Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 684 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 433 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1) тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 549 Қаулысымен.

      2) 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 553қаулысымен.

      3) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы N 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 149-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Радиожиілiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:

      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi