Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 369 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  228-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      "Дәрiлiк құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының" деген сөздерден кейiн ", Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі