"Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 741 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 741 қаулысымен
бекітілген

"Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы

      "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленген.

      Стратегияның тұжырымдамалық сипаты бар және Стратегия келісіліп, бекітілгеннен кейін әзірленетін ұйымдастырушылық іс-шаралар мен құжаттамалық рәсімдердің сипатын қамтымайды.

      Стратегия кейінгі бағдарламалық құжаттарды, орта мерзімді даму жоспарларын, болжамды қаржы модельдерін, сондай-ақ ӘКК бюджетін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Осы ӘКК-нің 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы компанияның ұзақ мерзімді бағдарлары мен оның даму бағыттары туралы пайымын қалыптастыру, Компанияның болашақтағы дамуында қол жеткізу тәсілдері мен жолдарын айқындау мақсатында және мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

      8) Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 374-IV шешімімен бекітілген Атырау облысының аумағын дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасының;

      9) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының;

      10) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      11) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

      12) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

      13) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының;

      14) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығының;

      15) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Қазақстан Республикасы Заңының;

      16) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасы Заңының;

      17) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Қазақстан Республикасы Заңының;

      18) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 266 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

      Даму стратегиясы Атырау облысының тұрақты әрі теңгерімді экономикалық өсуіне жәрдемдесу, өңір халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылату және ӘКК-нің акционерлік құнын өсіру жолымен ӘКК-нің орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Стратегияда Атырау өңірін мемлекттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы да дамыту көзделеді.

      ӘКК рөлі кәсіпкерлік пен бизнестің дамуын ынталандыруды, халықтың тұрмыс сапасын жоғарылатуға ықпал ететін өңірлік инфрақұрылымды дамытуды және өңірдің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, кәсіпкерлік пен бизнестің дамуына жәрдемдесудің негізгі құралы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға берілетін активтерді орналастыру арқылы Компанияның жеке бизнеспен бірлескен инвестициялық жобаларға қатысуы болып табылады.

      Стратегияны әзірлеу мыналармен негізделеді:

      1) негізгі басымдықтар, оларды іске асыру көздері мен тетіктері туралы нақты түсінігі бар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы бағдарларының болу қажеттігі;

      2) өңірдің әлеуметтік саласын үйлесімді дамыту қажеттігі;

      3) ӘКК әлеуетін іске асыру үшін басым болып табылатын бағыттар мен қызмет салаларын айқындау;

      4) ӘКК дамыту саясаты мен оның жұмыс істеу моделін қалыптастыру;

      5) өңірлік даму институты ретінде ӘКК одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      1. Атырау облысының жалпы сипаттамасы

      Атырау облысы (бұдан әрі – облыс) Қазақстан Республикасының батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған. 1992 жылға дейін Гурьев облысы болып аталды.

      Облыс, негізінен, ұлан байтақ Каспий маңы ойпатының шегінде орналасқан. Облыс аумағы – 118,6 мың шаршы км (Қазақстанның жалпы ауданының 4,35%-ы).

      Облыс шекарасының ұзындығы: жалпы – 1 949,46 км., оның ішінде Астрахань облысымен – 449,61 км., Батыс Қазақстан облысымен – 626,08 км., Ақтөбе облысымен – 524,39 км., Маңғыстау облысымен – 349,38 км.

      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі: 2 қала (1-еуі – облыстық маңызы бар, 1-еуі – аудандық маңызы бар), 6 кент, 7 ауданның (Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Махамбет) және Атырау қалалық әкімшілігінің құрамында 170 ауыл.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқы – 555,2 мың адам (Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының деректері бойынша). Қала халқының саны 268,2 мың адам (48,3 %), ауыл халқы – 287,0 мың адам (51,7 %). Облыс бойынша халық тығыздығы орта есеппен (аумақтың 1 шаршы км. шаққанда) 4,68 адамды құрайды.

      Облыс табиғи ресурстарға бай, Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан озыңқы өңірлерінің бірі болып табылады.

      Облыста мұнай мен газдың орасан зор қоры бар, оның үстіне, облыстың геоэкономикалық әлеуетін ұтымды пайдалану Каспий маңы өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Облыс Қазақстанның ежелден мұнай-газ өндіретін өңірі болып табылады. Облыс аумағында мұнай-газ және газ конденсаты шикізатының аса ірі кен орындары анықталған, олар 4 ауданның аумағында шоғырланған. Қазақстан Республикасы қорларының мемлекеттік теңгерімінде облыс бойынша көмірсутек шикізатының 87 кен орны, оның ішінде 66 мұнай, 21 мұнай-газ және газ конденсаты кен орны есепке алынған.

      Бұдан басқа, облыста кірпіш өндірісіне арналған сазбалшықтың (52,7 млн. тонна қоры бар деп бағаланып отыр); калий тұзының (697 млн. тонна); құрылыс құмының (41,2 млн. текше метр); гипстің (21,0 млрд. тонна); ас тұзының (687,0 млн. тонна); құм-қиыршықтас қоспасының (12,0 млн. текше метр); әктастың (1,9 млн. текше метр); бордың (95,2 млн. тонна); бешофиттің (50,0 мың тонна) түрлі пайдалы қазбаларының қоры өте мол; натрий диоксидіне, кальций хлоридіне, магний хлоридіне, магний сульфатына қанық минералды су көзінің қоры 898 млн. текше метрді құрайды.

      Облыста мемлекеттік тіркелген 61 кен орны бар. Оның ішінде 8-і пайдалы қазба: 2 – ас тұзы, 3 – гипс, 1 - әктас, 2 – мергель боры, 5 – кірпіш шикізаты, 6 – құм-қиыршықтас қоспасы, қалған 23-і – сазбалшық жыныстары. Атырау қаласында 7, Жылыой ауданында 17, Мақат ауданында 5 және Индер ауданында 12 кең таралған пайдалы қазба бар.

      2012 жылы облыс ЖӨӨ 3 105 млрд. теңгені құрады, жалпы ЕЛ ЖІӨ-сіндегі үлес салмағы – 10,3%. Бүгінде өңірде елдің өнеркәсіптік өнімінің 24,9 %-ға жуығы шығарылады, мұнайдың 46,7 %-ы және газдың 35,7%-ы өндіріледі. Негізгі капиталға инвестициялардың үлес салмағы – 18,9%. 2012 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің даму деңгейінің рейтингінде облыс 1-ші орынды иеленді.

      2. Өңірдің индустриялық-инновациялық дамуының сипаты

      Кен өндіру өнеркәсібі

      Облыс Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіру саласына маманданған ірі шикізат өңірі ретінде орын алған.

      Мұнай-газ секторының мықты болуына байланысты кен өндіру өнеркәсібі өңірде үстем болып табылады, мұның өзі өте дамыған экономикалық құрылымды туындатады. Өңір көмірсутек шикізатын (мұнай, газ) әлемдік нарықтарға басты экспорттаушылардың бірі болып табылады. Перспективада өнімнің бұл түрлері негізгі тауарлар болып қала бермек, олар арқылы Қазақстан әлемдік нарықта бәсекеге түсе алады.

      Қалыптасқан мән-жайларға байланысты облыс экономикасының шикізаттық бағыты өте айқын көрінеді. Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында мұнай-газ өндіру саласы үстем жағдайды иеленіп отыр және шамамен 91 %-ды құрайды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасынан кейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануына байланысты өңір экономикасының кен өндіру және қайта өңдеу салаларының арасындағы теңгерімсіздіктің аздап азаю үрдісі байқалды. Таяудағы перспективада Қашаған кен орны пайдалануға берілетінін ескерсек, мұнай-газ секторының рөлі айтарлықтай арта түспек.

      Сонымен қатар, ықпалдастырылған газ-химия кешенін пайдалануға беру, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және басқа да жобалар орын алып отырған теңгерімсіздікті тежеп, экономиканың шикізат емес салалары өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Бұған алғышарттар бар. Облыстың өнеркәсіптік саясатын 7 аудан мен 2 қала қалыптастырады, бұларда басты өнеркәсіптік қуаттар, 14 ірі және 34 орта өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан, өндірілетін өнеркәсіптік өнімдердің жалпы көлемінің 98%-ы осылардың үлесіне тиесілі.

      2013 жылдың I жартыжылдығында өнеркәсіптік өнімдердің қолданыстағы бағаларға шаққандағы көлемі 2 257,1 млрд. теңгені құрады, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі – 107,6 %. Кен өндіру өнеркәсібінде 2 082,3 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі – 107,8 %. Жете бағалауды ескере отырып, 2012 жылғы қаңтар – желтоқсанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1032 млрд. теңгені құрады. Шетелдік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты инвестициялардың негізгі көзі болып табылады (46,1 %).

      Энергияны көп қажет ету, кәсіпорындардың негізгі қорларды жаңартуына және жаңа технологияларды дамытуға инвестиция құюға мүмкіндік бермейтін төмен рентабельділік, инженерлер мен жұмысшы кадрлар даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату проблемасы саланы дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалардың арасындағы ең маңыздылары болып табылады.

      Өңдеуші өнеркәсіп

      Өнеркәсіптік өнімнің өңдеуші өнеркәсіптегі көлемі 153,4 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2012 жылдың деңгейіне қатысты 102,1 %.

      Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 217 қаулысымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, ол өз отырыстарында инвестициялық жобаларды қарайды және оларды іске асыру бойынша шешімдер қабылдайды.

      Облыс аумағында 4 машина жасау компаниясы жұмыс істейді: "Атыраунефтемаш" ЖШС, "Қарашұңғыл" ЖШС, "Доссормунаймаш" ЖШС және "КазТурбоРемонт" ЖШС. Машина жасау өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы, номенклатураның аз болуы және қазақстандық машина жасау өнімдерін тұтыну үлесінің төмен болуы, өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің техникалық жай-күйінің төмен болуы және саладағы инновациялық белсенділіктің мардымсыз деңгейі машина жасау саласын дамытуға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, Кеден одағына кіргенімізді және тиісінше өндірілетін өнімді өткізу нарығының ұлғайғанын, шикізат пен жиынтықтауыштардың экспорты мен импорты рәсімдерінің оңайлатылғанын ескерсек, бұл саланың зор әлеуеті бар.

      Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісін дамыту жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған өндірістердің жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және жаңаларын салу жүзеге асырылады.

      Салада орын алып отырған проблемалар өндірілетін өнімнің отандық ассортиментінің "тар" болуына, өндірілетін өнімнің халықаралық стандарттарға (GMP және ISO 13485) сәйкес келмеуіне және саланың дамуын реттейтін нормативтік құқықтық базаның жетілдірілмеуіне байланысты.

      Саланы дамыту үшін жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу, білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, техникалық регламенттерді әзірлеу және енгізу, тікелей инвестициялар тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бөлігінде секторлық және жобалық мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.

      Кәсіпкерлікті дамыту

      Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінің өнім (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер) шығаруы 2012 жылғы қаңтар – желтоқсанда 445,2 млрд. теңгені құрады.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықта жұмыс істеген белсенді ШОК субъектілерінің саны 29767 бірлікті құрады.

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ШОК-та белсегді жұмыспен қамтылғандар саны 89,2 мың адамды құрады.

      Өңірде бәсекелестікті дамыту мәселелері басқарманың стратегиялық жоспарының бөлімдері мен Атырау облысының аумақтарын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген, олар шағын және орта бизнесің белсенді субъектілерінің саны көрсеткіштерінің жақсаруы, сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу, бөлшек сауда айналымы, ШОК өнім өндіру көлемі және облыстың жалпы өңірлік өніміндегі ШОК үлесі сияқты индикаторлармен өлшеніп, өңірдегі бәсекелестікті дамытуды қолдау туралы айғақтайтын болады.

      Облыстағы бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту және жалпы бәсекелі ортаны жақсарту бойынша қажетті инфрақұрылым құру жөніндегі шаралар іске асырылуда.

      Бәсекелестікті дамытудың, әкімшілік кедергілерді қысқартудың кейбір тұстарын түсіндіру мақсатында бизнес-қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Облыстық және аудандық газет беттерінде осы тақырып бойынша материалдар жарияланып тұрады.

      Облыс бойынша шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында облыс әкімінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі сарапшылық кеңес (консультативтік-кеңесші орган) жұмыс істейді. Осылайша, өңір экономикасындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

      Бәсекелі ортаны жақсарту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасау жөніндегі шаралар іске асырылады, облыстағы тауар нарықтарының жай-күйі мен дамуына және бәсекелестіктің дамуына тұрақты негізде талдау жүргізіледі, олардың нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

      Жергілікті атқарушы органдар тұрақты негізде жергілікті бәсекелестікті дамыту бойынша, оның ішінде әкімшілік кедергілерді қысқарту, бәсекелі қатынастар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша пәрменді шаралар қабылдайтын болады, ӘКК мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл жұмыстың барысы туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (бұдан әрі – Монополияға қарсы агенттік) тоқсан сайын хабарланып тұрады.

      Тауар нарықтарын талдау көрсетіп отырғандай, бірқатар экономика сегменттерінде бәсекелестік жеткілікті дамымай отыр.

      Осыған байланысты мыналар өңірдегі бәсекелестікті дамыту шаралары ретінде айқындалған:

      1) жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ақпараттық ашықтығын жоғарылату бөлігіндегі жұмысты жалғастыру.

      Әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелі нарықты дамыту жөніндегі келешектегі жұмыс ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының ұлғаюына мүмкіндік беріп, бүкіл өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Облыстың агроөнеркәсіптік кешені өңір экономикасының аса маңызды секторларының бір болып табылады, өйткені бүгінгі таңда жалпы облыс халқының 50 %-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласы экономикасының жай-күйінде оң серпіліс байқалады. Негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуін мейлінше маңызды нәтиже деп санауға болады, мұнда мал басы мен өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің орнықты өсу үрдісі байқалып отыр. Сонымен қатар, генофонд пен асыл тұқымды малдардың өнімділігін жақсарту жүргізілуде.

      Қазіргі уақытта облыстағы ахуалды өндірістің серпінді дамуымен, оның тиімділігінің жоғарылауымен, ауылдағы қаржылық қызметтер нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипаттауға болады.

      2012 жылғы қаңтар – желтоқсанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) көлемі 39 802,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы – 28 499,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы –10 934,5 млн. теңге.

      Өңірдің орнықты даму индикаторларын талдау олардың әркелкі әрі қарама-қайшы екенін көрсетеді: жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші, орташа номиналды жалақы деңгейі, өнеркәсіптік өнім көлемі мен негізгі капиталға инвестициялар бойынша облыс алдыңғы орындарды иеленіп отыр, дегенмен, ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін өңірге мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.

      Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі

      Облыс аумағы шөлейт аймақта орналасқан. Облыстың солтүстігіндегі өзен маңындағы алқап аймағындағы аздаған бөлігінен (Индер, Махамбет аудандары) мен Атырау қаласының маңынан басқа, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған топырақтың өнімділігі нашар. Соңғы 3-4 жылда жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге орта есеппен 6,5 мың га алқап пайдаланылады.

      Көктемгі егіс жұмыстары мен жинау жұмыстарына тауарлық кредит беру, жанар-жағармай материалдарының құнын арзандату, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бөлігінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің егіс алқаптарын жыл сайын өсіруіне мүмкіндік берді.

      Топырақ құнарлылығының төмен болуына байланысты өңір тәуекелі жоғары диқаншылық аймағында орналасқан, оның үстіне, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сумен қамтамасыз етудің тасқын су деңгейіне тәуелділігінің жоғары болуы, гидротехникалық құрылыстар мен су сорғысы қондырғыларының жоғары дәрежеде тозуы, жем-шөп өндірісінің өзіндік құнының жоғары болуы, суландыру жүйесінің болмауы жем-шөп дақылдарын өсіруге мүмкіндік бермейді. Картоп пен көкөніс өндіріс, негізінен, тұрғындардың үй қожалықтарында шоғырландырылған, мұның өзі өндірістің тиімділігі мен өнімнің тауарлық бейнесін нашарлатады, көкөністерге, картоп пен жемістерге арналған заманауи техникамен жасақталған сақтау қоймалары жоқ, оларды дайында умен өңдеу жолға қойылмаған.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын реформалау мен ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеуі нәтижесінде 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 8 186,6 мың га азайды, оның ішінде шабындық 26,3 мың га азайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер шаруа қожалықтарына бекітіліп берілген, бұл жерлердің қомақты бөлігі пайдаланылмайды.

      Диқаншылықты тиімді жүргізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және молайту үшін жерлерді аймақтарға бөлуді жүргізу, оларды түгендеу, жер учаскелерінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылау қажет.

      Соңғы жылдары облыста ашық топырақтағы да, жабық топырақтағы да ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару технологиясы кеңінен таралып келеді. Қазіргі уақытта "Атырауагроөнімдері", "Райхан", "Сабуров", "Жұмағалиев", "Рахатов", "Сандуғаш" сияқты өңірдің ірі шаруашылықтары ашық және жабық топырақта тамшылатып суару технологиясы бойынша 250 га алқапта ауыл шаруашылығы өсіреді, оның ішінде 155/га жеміс-жидек, 77,5/га көкөніс, 8/га бақша дақылдары және 10/га картоп отырғызылған.

      Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал саны количество 157,2 мың бас болды, оның ішінде сиыр – 76,7 мың бас, қой-ешкі (621 мың бас), жылқы (53,5 мың бас), түйе (31,5 мың бас), құс – 2,6% (86,6 мың). Мал шаруашылығы өнімдерінің тірілей салмақтағы ет, сүт, жұмыртқа сияқты негізгі түрлерінің ішінен облыс шаруашылықтарының барлық санаттары жыл қорытындысы бойынша 24,9 мың тонна сойылатын мал мен құс (тірілей салмақта), 35,5 мың тонна сүт, 4 821,8 мың дана жұмыртқа өткізді.

      Бұған қоса, асыл тұқымды малдардың генофондын жақсарту және өнімділігін жоғарылату жүргізіліп жатыр, асыл тұқымды мал базасында бүгінгі күні 19 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді.

      Облыстағы асыл тұқымды шаруашылықтың нашар дамуы, бірінші кезекте, өндірістің өзінің қымбат болуына байланысты. Мал сатып алу, қажетті инфрақұрылым мен технологиялық процестерді құру, сондай-ақ өндірістің өзін-өзі ақтауға шығу мерзімінің мейлінше көп (технологиялық процестің ерекшеліктеріне байланысты шамамен 6 жыл) болуы кәсіпкерлердің көпшілігін ақшаны рентабельділігі неғұрлым жоғары басқа бағыттарға салуға мәжбүрлейді. Технологиялық базаның осал болуы және өндіріске қажетті инвестицияларға қол жеткізудің қиын болуы қазіргі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың проблемасы болып табылады.

      Бұған қарамастан, өңір түйе шаруашылығы үшін өте қолайлы болып табылады. Түйе өсіру бойынша облыс Қазақстан Республикасында Иаңғыстау облысынан кейін екінші орында, мұнда 31,5 мыңнан астам түйе бар, мұның өзі республикадағы түйенің жалпы санының 1/3-ін құрайды.

      Соңғы жылдары республикада, оның ішінде облыста еділбай қойының, қылшық жүнді құйрықты қазақ қойларының санын ұлғайту үрдісі орын алып отыр, соның арқасында өңір республика бойыншы алдыңғы орындардың бірінде.

      Осыған байланысты, Қазақстанның басыт өңірінде, атап айтқанда, Атырау облысында отандық еділбай селекциясының құйрықты өнімділігі неғұрлым жоғары тұқымының қошқарларын пайдалана отырып, еділбай тұқымдас қойдың өнімділігін жақсартуды ғылыми негізге қою өзекті болып табылады.

      Қайта өңдеуші кәсіпорындардың болмауы жүн мен тері, оның ішінде қаракөл жүні мен терісін дайындауда және өткізуде қиындық туғызады, мұның өзі оған деген сұраныс пен тұтынушылық құнды төмендетеді. Осыған байланысты қаракөл қойы санының азаю үрдісі байқалып отыр. Дегенмен, ғылыми ұйымдар тірі салмақ пен тез жетілуді арттыру бағытында генофондты сақтап қалу бойынша жұмыстар жүргізуде.

      Асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту тәсілдерінің бірі қолдан ұрықтандыру болып табылады. Облыста 33 пункт жұмыс істейді.

      Сиырды азықтандырудың құнарлы рационын пайдалану сүтті табынның генофондын нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Дайындалған жем-шөп көлемі 4 612,1 мың тоннаны құрайды және малдың 97 %-ын қамтамасыз етеді, жем-шөп құрылымы бойынша белгілі бір проблемалар бар. Сүрлем мен пішен сияқты жем-шөптің маңызды түрлерін дайындау жүргізіледі. Малдың негізгі рационы сабаннан, шөп пен концентраттардан тұрады, бұл сүтті малдың өнімділігін жоғарылатпайды. Бұл проблема шаруа қожалықтары үшін аса өзекті.

      Жайылымдық ресурстарды дамыту

      Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы алқаптарының қайта айналмайтын экологиялық өзгерістері, жердің тозу процестерінің күшеюі байқалып отыр. Жайылымдарға, әсіресе, ірі елді мекендердің маңында малды тым көп жаюды облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының тозуына ықпал ететін негізгі антропогенді фактор ретінде атап көрсетуге болады, бұл олардың жойылуына – дигрессияға әкеп соқтырады.

      Мұнда жем-шөп алқаптарындағы шығымдылықтың төмендегені байқалып отыр, жайылымдардың нашарлау процесін, негізінен, шөлейттену процестері дамуының ең басты көрнекі үлгісі деп санауға болады. Облыстың жайылымдарының негізгі тозу белгілерінің бірі жайылымдардың жоғары дәрежеде тапталуы болып табылады, сол жерлерде дефляция процестері көріне бастайды.

      Жайылымдардың тапталуы өсімдіктедің бағалы түрлерінің арамшөппен және мал жемейтін өсімдіктермен алмасуынан, шығымдылықтың азаюынан, пайдалану маусымдарының шектелуінен көрінеді. Көбірек тапталған учаскелер құдықтар мен мал суаратын жерлердің маңайына шоғырланатынын атап өткен жөн.

      Тозу көріністері Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аудандарында көбірек байқалады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1945,7 мың га немесе облыс аумағының 16,4 %-ы.

      Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бағалауға сәйкес алқаптардың жалпы ауданының 38 %-ы сортаң, 34 %-ы дефляцияланған, 19 %-ы тұзды аймақтарға жатады, 6 %-ы ғана жағымсыз белгілері жоқ жерлерге тиесілі.

      Жайылма мен сағада орналасқан табиғат кешендерінің тозу проблемасы ерекше назар аударуды талап етеді. Жайық өзенінің жайылмасы мен тармағында құрғау процесі басталғанын атап өту қажет, алқаптағы жүйенің 132,6 мың га осы процеске ұшыраған, бұлар облыстың аса бағалы шабындық алқаптары болып табылатыны белгілі.

      Жайылым ретінде пайдаланылатын ландшафтардың экологиялық жай-күйіне жердің тозуының аса қауіпті түрлері болып табылатын ылғалдылықтың сипаты мен дәрежесі, жел және су эрозиясы зор әсерін тигізетінін атап өту қажет.

      Осылайша, түрлі табиғи процестердің салдарынан соңғы онжылдықтар бойы гидроморфты ландшафтар ауданы айтарлықтай қысқарды. Атап айтқанда, облыстағы шалғын көгалды жерлер 3 есе, құрақты жерлер 14 есе азая түсті. Жалпы, облыс бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының шығымдылығы мен жем-шөп қорының азайғаны байқалып отыр.

      Облыс шаруашылықтары жем-шөп дақылдары ауданының үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Соның арқасында облыстағы қара шөптің жалпы қажеттілігінің 25-30 %-ын құрайтын жыл сайынғы жем-шөп тапшылығының 1/3-ін жабуға болады. Бүгінгі таңда 200 га жуық алқапта көпжылқы жем-шөп дақылдары егілген, 2015 жылға қарай мұны 1021 га дейін жеткізу жоспарланып отыр.

      Бұл проблемаларды шешу үшін ӘКК мынадай бағыттарда жәрдем көрсететін болады:

      1) жайылымдық жүктемені азайту; оңтайлы жүктемеге жуық жүктемені сақтай отырып, экологиялық негізделген жайылым айналымын енгізу және жайылым айналымы жағдайларында далалық генетикалық резерваттар (тыныш аймақтар) құру;

      2) уақытша су ағыстары мен шағын өзендерде су шаруашылығы құрылыстарын оңтайландыру;

      3) көпжылдық жем-шөп дақылдарын өсіруге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржылай қолдауды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу.

      Балық өнімдерінің өндірісі

      Бекіре, майшабақ, ақмарқа, торта, шортан, көксерке, сазан мен жайын өңірдегі кәсіпшілік балықтың негізгі түрлері болып табылады.

      Балық пен балық өнімдерін өндіру, экспорттау мен импорттау көлемінің деректеріне сәйкес Қазақстандағы көрнекі тұтынудың жалпы көлемі – 58,9 мың тонна. Ал халықтың балық пен теңіз өнімдерін нақты тұтыну көлемі 145 мың тоннаны құрайды. Осылайша, ұсыныс көлемі іс жүзіндегі сұраныстың 41 %-ын ғана жабады.

      Қазақстанда шығарылған балықтың 85 %-ы экспортталады. Оның 30 %-ы Атырау облысында шығарылған өнімдердің экспортына тиесілі.

      Бекіренің қара уылдырығының нарығы неғұрлым перспективалы тауар нарықтарының бірі болып табылады, бес ел: Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Әзербайжан мен Иран оның негізгі экспорттаушылары болып табылады.

      Бекіре мен қара уылдырық өндірісін дамытуды балықты өсіру, молайту жөніндегі, сондай-ақ оны аулау, қабылдау және сақтау жөніндегі қажетті инфрақұрылымның болмауы тежеп отыр.

      "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" Атырау облыстық әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 қаулысына сәйкес балық шаруашылығы су тоғандарын пайдалану құқығын 2016 жылға дейін 10 жыл мерзімге 14 табиғат пайдаланушы алды. Оның ішінде 9-ы Жайық өзені бойынша және 5-еуі Қиғаш өзені бойынша.

      2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың табиғат пайдаланушылары 13,0 мың тонна балық өндірді, бұл 2012 жылы бөлінген лимитті игерудің 38 %-ын құрайды. Оның ішінде, кәсіпшілік аудандары бойынша өндіру Каспий теңізінде 5,0 мың тоннаны немесе бөлінген лимиттің 27 %-ын, алқабымен бірге Жайық өзені бойынша по реке 5,0 мың тоннаны немесе бөлінген лимиттің 47 %-ын және Қиғаш өзені бойынша 3,0 мың тоннаны немесе бөлінген лимиттің 60 %-ын құрайды. Жедел ақпаратқа сәйкес 2012 жылы балық өнімдерінің өндірісі 9,3 мың тоннаны немесе 2011 жылсен салыстырғанда 71,2 %-ды құрайды.

      Балық шаруашылығының дамытудың 2006 – 2015 жылдарға арналған жоспарына сәйкес инвестициялар көлемінің ұлғайғаны байқалып отыр. 2012 жылы балық шаруашылығының дамытуға 159,7 млн. теңге жеке меншік инвестициялар тартылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 135 % жоғары.

      Өңірдің балық саласын дамыту Атырау облысында балық саласын дамыту стратегиясында айқындалған бағыттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Айталық, осы стратегияға сәйкес мыналар қаралып отырған саланың проблемалары болып табылады:

      1) кәсіпқой кадрлардың болмауы;

      2) қомақты капитал салымдарын талап ететін балық саласының еңбекті көп қажет етуі;

      3) кәсіпшілік өңдеу жөніндегі жеке меншік кәсіпорындардың, қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар мен зерттеу мекемелерінің өндірістік қуаттарының шектеулі болуы;

      4) инвестициялардың төмен деңгейі (ауыл шаруашылығының өзге салаларымен салыстырғанда);

      5) дамымаған инфрақұрылым;

      6) Жайық-Каспий бассейінінде саланы бірыңғай басқарудың болмауы;

      7) ғылыми қамтамасыз етудің нашар болуы.

      Тамақ өнімдерінің өндірісі және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу

      Атырау қаласындағы "Атырау-Дәм" ЖШС, сүт өңдейтін зауытты қоспағанда, облысты ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Аталған кәсіпорындарда бұрын сүт және сүт өнімдерінің негізгі көлемі шығарылған болатын, негізгі шикізат ретінде сүт ұнтағы пайдаланылған. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорындар бос тұр.

      Облыс бойныша 16 дайындау пункті жұмыс істейді, оның ішінде нт сатып алу бойынша – 6, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алу бойынша – 2, былғары шикізаты мен жүн сатып алу бойынша – 6, сүт сатып алу бойынша – 2 және қолдан ұрықтандыратын 33 пункт. Балық кәсіпшілігімен айналысатын шаруашылық құрылымдардың саны – 29, оның ішінде Атырау қаласының ауылдық округтерінде – 14, Құрманғазы ауданында – 15.

      Бүгінгі таңда облыста 40 қайта өңдеу цехы жұмыс істейді. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 8, жалпы қуаты тәулігіне 7,5 мың тонна, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 4, қуаты 4,0 мың тоннаға жуық, балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша – 28, қуаты 0,4 мың тонна. Жүн мен тері-былғары шикізатын өнеркәсіптік қайта өңдеу облыста жүргізілмейді. Қайта өңдеуші цехтардың көпшілігі 60-70%-ға жүктелген.

      Тұтыну стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан облыс тұрғындарының тамақ өнімдерін тұтынуын талдау ет, көкөніс пен бақша дақылдары бойнынша тұтыну шекті мәндердің деңгейінде, ал балық бойынша одан жоғары екенін көрсетсе, картоп, жеміс, жидек, сүт пен жұмыртқа бойынша іс жүзіндегі тұтыну стандарттардан төмен екенін көрсетіп отыр.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі мардымсыз, еттің, сүттің, көкөністердің негізгі көлемі азық-түлік базарларында өңделмеген күйде өткізіледі.

      Негізгі проблемаларды талдау:

      1) кәсіпорындардың технологиялық қайта өңдеу жабдықтарымен жарақтандырылуының төмен болуы;

      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың технологиялық жабдықтарының тозу дәрежесінің жоғары болуы;

      3) шикізаттың болмауына байланысты қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар қуаттарының толық жүктелмеуі;

      4) тұрғындар өндірген өнімдердің артық бөлігін сатып алу жүйесінің болмауы.

      Негізгі сыртқы және және ішкі факторларды бағалау:

      1) тамақ өнімдерінің өндірісі технологияларының кенже қалуы;

      2) алыс және таяу шет елдердегі өткізу нарықтарынан айырылу;

      3) азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелділіктің күшеюі.

      Атырау облысының экономикалық мамандану мүмкіндіктері

      Қазіргі уақытта өңір экономикасының шикізаттық бағытталуы айқын көреніде, оның құрылымында кен өндіру өнеркәсібінің иленетін үлесі қомақты, мұның өзі оны Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіру саласына маманданған ірі шикізат өңірі ретінде көрсетеді.

      Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау мынаны көрсетті: республика экономикасында өңірдің бәсекеге қабілетті мамандануын дамыту үшін мыналар келеңсіз факторлар болып табылады: өңірдің республикадағы негізгі өткізу нарықтарынан қашық орналасуы, өндіріс пен экспорттың шикізатқа бағдарлануы, су ресурстарының шектеулі болуы, жердің өнімділігі төмен аумақтардың көп болуы, көліктік инфрақұрылымның және көліктік*-логистикалық саланың жеткіліксіз дамытылуы.

      Сонымен қатар, қолда бар шикізат ресурстары, облыстың көліктік әлеуеті перспективада халықаралық сауда жүйесінде облысты технологиялық аутсорсинг пен халықаралық өнеркәсіптік кооперация негізінде экспорттық өндірістерді орналастыратын өңір ретінде позициялау үшін алғышарт жасайды.

      Өңір экономикасының құрылымын оңтайландыру экономиканың шикізаттық тәуелділігін азайтуға және өңдеуші өнеркәсіптің, көлік пен көрсетішлетін қызметтер саласының үлесін ұлғайтуға және өңірді дамыған индустриялық-сервистік өңір ретінде көрсетуге бағытталуға тиіс.

      Мұнай-газ өндіру өнеркәсібімен қатар мыналар өңір экономикасын дамытудың перспективалы бағыттарына айналуы мүмкін:

      1) мұнай мен газды терең өңдеу;

      2) негізінен мұқнай секторына қызмет көрсетуге бағдарланған экономиканың өңдеуші секторын дамыту;

      3) балық өсіру және өңдеу;

      4) құрылыс индустриясын дамыту;

      5) мал шаруашылығы өндірісін дамыту (мал шаруашылығы, балық аулау, жылыжайдағы өсімдік шаруашылығы, ет-сүт өнімдері).

      Өңірлік экономиканы әртараптандыруды өнеркәсіп салаларын және мұнай-газ саласына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметтерді дамытудан бастаған жөн.

      Мұнай-газ саласының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер өндірісі үшін (қосалқы бөлшектер, жабдықтар, тамақ өнімдері, арнайы киім және басқалары) өңірдің шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмылдырылуға тиіс. Алайда, ірі кәсіпорындардың қосалқы келісімшарттық жұмыстарды шағын және орта бизнеске беруін тежейтін проблема бар, ол мұнай-газ саласының, негізінен, шетелдік ірі кәсіпорындары өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдаған кезде өндірілетін өнімді халықаралық сапа және өнім қауіпсіздігі стандарттарына (ИСО-9000 және басқалары) сәйкес сертификаттауды талап ететіне сайып келеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндіретін тауарларды халықаралық сертификаттаудан өткізу жөніндегі рәсімдердің күрделілігі, ұзақтығы мен құнының жоғары болуы да проблема болып табылады. Жергілікті компаниялар өнімнің сапа стандарттарын сертификаттаған кезде қолдауды қажет етеді. Стандарттаудың болмауы тағы бір тежеуші фактор болып табылады. Ұлттық өнімдер мен өңдеу стандарттарын айқындау кезінде мұнай-газ секторы үшін маңызы бар өнімдерге басымдық берілуге тиіс.

      Тұтастай алғанда, өңдеуші өнеркәсіптің орта мерзімді перспективада айтарлықтай өсуге қол жеткізе алатын басым шағын секторына мналарды жатқызуға болады:

      1) машина жасау (жабдықтар, қосалқы бөлшектер мен мұнай-газ саласына арналған өзге де машина жасау өнімдерінің өндірісі);

      2) металлургия және металл өңдеу (металл конструкцияларының, құбырлардың, металл илемінің және құрылыс индустриясы мен мұнай-газ саласына арналған дайын металл өнімдерінің, кәбіл-сым өнімдерінің, жартылай өткізгіш жаңа және композициялық материалдардың өндірісі, қайтала шикізат пайдаланылатын қорытпа өндірісі және сынықтар мен қалдықтар негізіндегі сорт-илем өндірістері, басқалары);

      3) химикаттар (ауыл шаруашылығы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі үшін);

      4) ет-сүт, балық және көкөніс өнімдері.

      Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, өз кезегінде, ішкі және сыртқы нарықтар үшін қомақты көлемдегі жүк жасау арқылы логистика индустриясын ынталандырады және қолдайды.

      Өңірдің жаһандық факторларын талдау

      Саяси факторлар

      ӘКК қызметі Қазақстан Республикасынщдағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, қолданыстағы заңнаманың мемлекеттік саясат бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын талаптарына сәйкес келеді.

      Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ӘКК Қазақстан Республикасының өңірлік экономикасын дамыту жөнінде мемлекет алға қойған міндеттерді басшылыққа алады.

      Осы саладағы қысқа мерзімді құбылыстарды да, ұзақ мерзімді құбылыстарды да дамыту бағдарламалық іс-шараларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары тарапынан қабылданып жатқан шараларды ұдайы талдаумен, мониторингтеумен сүйемелденеді. Қалыптасып отырған жағдайға байланысты мемлекеттің аграрлық саясатына түзетулер енгізіледі, оларды ӘКК өз қызметінде ескереді.

      Құқықтық факторлар

      ӘКК өз қызметінде 2014 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын басшылыққа алады.

      Шаруашылық факторлар

      Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі нәтижесінде азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің ұлғаюы және аграрлық саясаттың әрқилы шараларын қолдану бойынша шектеулердің күшеюі өңірлік экономиканың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуге қабілетті маңызды факторға айналуы мүмкін.

      Демографиялық факторлар

      Өңір тұрғындарының демографиялық өсуі және азық-түлікке деген қажеттіліктің артуы ӘКК-ге өңір АӨК өнімдерінің экспорттық әлеуетін ұлғайтуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды ойдағыдай әрі ұзақ мерзімді негізде іске асыруына мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, халықтың урбанизациясы қала халқының ерте пісетін жеміс-көкөніс өнімдерін тұтынуының өсуіне, жаңа көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжай кешендерін салу қажеттігіне алып келеді. Бұдан басқа, халықтың әл-ауқатының жақсаруы мен өсуінің факторы тұтыну құрылымы сапасының өзгеруіне әкеп соғады: тұтынушылар қоржынында жартылай фабрикаттар мен дайын азық-түлік бұйымдарының үлесі ұлғаяьын болады.

      Технологиялық факторлар

      Өндірістің тиімділігі мен техникалық қайта жарақтану, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жылдамдығы мен ең жаңа технологияларды тарту облыс экономикасын технологиялық дамытуға ықпал ететін түйінді факторлар болып табылады. Бұл факторлардың технологиялық дамуға ерекше әсері қазақстандық экономиканың құрылымымен, ағымдағы жай-күйімен және өсу үрдістерімен әрі елдің ғылыми-техникалық саласында қалыптасқан жағдаймен негізделген.

      Экономикадағы жаңа технологияларды енгізудің ағымдағы жай-күйі қажетті деңгейге сәйкес келмейді және өнімдердің орнықты өсуін, жаңа тауарларды әзірлеуді және енгізуді, бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым жоғары деңгейіне шығуды қамтамасыз етпейді.

      Осылайша, кәсіпорындарды толық ауқымда жаңғыртуды жүргізу талап етіледі, ол өнімділігі төмен әрі еңбекті қажет ететін жабдықтарды замануи әрі нғұрлым тиімді жабдықтармен алмастыруға мүмкіндік береді.

      Қазіргі уақытта саланың жедел технологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті ғылыми-зерттеу базасының болмауы және әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи жабдықтарды шығару жөніндегі қуаттардың болмауы Атырау облысын техникалық және технологиялық жаңғырту процесін технологияларды тартуға тәуелді етеді.

      Осыған байланысты, отандық өндірістің технологиялылығы деңгейін жоғарылату Компанияның жоғары технлогиялы әрі өнімділігі жоғары жабдықтер мен техниканы сатып алуды қаржыландыру жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне кәсіпкерлер сұранысын ұлғайтуға алып келетіні сөзсіз.

      Ішкі ортаны талдау

      1) "Атырау" ӘКК қызметінің саласы мен құқықтық мәртебесі

      ӘКК акционерлердің жалпы жиналысының 2010 жылғы 26 сәуірдегі шешімінің негізінде құрылған, онда "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ қайта ұйымдастырылып, оның құрамынан Атырау облысы үшін бөлек "Ұлттық компания" мәртебесімен "Акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанындағы "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бөлінді.

      "Атырау" ӘКК өзіне берілген мемлекеттік активтерді (жер учаскелері, жер пайдалану құқығы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері және т.б.) пайда алу үшін тиімді пайдалану жолымен басқаратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация болып табылады, бұл пайда коммерциялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалуға тиіс.

      Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, қаржы құралдарын тиімді пайдалану және берілген активтерді басқару жолымен акционерлер үшін компания құнын жоғарылату ӘКК-нің коммерциялық құрамдасының негізгі мақсаты болып табылады.

      2) Корпоративтік басқаруды талдау және тиімді менеджмент жүйесін енгізу

      Басқарушы компания ретінде "Атырау" ӘКК өз қызметінде корпоративтік басқарудың заманауи жүйесінің қағидаттарын негізге алады. ӘКК корпоративтік басқаруды негізгі үш құрамдауыш бойынша бағалайды: құрылым, процестер мен ашықтық.

      Компанияда мынадай органдар қалыптасқан:

      1) жоғары орган – акционер тұлғасындағы жалпы жиналыс;

      2) басқару органы – Директорлар кеңесі;

      3) өара іс-қимыл жасау органы – Корпоративтік хатшы;

      4) бақылау органы – ІБҚ;

      5) атқарушы орган – Басқарма.

      Директорлар кеңесі 5 адамнан тұрады: Директорлар кеңесінің төрағасы – облыс әкімі, Директорлар кеңесінің мүшелері: облыс әкімінің бірінші орнынбасары, "Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы, сондай-ақ тәуелсіз екі директор.

      Компания қызметіне жалпы басшылық жасау, акционерлердің мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету және құқытарын қорғау, Компания қызметінің қағидаттары мен нормаларын белгілеу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Компанияның басқарма төрағасының қызметін бақылау Директорлар кеңесі қызметінің мақсаттары болып табылады.

      Корпоративтік хатшы барлық департаменттер мен Директорлар кеңесі қызметінің өзара байланысын қамтамасыз етеді. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы мен оның мүшелеріне тікелей бағынысты болады.

      Компанияның тікелей жұмысын қамтамасыз ету үшін Басқарма нысанында атқарушы орган қалыптастырылады. "Атырау" ӘКК Басқарма құрамына мыналар кіреді: Басқарма төрағасы, Басқарма төрағасының орынбасарлары және әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры.

