"Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысына өзгерістер мен толық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1142 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарда:

      2-бөлімнің 1-тарауының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының мақсаты болып табылады.";

      2-бөлімнің 6-тарауында:

      сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесінде кемсітушілік дефиницияларды жоққа шығару мақсатында 2016 жылдан бастап медициналық-әлеуметтік мекемелер әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары болып қайта құрылды.

      Өмірдегі қиын жағдайдан шығу үшін жасалған жағдайлар мүгедектігі бар 748 баланы балалар интернат-үйлерінен отбасына қайтаруға; мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 867 ата-ананы жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес сектордың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету нарығына қатысуы 2009 жылғы 4 ҮЕҰ-дан 2018 жылы 177-ге дейін ұлғайды, бірақ үкіметтік емес сектор қызметтерді алушылардың шамамен 19 %-ына ғана қызмет көрсетеді. Жеке капитал үшін жүйеге қатысу бойынша ынталандыру тым аз, өйткені көрсетілетін қызметтердің құнын есептеудің экономикалық негізделген нормативтері және олардың нарықтық болмыспен өзара байланысы жоқ.

      Қолданыстағы өтініш беру тәсілінде жағдаймен жағымсыз үрдістердің өршуін еңсеруге мүмкіндік болатын ерте сатыларда жұмыс істеу мүмкіндігі ескерілмеген. Кеш жүгіну бірқатар жағдайда әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің жекелеген тұтынушыларының масылдығына әкеледі және әлеуметтік проблемалар мен отбасында өмірдегі қиын жағдайлардың сақталуына алып келеді. Мұны арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларды қамтудың пайызының төмен болуы растайды, ол 2020 жылы елде тұратын адамдардың жалпы санының 0,7 %-ын құрады (122 мың адам).

      Қызмет көрсету орталықтарын ашу үшін көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті болжамды есептеу тетігі жоқ. Сапасыз жоспарланған бюджеттің салдарынан жергілікті жерлерде алушыларға қызмет көрсетуден бас тартылатын жағдайлар бар.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингінің әдістемесі сандық көрсеткіштер бойынша ведомстволық статистиканы жинауға сайып келеді, қамтудың толықтығы, жоспарлы және нақты іске асырылған көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі, алушылардың қанағаттануы туралы сапалық көрсеткіштер жоқ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде қызмет көрсету сапасына әсері тұрғысынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процестерін сырттай бағалау (аккредиттеу) көзделмеген.";

      он үшінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік сүйемелдеудің толыққанды жүйесінің және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерінің болмауы алушыларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуде кедергілер туғызады.";

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақтаса қатысуына баса назар аудара отырып, әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық деңгейлерінде әрбір адамның қажеттіліктері ескерілетін әлеуметтік жұмыстың жаңа сапасын көздейді.";

      3-бөлімнің 2-тарауы 6-параграфының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі маңызды өзгерістер мынадай бағыттар бойынша болады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің өтініш беру форматынан проактивті форматына көшу.

      Қазақстанда отбасының цифрлық картасы енгізілуде. Соның негізінде қажеттілік карталары қалыптастырылып, ел ауқымында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі айқындалып, қызметтер азаматтардың өтінішін күтпей, проактивті форматта көрсетілетін болады;

      2) отбасының жұмыспен қамтылмаған мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетуге тарту.

      Жақын адамдардың қолдауы және үйреншікті әлеуметтік орта оңалтудың тиімділігін арттыратынын практика көрсетіп отыр.

      Осыған байланысты отбасы мүшелеріне жеке көмекшілер ретінде (көрсетілетін қызметтерге мұқтаж белсенді азаматтар үшін) ресімделу немесе арнаулы қызметтердің жекелеген түрлерін көрсету үшін "Күміс жас" жобасына қатысу мүмкіндігі беріледі. Олардың еңбегіне ақы төленеді, әлеуметтік аударымдар жасалады, ал жұмыс кезеңі зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі. Алайда қатысушылардың осындай қызметтерді көрсету үшін тиісті дағдыларының, машықтары мен біліктіліктерінің болуы оларға қойылатын негізгі талап болады;

      ірі интернат-үйлерінде қызмет көрсетуден шағын жинақы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу.

      Бүгінгі таңда осындай 20 ұйым мұқтаж азаматтарға олардың тұратын жерлерінде немесе оларға жақын жерде қызмет көрсетеді. Мұндай ұйымдарды дамыту арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін, әсіресе ауылда шағын жинақы ұйымдар ашқан жеке сектор субъектілеріне мемлекеттік тапсырысты кеңейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде ірі интернат-үйлер жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе әлеуметтік қызмет көрсетудің көпбейінді шағын үйлеріне кезең-кезеңмен ауыстырылатын болады;

      ұйымдардың түріне қарай стандарттардың орнына көрсетілетін қызмет түрлері бойынша стандарттарды қалыптастыру.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды кеңейту олардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуінің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе өмірдегі қиын жағдайдың түріне байланысты әлеуметтік қызметкерлер іс-қимылының қадамдық алгоритмін қамтитын арнаулы әлеуметтік қызметтердің қазіргі стандарттары өзектілендіріліп, жаңалары әзірленетін болады;

      жалпы тарифтердің орнына арнаулы әлеуметтік қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидатын енгізу.

      Тариф белгілеу жүйесі мыналарды көздейтін болады:

      жан басына шаққандағы норматив – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін;

      шекті бағалар – компенсаторлық техникалық құралдарды жеткізетін ұйымдар үшін.

      Тарифтер мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтерге ғана белгіленеді және кепілдендірілген сома деп аталатын болады. Бұл ретте ол елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгерістері ескеріліп, ауық-ауық түзетіліп тұрады. Жалпы, ұсынылатын шаралар мұқтаж азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға арналған.

      Осы мақсатта:

      әлеуметтік қызметкерлер тізілімі қалыптастырылатын болады, онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылады (тізілім қызметтерді тұтынушыларға әлеуметтік қызметкерлерді бәсекелес ортада таңдауға мүмкіндік береді, әлеуметтік қызметкерлердің жалақы деңгейі олардың сұранысқа ие болуына тікелей байланысты);

      даярланып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, машықтары мен дағдыларына жұмыс берушілер қоятын талаптар әлеуметтік қызметкерлерге арналған кәсіптік стандарттар әзірленетін болады (біліктілікті бағалаудың тәуелсіз жүйесінен өткен сертификатталған мамандар ғана әлеуметтік жұмысқа жіберіледі);

      біліктілік деңгейі, санаты мен ұсынылатын қызметтердің ерекшелігі ескерілетін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленетін болады.

      Ұсынылатын өзгерістердің мақсаты оған мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақтаса қатысуы есебінен әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.";

      3-бөлімнің 2-тарауы 6-параграфының отыз бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік қызметкер өз саласында заманауи құралдарды меңгерген, сапалы заманауи оқыту әдістемелері бойынша оқытылған құзыретті, білікті маман болуға тиіс. Бұл ретте әлеуметтік қызметкер – жанашырлық, көшбасшылық және өз ісіне берілгендік сияқты адами қасиеттері мейлінше дамыған маман.".

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1141 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасында
мүгедектігі бар адамдардың
құқықтарын қамтамасыз ету
және тұрмыс сапасын жақсарту
жөніндегі 2025 жылға дейінгі
ұлттық жоспарға
қосымша

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары


Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Нысаналы индикатор


1

2

3

4

5

6

7

8

1. Мүгедектік профилактикасы және оның алдын алу

1

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ИИДМ, МСМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



2

Мүгедектікке әкелетін туа біткен даму кемістіктерін және тұқым қуалайтын ауруларды анықтау тұрғысынан балаларды ерте скринингпен:
1) ерте анықтау және емдеу мақсатында жаңа туған балаларда фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды диагностикалау үшін неонатальды скринингпен;
2) ретинопатияны анықтау үшін шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингпен;
3) жаңа туған балалар мен сәби жастағы балаларды (үш жасқа дейін) аудиологиялық скринингпен;
4) психикалық-физикалық дамуында артта қалу қаупі бар балалар тобын анықтау мақсатында үш жасқа дейінгі балаларды психофизикалық даму скринингімен қамтуды мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


қамту үлесі:
2019 – 88 %
2020 – 89 %
2021 – 90 %
2022 – 91 %
2023 – 92 %
2024 – 93 %

3

Пациенттерді созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына тарту: пациенттерді өзіндік менеджментке оқыту

оқыту графигі

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

тартылған
дар үлесі:
2019 – 30 %
2020 – 32 %
2021 – 34 %
2022 – 36 %
2023 – 38 %
2024 – 40 %

4

Барлық 3 кезеңде (амбулаториялық, стационарлық, санаторий-курорттық) оңалту көмегінің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


көрсетілген көмектің үлесі:
2019 – 20 %
2020 – 30 %
2021 – 35 %
2022- 40 %
2023 – 45 %
2024 – 50 %

5

"Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 626 бұйрығына әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бөлігінде өзгерістер енгізу

бұйрық
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



6

Диагностика және емдеу хаттамаларын, оның ішінде психикалық ауытқулар бойынша жетілдіру

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



7

Санаторий-курорттық емдеу ұсынылатын аурулар мен денсаулық ауытқуының тізбесін және санаторий-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



8

Медициналық оңалту мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілетін адамдарға психологиялық консультация жүргізу

Еңбекминіне ақпарат
 

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді


үлес:
2022 – 50 %
2023 – 55 %
2024 – 60 %

9

Мүгедектіктің профилактикасы шеңберінде мүгедек емес адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



2. Білім берудің қолжетімділігі


10

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөнінде ұсынымдар дайындау

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ,
Еңбекмині, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



11

Білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



12

Арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтуді мониторингтеу
 

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



13

Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарында инклюзияны қолдау кабинеттерінің желісін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



14

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беру процесін материалдық-техникалық сүйемелдеудің орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ОМ, ЖАО
 

жыл сайын

талап етілмейді



15

Ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) (мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда) оқыту үшін жағдай жасалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО
 

2019 – 2023
жылдар

талап етілмейді



16

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің базасында ерте араласу жүйесін құру мәселесін зерделеу

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



17

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша отбасының, мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру

ұсынымдар

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



18

Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарларына ымдау тілі пәнін енгізу мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



19

Ауытқу дәрежесіне қарай ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін үлгілік оқу бағдармаларын әзірлеу

бұйрық

БҒМ, ДСМ, Еңбекмині

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


20

Үлгілік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға арналған жеке жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



21

Білім алушының ерекше білім беруге мұқтаждығын ескере отырып, жеке білім беру бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ОМ, Қаржымині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



22

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету (ірі қаріппен және Брайль қарпімен, ой-өрісінің бұзушылықтары бар балаларға)

Еңбекминіне ақпарат

БҒМ

2019 – 2021 жылдар

көзделген қаражат шегінде

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


23

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу орындарында мүгедектігі бар адамдарды оқытуға арналған квотаның орындалуын мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО
 

жыл сайын

талап етілмейді



24

Жалпы білім беретін мектепте оқыту процесінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныс

БҒМ, ДСМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



25

Өңірлер бөлінісінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру

статистикалық деректер

ҒЖБМ, ОМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



26

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды іске асыратын, оның ішінде танылған халықаралық практикаларды енгізуді ескере отырып, жалпы білім беру ұйымдарының базасында инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтары жүйесін кеңейтуді мониторингтеу

Еңбекминіне
ақпарат

БҒМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



27

Үйде оқыту (қашықтан оқыту) ұсынылатын аурулар мен денсаулықтың ауытқу тізбесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ,
БҒМ, Қаржымині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



28

Үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларын және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі балаларға арналған арнайы бағдарламаларды жаңарту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ, ДСМ, ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



29

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнаулы автобустар ұсыну мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



3. Әлеуметтік оңалту және абилитациялау тиімділігін арттыру


30

"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 44 бұйрығына қайта куәландыру талап етілмейтін аурулар тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ДСМ,
ЖАО

2019 жыл

талап етілмейді



31

"Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



32

"Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



33

Пилоттық өңірлерде "Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен "Оңалтудың техникалық құралдары" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу

әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы

Еңбекмині, ДСМ,
ЖАО

2020 жыл

көзделген қаражат шегінде

Еңбекминінің 067 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп атқарылатын жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


34

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді




35

"Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы
16 ақпандағы № 60 бұйрығына жергілікті атқарушы органдардың өнім берушілердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау жөніндегі комиссиясының әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге және құзыретіне қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу

Еңбекминінің
бұйрығы

Еңбекмині
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



36

Берілетін техникалық оңалту құралдарына шекті баға қалыптасу бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



37

Мүгедектігі бар адамдарды заманауи протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ИИДМ, ОМ, ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



38

Оңалтудың техникалық құралдары паркін қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



39

Мүгедектігі бар әйелдердің
3 жасқа толмаған балалары болған жағдайда бала күтімі бойынша жеке көмекшіні енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



40

Психологиялық қажуға жол бермеу үшін мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын және қолдау көрсететін адамдарды (отбасыларды) қолдау шараларын әзірлеу

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



41

Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарының желісін дамыту мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО
 

2022 – 2025 жылдар

талап етілмейді



42

Аутистік спектрі ауытқыған және басқа ауытқуы бар балалар үшін күндіз болатын орталықтар құру мәселесін пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының "Қамқорлық" қоры (келісу бойынша),
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (келісу бойынша),
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры (келісу бойынша)

2022 – 2025 жылдар

талап етілмейді



43

Мүгедектікке немесе шешімдер қабылдау машықтарына қарамастан, өмірдің барлық аспектілерінде мүгедектігі бар адамдардың әрекетке толық қабілеттілігін тану бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу

талдамалық анықтама

Еңбекмині

2021 жыл

талап етілмейді



44

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде тыныс-тіршілік пен денсаулық шектеулерінің қолданылуының халықаралық сыныптауышын бейімдеу бойынша ұсынымдар тұжырымдау

ұсынымдар

Еңбекмині, ДСМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді


оқытылғандардың үлесі:
2024 – 75 %

4. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту

45

Азаматтарды (балаларды, отбасыларды) өмірдегі қиын жағдайда жүрген адамдардың санаттарына жатқызу өлшемшарттарын және мұқтаж азаматтарға (балаларға, отбасыларға), оның ішінде адам саудасы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша құқық бұзушылықтардан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың атаулылығын күшейту мақсатында мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесін өзектілендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминінеұсыныстар
 

ДСМ,
ОМ,
ІІМ,
МСМ
ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



46

Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес отбасының цифрлық картасы шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жалпы контингентін айқындау

статистикалық деректер

Еңбекмині,
ОМ,
ДСМ,
ЦДИАӨМ
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



47

Өңірлердің әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілуін айқындау

статистикалық деректер

Еңбекмині, ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



48

Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдарын трансформациялау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекмині
ұсыныстар

ҰЭМ,
ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



49

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер сыныптауышын енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ІІМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл
 

талап етілмейді



50

Интеграцияланған әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



51

Интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының жобасын әзірлеу

бұйрық
жобасы

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

2024 жыл

талап етілмейді



52

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін енгізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік
ұсынымдар

Еңбекмині,
ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



53

Жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелерді біртіндеп институттанудан шығару алгоритмін әзірлеу:
а) әлеуметтік қызмет көрсететін ірі интернат-үйлерді сыйымдылығы аз үйлер етіп біртіндеп институттанудан шығару;
б) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді аккредиттеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру;
в) медициналық-әлеуметтік мекемелер ұсынатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін аутсорсингке беру мәселесін пысықтау

Жол картасы

Еңбекмині, ОМ,
ДСМ,
ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



54

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті алушыларды олар тұратын аумақтағы медициналық-әлеуметтік мекемелерге бекіту тетігі бөлігінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



55

Сыйымдылығы шағын әлеуметтік қызмет көрсету үйлерін дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



56

Мүгедектігі бар адамдарды міндетті оқытудан өткен отбасыларға орналастырудың баламалы нысандарын енгізу мәселесін қарау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



57

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету бойынша жеке көмекшілерді, әлеуметтік қызметкерлерді, сондай-ақ отбасы мүшелерін оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО
 

2023 жыл

талап етілмейді



58

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің үйде көрсетілуіне мұқтаж адамдар үшін жеке көмекшілердің, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсетуін қайта қарау жөніндегі ұсыныстар

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



59

Бір әлеуметтік қызметкердің екі волонтермен өзара іс-қимыл жасау моделін айқындау

әдістемелік ұсынымдар

Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



60

Волонтерлік институтын дамыту

Еңбекминіне
ақпарат

АҚДМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



61

"Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметкердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



62

Әлеуметтік қызметкерлерді міндетті тіркеуді, сараптауды және сертификаттауды бақылау және енгізу тетігін ендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
 

Еңбекминіне ақпарат

ІІМ, ДСМ, БҒМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



5-тарау. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен тариф белгілеу стандарттарын жетілдіру

63

Тариф белгілеуді қалыптастыру және жетілдіру:
а) бюджет және бюджеттен тыс қаражат пен шығындар баптарын қоса алғанда, қаржыландырудың барлық көздері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің шоғырландырылған бюджетіне талдау жүргізу;
б) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында пайдалану үшін ұйымның түріне, көрсетілетін қызметті алушының санатына қарай әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету құнын есептеу және хронометраж жұмыстарын жүргізу;
в) шоғырландырылған бюджетті, мемлекеттік активтердің ағымдағы жай-күйін, бизнес-процестер мен функцияларды талдау негізінде әдістемелік ұсынымдар дайындай отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі өзіндік құн мен пайда нормаларын қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік мекемелердің тікелей және жанама шығыстарының нормаларын айқындау

Жол картасы
 

Еңбекмині
 

2023 жыл

талап етілмейді



64

Үйде қызмет көрсетілетін адамдар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау
 

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



65

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдарда қызмет көрсетілетін адамдар үшін тарифтерді қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне
ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



66

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар үшін көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері және ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдары бойынша стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

Еңбекмині, ЖАО
 

2023 жыл
 

талап етілмейді



67

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оңалту орталықтарында, мүгедектігі бар балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, күндіз болу бөлімшелерінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 бұйрығына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тамақтануды қамтамасыз ету нормаларын қайта қарау бөлігінде өзгерістер енгізу

Еңбекминінің бұйрығы

ДСМ,
ОМ,
ЖАО

2023 жыл
 

талап етілмейді



6. Әлеуметтік қызметкер мәртебесі

68

Әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ҒЖБМ,
ІІМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



69

Әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіп үшін біліктілік деңгейінің кәсіптік стандарттарын өзектілендіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



70

Әлеуметтік қызметтердің қызметкерлерін, оның ішінде педагогикалық қызметкерлерді сертификаттау және аттестаттау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



71

Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ОМ,
ДСМ,
ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



72

Ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлеріне, сондай-ақ білім беру саласындағы әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік психологтарға еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ,
ОМ,
Қаржымині,
ІІМ

2024 жыл

талап етілмейді



7. Мүгедектігі бар адамдар үшін мәдени және спорттық іс-шараларды дамыту
 

73

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын арнайы спорттық құрал-жабдықтармен және спорттық протездеумен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

МСМ,
ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



74

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, жоғары спорт шеберлігі мектептерінде, олимпиадалық дайындық орталықтарында және олимпиадалық резервті даярлау орталықтарында мүгедек спортшыларға жаттығу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

МСМ,
ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

036 "Жоғары жетістіктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

спортшылар үлесі:
2019 – 11,7 %
2020 – 12,2 %
2021 – 12,7 %

75

Спорт дәрігерін, спорт психологын, биомеханикті, массаж жасаушылар мен нутрициологты қамтитын кешенді-ғылыми топтарды ұлттық құрамаларға бекіту бойынша мәселені пысықтау

Еңбекминіне ақпарат

МСМ,
ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



76

Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша жаттығу процесін ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу және кейіннен паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың жаттықтырушыларын әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету

әдістемелік ұсынымдар

МСМ,
ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



77

Мүгедектігі бар адамдар үшін, оның ішінде инклюзивті туризмді қоса алғанда, мәдени-спорттық көрсетілетін қызметтер тізбесін белгілеу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

МСМ, ЖАО

2023 жыл

талап етілмейді



8. Кедергісіз орта

78

"Жүйелі бейімдеу" ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту

Еңбекминіне ақпарат

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



79

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың, жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің міндетті қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру

нормативтік құқықтық актілер

ИИДМ, Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



80

І топтағы мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін теміржол көлігімен жол жүруге
50 % мөлшерінде жеңілдік белгілеу

бұйрық

ИИДМ

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

015 "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

теміржол көлігімен жол жүруге жеңілдік

81

"Интерактивті қолжетімділік картасы" ақпараттық порталында деректерді толтыру мен өзектілендірудің мониторингі

қолжетімділік картасы

ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді



82

Объектілердің қолжетімділігін бақылау функцияларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру мәселесін қарау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің хаттамасы

Еңбекмині, ИИДМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



83

Мүгедектігі бар адамдардың флюорографиялық, маммографиялық зерттеулермен қамтылуын және олардың қолжетімділігін мониторингтеу

Еңбекминіне ақпарат

ДСМ, ЖАО

жыл сайын

талап етілмейді


үлес:
2020 – 70 %
2021 – 80 %
2022 – 90 %
2023 – 100 %

84

Өңірлерде медициналық ұйымдарды гидравикалық басқарылатын гинекологиялық креслолармен жабдықтау жөнінде ұсыныстар енгізу (өңірде амбулаториялық және стационарлық деңгейде кемінде екеу)

Еңбекминіне ұсыныстар

ДСМ, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді



85

Сурдоаударма қызметтерін көрсету, оның ішінде онлайн-сурдоаударма технологияларын пайдалана отырып көрсету тәртібін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



86

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде
іс-шаралар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

ІІМ, ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



87

"Ақпараттық технологиялар: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі" ҚР СТ 2191-2012 ұлттық стандартын, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын (2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ) халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық толықтыру қағидаларын қайта қарау бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЦДИӨДМ, АҚДМ

2024 жыл

талап етілмейді



88

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарында қазақ тілінің сөйлеу синтезі (ақпараттық контентке сөйлеу қолжетімділігі) функциясын енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ұсыныстар

ЦДИӨДМ, ҒЖБМ, ОМ, АҚДМ

2023 жыл

талап етілмейді



9. Экономикалық дербестік және сапалы жұмыспен қамту

89

Көру қабілеті ауытқыған адамдар қатарынан массаж жасаушылар курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



90

Жұмысқа орналасу процесінде мүгедектігі бар адамдарды технологиялық сүйемелдеуді пайдалана отырып кәсіптік оңалту орталықтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Еңбекминіне ұсыныстар

ЖАО

2020 жыл

талап етілмейді



91
 

Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру шығындарын субсидиялау

есеп

ЖАО

2019 жыл

көзделген қаражат шегінде

062 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


92

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталандырудың қосымша немесе балама шараларын енгізу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Еңбекминіне ақпарат

ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



10. Қоғамдық сананы жаңғырту


93

Министрлердің/өңірлер әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілерін тағайындау тәртібін айқындау жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

бұйрық

Еңбекмині, ЖАО

2021 жыл

талап етілмейді



94

Бірыңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жарияланымдар мен мақалаларды орналастыру, телеарналарда сөз сөйлеу

мақалалар, жарияланымдар, материалдар

АҚДМ, Еңбекмині, ЖАО

жыл сайын

көзделген қаражат шегінде

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

жарияланымдар саны:
2019 – 5 %
2020 – 10 %
2021 – 15 %
2022 – 20 %
2023 – 25 %
2024 – 30 %

95

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы мәселені Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару

ВАК хаттамасы

Еңбекмині, ЖАО

2022 жыл

талап етілмейді




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ВАК – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссия

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі