«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 732 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 35, 317-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 желтоқсандығы № 1825 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 420 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 187-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 564-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы № 199 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 10, 96-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 385 қаулысы.