Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы акцияларының қосымша эмиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 қарашадағы N 1145 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 41 374-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі