Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 199 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссиясының шешіміне (2006 жылғы 20 наурыздағы N 2 хаттама) сәйкес және құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4110 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 7 наурызда N 40 "Юридическая газетада" жарияланған) 1-тармағына мынадай толықтыру енгізілсін:
      "жылқышы құстарды" деген сөздерден кейін ", құрды, саңырау құрды" деген сөздер қосып жазылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
      2. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға