Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1117 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бөлiмшесi мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкiлi резиденциясының ғимаратын жобалау және салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 желтоқсандағы N 1282  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
      2-тармақта:
      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңы 24-1-бабының 6-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшадағы "сомада кезең-кезеңмен" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу және салу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен валюта айырбастаудың берiлетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша 870000 (сегiз жүз жетпiс мың) АҚШ долларына баламалы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі