымдама жетекшісі кандидаттың тағылымдаманың жеке жоспарын бұзғаны туралы жазбаша баянат дайындайды. Оны тез арада кадр жұмысы бөлімшесіне ұсынады.
Тағылымдаманың жеке жоспарын бұзу туралы баянат жазылған кандидат тағылымдамадан қайта өтуге жіберілмейді.
Кандидат дәлелді себептермен келмеген жағдайда, тағылымдаманың мерзімі ол болмаған күндеріне ұзартылады, бірақ ұзартылу мерзімі он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Кандидат тағылымдамадан өту орнында жоғарыда аталған мерзімнен көп уақыт болмаған жағдайда, тағылымдама мәліметтері күшін жойып, тағылымдамадан қайта өту мүмкіндігі іріктеу комиссиясында қарастырылады.
48. Кадр жұмысы бөлімшесі тағылымдама мәліметтерін кандидаттың жеке ісіне тіркейді.
49. Тағылымдаманың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде кадр жұмысы бөлімшесі кандидатты психологиялық жарамдылыққа тексеруден өтуге жібереді.
Психологиялық іріктеуге қатысты іс-шараларды, кандидаттың әскери есеп (тіркелу) орны бойынша ЖӘБО-ның психологиялық қызметінің тиісті маманы жүргізеді.
50. Психологиялық іріктеу барысында кандидаттың интеллектуалдық даму деңгейі, әскери қызметтен өту үшін психологиялық жарамдылығы, ақыл-ойының орамдылығы мен шапшаңдығы, тіл тапқыштығы мен басқа қасиеттері бағаланады.
Психологиялық іріктеу барысында келесі міндеттер шешіледі:
1) әлеуметтік бейімделе алмау мен жүйке-психикалық тұрақсыздықтың белгілерін анықтау;
2) белгілі бір лауазымдық және қызметтік құзыреттерге сәйкес дағдылардың бар болуын және даму деңгейін анықтау;
3) белгілі бір лауазымдық және қызметтік құзыреттерді орындауға қажетті психикалық қасиеттер мен тұлғалық сипаттамалардың сәйкестілік дәрежесін анықтау.
51. Психологиялық іріктеудің нәтижелері бойынша кандидаттың келісімшарт бойынша нақты әскери лауазымдарында әскери қызмет етуге жарамдылығы туралы төмендегі қорытындылардың біреуі жасалады:
1) "ұсынылады";
2) "шартты түрде ұсынылады";
3) "ұсынылмайды".
Кандидат "шартты түрде ұсынылады" деген қорытындыны алған жағдайда, оған психологиялық іріктеуден қайта өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл іріктеудің нәтижелері бойынша осы тармақтың 1) немесе 3) тармақшаларында белгіленген қорытындылардың біреуі шығарылады.
Психологиялық қайта іріктеудің уақытын психологиялық жарамдылыққа тексеру жүргізген маман белгілейді.
Прокуратура органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін психологиялық жарамдылық деңгейін анықтаудың нәтижелері кандидаттың жеке ісіне тіркеледі.
4. Қорытынды ережелер
52. Комиссияның шешімі жоғары тұрған прокуратура органына (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағымдалуы мүмкін.
Комиссия шешіміне шағым беру, бұл мәселе мәні бойынша түпкілікті қаралғанға дейін кандидатқа қатысты қорытындыны іске асыруды тоқтата тұрады.
53. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге арналған резервтен прокуратура органдарына әскери қызметке қабылдау, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қорытындысы негізінде, келісімшарт жасау туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығару және кандидатты тиісті әскери лауазымға тағайындау жолымен бос орын пайда болған жағдайда жүргізіледі.
54. Кадр жұмысы бөлімшесі жеке құрам бойынша бұйрық шығарғаннан кейін оны кандидаттың әскери есепке алу орны бойынша ЖӘБО-ға жібереді.
55. Кандидаттар келесі негіздердің бірі бойынша:
1) прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруден, сондай-ақ ұсынылған әскери лауазымға тағайындаудан жазбаша түрде бас тартқан;
2) қызмет орнына жолдама (ұйғарым) алу үшін кадр жұмысы бөлімшесінің шақыртуы бойынша бес күн ішінде дәлелді себепсіз келмеген;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
4) басқа құқық қорғау, әскери және арнайы органдарға қызметке кірген;
5) прокуратура органдарына әскери қызметке кіруге бөгет жасайтын кандидаттарды тізімге қою туралы шешім қабылдаған кезде болмаған немесе осыған дейін белгісіз болған қосымша мәліметтер анықталған;
6) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлық және басқа құқық бұзушылықтар, қылмыс (теріс қылық) жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
7) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервтегі бір жыл мерзім аяқталған жағдайда келісімшарт арқылы әскери қызметке кіру үшін резервтен алынып тасталады.
Осы тармақтың 1), 2) және 7) тармақшаларында көзделген негіздерге сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервтен алынып тасталған кандидат, прокуратура органдарына келісімшарт бойынша қызметке қабылдау үшін азаматтардың ішінен осы Қағидаларда белгіленген жалпы негізде қайта іріктеуден өтеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервтен алып тастау туралы кадр жұмысы бөлімшесі оның негіздерін көрсете отырып, кандидатқа хабарлайды.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау Қағидаларына 1-қосымша |
нысан
(Кімге)_______________________________________
прокуратура органының (ведомствоның, мекеменің)
басшысы
______________________________________________
(Кімнен)______________________________________
азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________________________
туған күні, айы, жылы
_______________________________ тұрғылықты жері
Өтініш
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволарына, мекемелеріне) келісімшарт бойынша ___________ жылға (уақытқа) әскери қызметке кіру және бос әскери қызметке (лауазым атауы) тағайындау үшін ___________________________________________________________. менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволықтарына, мекемелеріне) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өту тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызметтен өту Ережелерінің 21-тармағына сәйкес осы өтінішке қоса ұсынылған құжаттардың түпнұсқаға сай екендігін растаймын.
Қосымша:______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________
қолы, күні
нысан
__________________________________________
(жергілікті әскери басқару органының атауы)
__________________________________________
ЖОЛДАМА № ______
Келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтуге жарамдылығын анықтау мақсатында
_______________________________________________________лауазымына әскери лауазымның атауы
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (ведомстволарына, мекемелеріне) қызметке кіретін кандидат ретінде
__________________________________________________________________
азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туған күні, айы, жылы жеке ісін ресімдеу үшін және медициналық куәландырудан (психологиялық тексеруден) өту үшін жіберіледі.
Суреті 3х4 | Жіберіліп отырған үміткерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызметтен өту Ережелерінің 21-тармағында тізімделген құжаттарды ұсынуға міндетті екендігі ескертілді. |
М.О. Кадр жұмысы бөлімшесінің басшысы __________________
қолы, тегі
Жолдаманың берілген күні _____________________
Атқарушы _____________________________________
лауазымы, тегі, телефоны
нысан
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды тіркеу және жолдама беру
Журналы
№ р/н | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы | Қай ЖӘБО жолдама берілді | Берілген күні | Күні және алған жағдайда кандидаттың қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ЖӘБО-нан кандидаттың жеке ісінің келгендігі туралы белгі | Медициналық куәландыру қорытындылары (құжаттың нөмірі және күні) | Психологиялық тексеру қорытындылары (құжаттың нөмірі және күні) | Ескертпе |
6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе: ЖӘБО – жергілікті әскери басқару органы
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша жас топтары
№ | Жас тобы | Жасы, жынысы | |
Ерлер | Әйелдер | ||
1 | I-топ | 25 жасқа дейін | 25 жасқа дейін |
2 | II-топ | 25 - 29 жас | 25 - 29 жас |
3 | III-топ | 30 - 34 жас | 30 - 34 жас |
4 | IV-топ | 35 - 39 жас | 35 - 39 жас |
5 | V-топ | 40 - 44 жас | 40 және одан жоғары |
6 | VI-топ | 45 - 49 жас |
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға арналған (ерлер) дене шынықтыру дарлығын бағалау бойынша бақылау нормативтері
№ р/с | Жаттығулардың атауы | Баға | Жас топтары | |||||
I | II | III | IV | V | VI | |||
Күш дайындығының деңгейі | ||||||||
1 | Турникке тартылу (саны ретпен) | өте жақсы | 15 | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 |
жақсы | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 | 3 | ||
қанағаттанарлық | 11 | 9 | 7 | 5 | 3 | 2 | ||
Жылдамдық дайындығының деңгейі | ||||||||
2 | 100 метрге жүгіру (секунд) | өте жақсы | 13.9 | 14.0 | 14.8 | 15.4 | ||
жақсы | 14.4 | 14.5 | 15.4 | 16.0 | ||||
қанағаттанарлық | 15.2 | 15.3 | 16.2 | 16.8 | ||||
Орнынан ұзындыққа секіру (сантиметр) | өте жақсы | 200 | 195 | |||||
жақсы | 195 | 190 | ||||||
қанағаттанарлық | 190 | 185 | ||||||
Төзімділік деңгейі | ||||||||
3 | 1000 метрге жүгіру (минут/секунд) | өте жақсы | 3.40 | 4.00 | 4.20 | 4.40 | 5.00 | 5.20 |
жақсы | 4.00 | 4.20 | 4.40 | 5.00 | 5.20 | 5.40 | ||
қанағаттанарлық | 4.20 | 4.40 | 5.00 | 5.20 | 5.40 | 6.00 |
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға арналған (әйелдер) дене шынықтыру даярлығын бағалау бойынша бақылау нормативтері
№ п/п | Жаттығулардың атауы | Баға | Жас топтары | ||||
I | I | I | |||||
Күш дайындығының деңгейі | |||||||
1 | Шалқасынан жатқан қалпында кеудені көтеру (саны ретпен) | өте жақсы | 35 | 30 | 25 | 20 | 15 |
жақсы | 30 | 25 | 20 | 15 | 10 | ||
қанағаттанарлық | 25 | 20 | 15 | 10 | 5 | ||
Жылдамдық дайындығының деңгейі | |||||||
2 | 100 метрге жүгіру (секунд) | өте жақсы | 16.6 | 17.2 | |||
жақсы | 17.2 | 17.8 | |||||
қанағаттанарлық | 18.0 | 18.6 | |||||
3 | Орнынан ұзындыққа секіру (сантиметр) | өте жақсы | 165 | 160 | 150 | ||
жақсы | 160 | 155 | 135 | ||||
қанағаттанарлық | 155 | 150 | 115 | ||||
Төзімділік деңгейі | |||||||
4 | 1000 метрге жүгіру (минут/секунд) | өте жақсы | 4.00 | 4.25 | 4.55 | 5.25 | 5.50 |
жақсы | 4.25 | 4.50 | 5.20 | 5.50 | 6.15 | ||
қанағаттанарлық | 4.35 | 5.15 | 5.45 | 6.15 | 6.40 |
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттығуларды орындау шарттары
1. Күш дайындығы:
Ерлер үшін турникке тартылу бастапқы тұрған қалпында аяғын жерге тигізбей, (тік) асылуы қажет. Жаттығу иегімен грифке тиген кезде жасалды деп саналады. Асылып тұрған қалпында 5 сек. артық демалуға (тоқтауға) және теңселіп барып тартылуға болмайды.
Әйелдер үшін денені көтеру шалқасынан жатқан қалпында қолдарының саусақтары иығында, аяқтары тік жатқан қалпы (біраз бүгуге рұқсат беріледі), бастапқы қалпына қайтқан кезде жауырын еденге тиюі тиіс.
Кешенді күш жаттығуы (ККЖ) ерлер мен әйелдер үшін бір минут ішінде орындалады.
2. Жылдамдыққа дайындық:
Ерлер мен әйелдер үшін 100 метрге жүгіру стадионның жүгіру алаңында немесе кез - келген тегіс жерде төменгі қалыпта орындалады.
Орнынан ұзындыққа секіру сөре сызығынан екпінмен екі аяқпен бірдей секіру арқылы орындалады. Секіргенге дейін еденнен аяқты алуға рұқсат берілмейді. Нәтижесі бақылау сызығынан оған жақын жатқан жерге секіріп түскен нүктеге дейінгі арақашықтықпен өлшенеді. Өлшеу еденге дененің кез-келген бөлігі тиген нүктеден бастап жүргізіледі.
3. Төзімділік:
1000 метрге жүгіру (кросс) ерлер мен әйелдер үшін сөресі мен мәресі бір жерде жабдықталған стадионның жүгіру алаңында немесе кез-келген тегіс жерде жоғары қалыпта орындалады.
нысан
________________ прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттың дене шынықтыру даярлығы бойынша бақылау нормативтерін тапсыру
ТІЗІМДЕМЕСІ
№ р/н | Тегі, аты, әкесінің аты | Жынысы (ер/әйел) | Жасы (толық жасы) | Тобы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бақылау нормативтерін тапсыру нәтижелері | Жалпы баға | ||
күш дайындығы бойынша | жылдамдық дайындығы бойынша | төзімділік деңгейі бойынша | |
6 | 7 | 8 | 11 |
Комиссия мүшелері:
лауазымы, атағы ___________________________________________
қолы, тегі
лауазымы, атағы ___________________________________________
қолы, тегі
лауазымы, атағы ___________________________________________
қолы, тегі
Жаттықтырушы: _____________________________________________
қолы, тегі
"___" __________ 20 ___ ж.
Дене дайындығы бойынша нәтижелермен және бағалармен таныстым.
___________________________________________
кандидаттың қолы, тегі, күні
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды компьютерлік тестілеуден өткізу бағдарламасы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 20.12.2022 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әскери лауазымдар | Бағдарлама | Тапсырмалар саны |
офицерлік құрам | Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Конституциялық заңын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (7 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (3 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" (5 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік Жарғысын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды | 120 сұрақ |
қатардағы және сержанттық құрам | Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіп Жарғысын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды | 90 сұрақ |
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды тағылымдамадан өткізудің
Үлгілік жоспары
№ | Іс-шараның атауы | Мерзімі |
1 | Теориялық білімі мен практикалық жұмыс тәжірибесінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында кандидатпен әңгімелесу өткізу; кандидатты қызметтік этика ережелерімен, ішкі тәртіп талаптарымен және прокуратура жұмысының тәртібімен таныстыру. | 1 күн |
2 | Прокуратура органдарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырумен, прокуратура туралы жұмыс регламентімен және ережесімен, қызметкерлер арасында функционалдық міндеттерін бөлумен, жұмысты жоспарлауды ұйымдастырумен, жиын өткізу тәртібімен, атқарушы тәртіп бойынша ведомстволық бақылау жасаумен таныстыру. | 1 күн |
3 | Прокуратура органдарында іс қағаздарын жүргізудің негізгі талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, азаматтарды, әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыруды білу. | 3 күн ішінде |
4 | Прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын бойынша заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін нақты және біркелкі қолдануды жеткізу; әскери органдардың қызметінде заңдылықты сақтау, прокурорлық жауап қайтару актілерін дайындау; әскери қызмет және әскери қызметкерлерді және олардың отбасыларын әлеуметтік қорғау саласында прокурорлық қадағалау ұйымының тәсілдерін үйрену, әскери қызмет және әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы қолдану бойынша дайындыққа, жоспарлауға, тағайындауға және өткізуге қатысу; заңнаманы қолдану бойынша прокурорлық дайындық материалдарының макетін құрастыру. | 5 күн ішінде |
5 | Іздеу, тергеу және жедел іздестіру қызметінің заңдылығы үшін прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын жеткізу; сотқа дейінгі кезеңде қылмыстық процестің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру тәсілдерін зерделеу, қылмыстық қудалау органдары қабылдаған процессуалдық шешімдердің заңдылығына тексеру жүргізу. прокурордың өкілеттіктерімен танысу; қылмыстық іс макетін құру. | 5 күн ішінде |
6 | Сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын жеткізу және мемлекет мүддесіне сотта өкілеттік ету; сотта прокурордың өкілеттіктерімен таныстыру; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау ұйымының тәсілдерін зерделеу; өткен материал қорытындылары бойынша макеттер құрастыру. | 5 күн ішінде |
7 | Атқарушылық өндірістің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурордың өкілеттіктерімен танысу; азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша өкімдерді, азаматтық арыз және басқа атқарушы құжаттарды орындау бөлімінде атқарушылық өндіріс материалдарын зерделеу. | 2 күн ішінде |
8 | Кандидаттың қызметтік дайындық бойынша, сондай-ақ прокуратура ұжымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысуын қамтамасыз ету. | тағылымдама мерзімі ішінде |
9 | Прокурорлық қадағалау сұрақтары жөнінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының істегі заңнама нормаларын, бұйрықтарын, нұсқауларын зерделеу бойынша кандидатты жеке өз бетінше дайындығын қамтамасыз ету. | тағылымдама мерзімі ішінде |
10 | Қорытындылау және тағылымдама нәтижелерінің жалпы бағасы. | 1 күн |
Тағылымдама жетекшісі: _____________________________________________
лауазымы, тегі, қолы
Таныстым:
____________________________________________________________________
кандидаттың тегі, қолы
"___"___________ 20____ ж.
Ескертпе: қатардағы және сержанттық құрамдағы лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттар үшін тағылымдама жоспары лауазымды болжамды ауыстыру бойынша атқарымдық міндеттері есебімен әзірленеді.