      Ішкі аудит: компанияның ақшалай қаражатын жұмсау, жекелеген құрылымдық бөлімшелерді ұйымдастыру, ішкі бақылаудың тиімділігі салаларындағы қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

      "Атырау" ӘКК-де корпоративтік басқару құрылымы, рәсімдері мен практикасы Жарғымен және компанияның ішкі құжаттарымен реттеледі:

      1) "Атырау" ӘКК корпоративтік басқару кодексі;

      2) лауазымдық нұсқаулықтар.

      ӘКК-де Корпоративтік басқару кодексі мен Іскери этика кодексі қолданылады, бұлар компания құндылықтарын, сондай-ақ оның жұмысы мен сыртқы коммуникация негіздерін айқындайды.

      Басқару компания ретінде ӘКК-нің маңызды міндеті сапалы корпоративтік басқару жүйесін құру болып табылады. Еншілес және тәуелді ұйымдарда (бұдан әрі – ЕТҰ) корпоративтік басқару жүйесін диагностикалаудың меншікті әдістемесін (бұдан әрі – Әдістеме) пайдалана отырып, ЕДҰ-ны корпоративтік басқару жүйесін жыл сайын диагностикалауды жүргізу осы бағыттағы түйінді қадамдардың біріне айналды. Әдістеме корпоративтік басқарудың ең үздік практикасына сәйкестік рейтингін айқындауға мүмкіндік береді және ӘКК компанияларында корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін ұдайы мониторингтеу құралына айналуға тиіс.

      Еншілес және тәуелді ұйымдарда корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін айқындау үшін ӘКК Корпоративтік басқаруды диагностикалаудың меншікті әдістемесін пайдаланады. Әдістеме корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік практикасы стандарттарының негізінде әзірленген. Диагностикалаудың мақсаты үздік практика негізінде корпоративтік басқару жүйелерін бағалау мен дамытудың құрылымдалған әрі дәйекті тәсілі арқылы ӘКК ЕТҰ-дағы корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату болып табылады. Қолданыстағы Әдістеме корпоративтік басқарудың ең үздік практикасына сәйкестік рейтингін айқындауға мүмкіндік береді және ӘКК компанияларында корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін ұдайы мониторингтеу құралы болып табылады.

      Әдістеме алдыңғы қатарлы мынадай стандарттардың негізінде әзірленген:

      1) GAMMA Standard&Poor’s әдіснамасы;

      2) Fitch және Moody’s рейтингтік агенттіктерінің корпоративтік басқаруға қойылатын талаптары;

      3) ЭЫДҰ корпоративтік басқару қағидаттары;

      4) мемлекет қатысатын компаниялар үшін ЭЫДҰ-ның корпоративтік басқару жөніндегі ұсынымдары.

      Диагностикалаудың мақсаты үздік практика негізінде корпоративтік басқару жүйелерін бағалау мен дамытудың құрылымдалған әрі дәйекті тәсілі арқылы ӘКК ЕТҰ-дағы корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату болып табылады.

      Диагностикалау нәтижелері бойынша басқару жүйесіндегі кемшіліктер анықталып, компаниялардағы басқару сапасын жақсарту жөніндегі қадамдар айқындалады. Сондай-ақ диагностикалау нәтижелерінің негізінде тиісті компаниялар Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарларды іске асыоады.

      Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі компания қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне, ашықтықты арттыруға, шешім қабылдау процесінің толықтығына әсерін тигізіп қана қөоймай, инвесторлардың компанияны қабылдауына да оң ықпалын тигізеді.

      Корпоративтік басқару саласында "Атырау" ӘКК акционер ұсынатын саясатты ұстанады;

      Бұл салада мыналарға ерекуше назар аударылады:

      1) ай, тоқсан, жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша корпорация қызметінің нәтижесі туралы акционер алдындағы есептілік;

      2) жылдық бюджеттің уақтылы әзірлеу және бекіту;

      3) жыл сайын аудиторлық есеп жүргізу;

      4) жобаларды қаржыландыру жоспарларын келісу;

      5) стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды әзірлеу және т.б.

      Қазіргі кәсіптік-зияткерлік деңгей, жұмысқа қабілетті жас, компания қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі компанияны серпінді дамыту үшін жақсы алғышарт болып табылады.

      Басқарудың тиімді моделін қамтамасыз ету үшін ӘКК үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін заманауи корпоративтік басқару стандарттарын белсенді енгізуге тиіс. Бұл тиімділікті қамтамасыз етуге және компаниялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

      Тиімді менеджмент жүйесі енгізіледі, нарық жағдайларында оның жұмыс істеуіне байланысты барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған ішкі бақылау және мониторинг тетіктері жолға қойылады, корпоративтік басқару рейтингі енгізіледі.

      3) "Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ-ның активтері мен еншілес компаниялары

      Компанияға берілген активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету "Атырау" ӘКК-ге Компанияның қаржы-шаруалышық қызметінің көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіндік береді, бұл ұзақ мерзімді перспективада қосымша қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оған қазақстандық қор биржасында акцияларды орналастыруға мүмкіндік береді. "Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ активтерінің тізімі 1-қосымшада келтірілген.

      Еншілес және тәуелді компаниялар қызметінің нәтижелерін талдау оларды кірісі төмен, тіпті шығынды компаниялар ретінде сипаттайды. ЕДҰ көпшілігі экономиканың әлеуметтік бағдарланған секторларында жұмыс істеген немесе олардың кірісінің негізгі көзі бюджеттік қаржыландыру болды. Берілген ЕТҰ-лардың материалдық-техникалық базасы жаңғыртуды, қайта жаңартуды және толық жиынтықтауды қажет етеді. Акционермен өзара тығыз іс-қимыл жасау арқылы оңалту және ӘКК-нің шығынсыздық деңгейіне шығуы ӘКК қызметінің түйінді бағыттарының бірі болып табылады.

      Тәуекел-менеджмент жөніндегі стратегия нарықта жұмыс істейтін құрылым ретіндегі ӘКК үшін түйінді болып табылады. "Атырау" ӘКК қызметін реттейтін бизнес-процестері қарау, талдау сатысында әлеуетті бизнес жобаларды бағалауға мүмкіндік береді.

      Компания қызметкерлері бизнес жобаларды қарау кезінде қағидаларды ұстанады және бизнес-тәуекелдерді айқындау, басқару бойынша сандық және сапалық талдау жүргізеді.

      "Атырау" ӘКК тәуекелін басқару моделі № 1 схемада келтірілген.

      № 1 схема. Тәуекелдерді басқару моделі



      "Каспий", "Тобыл" және "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасызету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі ортақ идеологияға – өзі құрылған тиісті облыстың экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

      Қызметтің осы бағыттарына сәйкес Жобада алға қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде "Атырау" ӘКК-нің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және Атырау облысының атқарушы билік органдарының әріптестігі қағидаттарын іске асыру көзделген.

      Компанияның жарғылық капиталы – 3 007 180 000 теңгені құрайды. Бүгінгі күні "Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ-ның қаржы инстиуттарынан алған кредиттік қарызы жоқ.

      2011 жылғы аудиторлық қорытындыға сәйкес Компанияның жалпы кірісі 1 444 382 мың теңгені, шығыстары 1 429 096 мың теңгені құрады. Жылдың қорытындылары бойынша таза пайда 15 286 мың теңгені құрайды.

      2011 жылғы қаржылық есептілікті жалғыз акционер бекітті.

      Жарғылық капиталды төлеуге берілген мемлекеттік активтерді одан әрі дамыту және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында компания еншілес ұйымдарды капиталдандыруға бағытталған инвестицияларды жоспарлап отыр. Компания қаржылық қызметті жақсартуға бағытталған мынадай шараларды жүргізетін болады:

      1) ЕТҰ-ның негізгі қорларын жаңарту үшін оларды қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы мен түйінді процестерін оңтайландыру;

      3) жобалар мен еншілес ұйымдарды қаржылық мониторингті жүзеге асыру;

      4) шешім қабылдау рәсімдері мен бизнес-жобаларды таңдау, талдау өлшемдерін жүйелендіру;

      5) ықпалдастырылған менеджмент жүйесін пайдалану;

      6) еншілес компанияларда байқау кеңестерін (тексеру комиисяларын) құру.

      7) шығынсыздық деңгейіне шығу мерзімі.

      4) Инвестициялық қызмет

      Экономиканың нақты секторына инвестициялардың ауқымды құйылуы Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының айқындаушы шарттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта отандық инвесторлардың ұсынысы инвестициялық ресрустарға деген өсіп келе жатқан ішкі сұранысты үнемі қанағаттандыратындай күйде бола бермейтінін ескерсек, тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) маңызы зор. Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары (ИҚО) өңірлерге инвестициялар тарту жөніндегі тиімді құралдардың біріне айналады.

      Инвесторларға қызмет көрсету орталығы Директорлар кеңесі отырысының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № СД-20/01-2013-СПК шешімімен құрылған.

      ИҚО негізгі міндеттері:

      1) өңірге инвестициялар тарту үшін инвесторлар іздеу;

      2) инвесторлардың жобаларын өңірлік деңгейде сервистік қолдау және сүйемелдеу болып табылады.

      ИҚО функциялары:

      1) өңір үшін отандық және шетелдік инвесторларды, қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестерді іздеу;

      2) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функцияларын жүзеге асыру;

      3) инвесторлар үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға жәрдемдесу;

      4) әлеуетті инвесторлар үшін перспективалы және қолданыстағы жобалар бойынша өңірлік дерекқорды қалыптастыру және енгізу;

      5) ИҚО құзыретінің шегінде облыс аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;

      6) жеке инвестор мен мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында диалог алаңқайын құру;

      7) инвесторлардың проблемалы мәселелерін өңірлік деңгейде шешуге қатысу, инвесторлардың мүддесін қорғау;

      8) инвесторларды, уәкілетті мемлекеттік органдарды, жұмылдырылған даму институттарын және өзге де мүдделі ұйымдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      9) жергілікті кәсіпкерлер үшін инвестициялар тартуға және оларды тиімді пайдалануға қатысты оқыту семинарларын өткізу;

      10) инвесторлардың уәкілетті мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерін, кездесулерін, "дөңгелек үстелдерін" ұйымдастыру;

      11) қазақстандық және шетелдік тараптардың қатысуымен инвестициялық форумдар/ көрмелер ұйымдастыру;

      12) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңір мүддесін білдіру;

      13) қазақстандық және шетелдік тараптар арасында бірлескен кәсіпорындар құру үшін әлеуетті әріптестер іздеу;

      14) ИҚО құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар, жергілікті кәсіпорындар мен инвесторлар арасында шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қоюға жәрдемдесу;

      15) инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде өзге де қызметтер көрсету.

      Компания жанынан ИҚО құруға 2 маман жұмылдырылған.

      2013 жылы Инвесторларға қызмет көрсету орталығы облыстың www.atyrauinvest.kz инвестициялық порталын әзірледі. Портал 3 тілде жұмыс істейді: қазақ, орыс және ағылшын. Сайт ATYRAU INVEST 2013 форумы кезінде онлайн тіркелу мен жұмысты жария етудің тиімді құралына айналды. Сайтта пайдалы ақпарат пен өңір туралы, қаржыландыруды талап ететін жобалар туралы бенероликтер орналастырылған, сондай-ақ кездесу белгілеу мүмкіндігі бар. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 30652 рет қаралған, оның ішінде шет елдерден 1346 рет қаралған.

      Өндіріске инвестициялар тарту мақсатында ИҚО Атырау облысының инвестициялық тартымдылығын ҚР-ның шет елдердегі сауда өкілдіктері, KazNex арқылы ілгерілету бағдарламасын әзірлеуге; халықаралық ұйымдармен, бизнес-форумдармен ынтымақтастыққа қатысады, Кеден одағының шеңберінде әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жандандырады.

      Облыс аудандарының инвестциялық тартымдылық картасын әзірлеу жоспарланып отыр. Мысалы, құрылыс материалдарының кені бар Индер ауданында құрылыс индустриясын дамыту. Бұл шара индустриялық парктерге ғана көңіл аударып қоймай, ТШИ-ді Атырау облысының барлық аудандарына таратуға мүмкіндік береді.

      Инвестициялық қызмет бойынша Компания бизнес-жобаларды іріктеудің № 1-кестеде келтірілген өлшемдерін басшылыққа алатын болады:

      № 1-кесте. Бизнес-жобаларды іріктеу өлшемдері

Жобалардың жіктемесі

Тиімділік көрсеткіштері

NPV, мың теңге

IRR, %

DPB, жыл






1

Өңдеуші секторды дамыту жөніндегі бизнес-жобалар

оң

15 %-дан артық

5 жылдан аспайды

2

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі бизнес-жобалар

оң

15 %-дан артық

10 жылдан аспайды

3

Қазақстандық өнімнің экспортын дамыту жөніндегі бизнес-жобалар

оң

15 %-дан артық

7 жылдан аспайды

4

Инфрақұрылымдық жобалар

оң

15 %-дан артық

10 жылдан аспайды

5

Әлеуметтік жобалар





      Бұған қоса, бизнес-жобаларды қарау кезінде "Атырау" ӘКК мыналарды ескеретін болады:

      1) жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы;

      2) құрылатын жұмыс орындарының саны;

      3) мұқият пысықталған бизнес-жоспар;

      4) компаняны дамытудың пысықталған ұзақ мерзімді жоспары.

      "Атырау" ӘКК қалыптасу кезеңінде тұрғандықтан, бюджеттік қаржыландыру Компания үшін өте маңызды болмақ. Бюджеттен қаржыландыру болмаған жағдайда, инвестициялық жобаларды іске асыру қиындық туғызады.

      Төменде ӘКК қызметіне қолдануға болатын қаржыландыру құралдары келтірілген:

      1) мемлекеттік қаржыландыру;

      2) жарғылық капиталға негізгі құралдармен және ақша қаражатымен, жер қойнауын және жер пайдалану құқықтарымен қатысу;

      3) экономикалық тартымды және тиімді жобаларды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" мен даму институттары (Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық қор) арқылы қаржыландыру;

      4) екінші деңгейдегі банктермен Бас келісімге қол қою арқылы олардан қаржы тарту;

      5) Компанияның қатысу үлесі бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша коммерциялық банктерге кепілдіктер беру;

      6) іске асырылатын жобалар шеңберінде шоғырландырылатын кірістерді жинақтайтын еншілес компания құру;

      7) қор құралдары.

      Компания құрылатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу жолымен инвестициялық жобаларға қатысу саясатын жүзеге асырады. Компанияның инвестициялық жобалардағы үлестерін тиімді басқару компания қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда "Атырау" ӘКК-нің қатысуымен жалпы сомасы 542,2 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылған.

      "Атырау" ӘКК-нің инвестициялық қоржынында жалпы сомасы 90,417 млрд. теңгеге 28 инвестициялық жоба бар.

      1) іске асырылып жатқан – жалпы сомасы 76,593 млрд. теңгеге 12 жоба;

      2) қаралып жатқан – жалпы сомасы 12,352 млрд. теңгеге 7 жоба;

      3) тоқтатыла тұрған – жалпы сомасы 1,112 млрд. теңгеге 8 жоба.

      26 инвестициялық жоба іске асырылу сатасында, оның ішінде:

      1) жалпы сомасы 72,818 млрд. теңгеге 5 жоба өнеркәсіп саласында;

      2) жалпы сомасы 3,775 млрд. теңгеге 7 жоба ауыл шаруашылығында;

      3) жалпы сомасы 798, 36 млн. теңгеге 14 жоба жер қойнауын пайдалану саласында.

      Іске асырылған жобалар бойынша іс жүзінде қаржыландырылған сома – 542,20 млн. теңгені құрайды, оның ішінде "Атырау" ӘКК-нің қатысуы – 169,60 млн.теңге, әріптестер – 372,60 млн. теңге. Инвестиция тарту көрсеткіші 2,20 теңгені құрайды.

      5) Инновацияларды енгізу

      Инновацияларды енгізу бизнес-жобалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың құралы болып табылады, бұл – даму мен кірістіліктің катализаторы.

      Атырау облысында ШОБ кәсіпорындары арасында инновацияларды дамыту проблемалы болып табылады, өйткені облыста инновациялық қызметті енгізу тәжірибесі жоқ, кәсіпкерлердің өздері инновацияларға назар аудара бермейді.

      Инновациялардың мынадай түрлері бар:

      1) өнімдердегі өзгерістерге байланысты азық-түлік саласында;

      2) өндіріс әдістеріне таралатын технологиялық;

      3) әлемуеттік сиптаттағы факторларды қозғайтын бейтехнологиялық;

      4) шаруашылық қызметтің эксоноикалық нысантарына қатысты ұйымдық.

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына сатып алушылар қоятын талаптардың өзгеруі, жаңа өнімдердің түр-түрінің көбеюімен қатар оларды нарыққа шығару уақытының қысқаруы, бәсекелесіктің күшеюі сыртқы ортадағы өзгерістерге тауар өндірушілер тарапынан барабар ден қою қажеттігін туындатады. Басшылықтың жалпы стратегиялық қызметтеі жүргізуге және атап айтқанда, инновациялық қызметті жүзеге асыруға ниеттенуі мен ұмтылуы инновацияларды әзірлеу үшін маңызды түрткі болып табылады.

      Өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына сатып алушылар қоятын жаңа талаптарды үнемі анықтап тұру мақсатында кәсіпорындар мен соңғы тұтынушылар арасындағы байланысты жүзеге асыратын маркетинг пен өткізудің тиімді жүйесінің болуы инновацияларды енгізудің тағы бір негізгі шарты болып табылады.

      Сондай-ақ, инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпорындардың инновациялық әлеуеті болуы қажет, ол әртүрлі ресурстардың жиынтығы ретінде сипатталып, мыналарды қамтиды:

      1) зияткерлік (технологиялық құжаттама, патенттер, лицензиялар, жаңалықтарды игеру жөніндегі бизнес-жоспарлар, кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы);

      2) материалдық (тәжірибелік-аспап базасы, технологиялық жабдық, алаңдар ресурсы);

      3) қаржылық (меншікті, қарыз, инвестициялық, федералдық, гранттық);

      4) кадрлық (жаңашыл көшбасшы; инновацияларға мүдделі персонал; қызметкерлердің ғылыми-зерттеу институтымен және жоғары оқу орындарымен әріптестік және жеке байланыстары; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) жүргізу тәжірибесі; жобаларды басқару тәжірибесі);

      - инфрақұрылымдық (меншікті ҒЗТКЖ бөлімшелері, бас технолог бөлімі, жаңа өнім маркетингінің бөлімі, патентн-құқық бөлімі, ақпараттық бөлім, бәсекелестікті барлау бөлімі);

      инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ресурстар.

      Мыналар жаңа бұйымдардың нарыққа шығарылуына байланысты негізгі проблемалар ретінде саналады:

      1) кәсіпорындардың жұмыс істеу ортасының сыртқы факторларын талдаудың жеткіліксіздігі;

      2) нарықты дамыту және бәсекелестердің мінез-құлқының перспективалары;

      3) ішкі инновациялық, өндірістік, қаржылық және басқа да мүмкіндіктерді талдаудың жеткіліксіздігі;

      4) тиімсіз маркетинг және тауарды нарыққа шығарған кезде оны қолдаудың жеткіліксіздігі (немесе кәсіпқойлықпен қолданбауы).

      Инновациялық жобаларды ілгерілету кезінде "Атырау" ӘКК № 2-схемада келтірілген 6 бағыт бойынша құныдылықтар жасау стратегиясын ұстанатын болады.

      № 2-схема. Компания құндылықтары



      Сол арқылы, ӘКК Атырау облысындағы жобаларды іа кезінде мультипликативтік әсер жасай алады.

      № 3-схема. Бизнес-жобаларды қарау моделі



      Бұған қоса, әлеуетті жобаларды қарау кезінде компания қызметкерлері бизнес-жобаларды қараудың компания әзірлеген моделін ұстанатын болады. Модель № 3-схемада келтірілген.

      Ауыл шаруашылығында инновацияларды енгізу

      Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы секторында инновациялар өте баяу енгізіліп жатқанын байқау көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпкерлер басқа компаниялардың иннвацияларын (машиналар, жабдықтар және т.б.) сатып алып, өз қызметіне бейімдейді.

      Қазіргі проблемалар:

      1) жаңа өнімдер мүлдем дерлік жасалмайды және жаңғыртылмайды;

      2) жаңартылатын энергия көздері аз пайдаланылады;

      3) шаруашылық жүргізуші субъектілер технологиялық платформаларға (кластерлерге), мемлекеттік және жекешелік ғылыми-зерттеу ұйымдарына, сондай-ақ кооперативтер мен басқа да кооперативтік құрылымдарға жеткілікті түрде қатыспайды;

      4) жаңа немесе айтарлықтай жақсартылатын өнімдер мен процестерге байланысты оқыту құралдары жеткіліксіз пайдаланылады;

      5) біліктілігі жоғары жұмысшылар көп шақырылмайды;

      6) ақпараттық технологиялардың енгізілуі жеткіліксіз.

      Инновациялық белсенділікті күшейту мақсатында ӘКК бизнес-құрылымдарды агроөнеркәсіптік кешенге инновациялар енгізуге ынталандыратын болады.

      Атап айтқанда, балық шаруашылығында ӘКК тауарлық бекіре шаруашылығын ТСҚ (тұйық су алмасу құрылғысы) негізінде дамытуды көздейді, онда суды аз жұмсай отырып, тауарлық балықты (бекіре) жыл бойы өсіру көзделеді.

      Қондырғы мехнаикалық сүзгілерде, биосүзгілерде балықтың тыныс-тіршілігінің өнімдерінен үздіксіз тазартудан өткізіп, сондай-ақ үздіксіз оттегімен байыта отырып, судың қажетті сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Балық өсіруге арналған жабдық модульдік қағидат бойынша орнатылған. Бір модульдің өнімділігі – жылына 34 тонна бекіре. Жобада тәуелсіз 3 модуль орнату көзделген.

      Бекіре шаруашылығы, оның ішінде тауарлық бекіре шаруашылығы өнеркәсіптік-индустриялық негізде жолға қойылған Ресей Федерациясы мен басқа мемлекеттерде гибридті бекіре өсіру технологияларының негізгі үлгілері енгізілген: жер, су және энергетика ресурстарының болуына байланысты тоғанда, торда, бассейнде және аралас өсіру. Жабық үй-жайда бассейнде өсіру элементтерінің болуы балық өсіру кезінде қалдықтардың аз болуын көздейді және сонымен қатар балықтардың өсуі мен қысқа мерзімде нәтиже алу қарқындылығын қамтамасыз етеді.

      Басқа инновациялық қызмет

      Атырау облысындағы инновациялық қызметті дамыту шеңберінде ӘКК Атырау бизнес-инкубаторын қайта жаңартуға назар аударатын болады, мұнда ШОК-тың құрылыс және ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласындағы инновациялық жобаларына басымдық беріледі.

      Бизнес-инкубатордың қызметіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай және газ институты сияқты жергілікті жоғары оқу орындары жұмылдырылып, технологияларды әзірлеу мен оларды коммерцияландыру жүргізілетін болады. ҒЗТКЖ орталығы инновациялық әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі ҒЗИ-мен жергілікті жоғары оқу орындарының бірлескен бағытын құруды көздейді.

      № 4-схема.



      Бұған қоса, бірінші кезеңде (2013 – 2016) № 5-схемада келтірілген салалардағы жобалардың инновациялық даму басымдықтары.

      № 5-схема. Инновациялық дамудағы басым салалар



      7) ӘКК SWOT-талдау

Мықты тұстары:

Осал тұстары:

1) өңірдегі ұлттық компания мәртебесі;

2) компанияға жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік активтердің (жер активтері, жер қойнауын пайдалану құқығы, басқа да мемлекеттік мүлік) берілуі;

3) Атырау облысының әкімдігі тұлғасында акционердің және басқа да орталық атқарушы органдардың қолдауы;

4) білікті кадрлар құрамы;

5) бизнес-жобаларды орналастыру үшін ӘКК-нің қаржылық емес активтерінің болуы (жер ресурстары, жер қойнауын пайдалану құқығы, басқа да мүлік).

6) акционердің жыл сайын капиталданыруы арқылы айналық қаражатын толықтыру;

7) жобаларды қаржыландыру кезінде ӘКК мүмкіндіктерінің мол болуы;

8) өңірдегі тікелей жобалық қаржыландыруда бәсекелестердің болмауы;

9) ӘКК қатысатын жобаларға даму институттарыың қаражатын тарту мүмкіндігі;

10) әртүрлі бейіндегі активтермен жұмыс істеу тәжірибесі;

11) облыстық және республикалық бюджеттен қаржы қаражатын тарту;

12) халықаралық компаниялармен әріптестік.

1) жобалардың оңтайлы емес әрі кең салалық ауқымы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар берген әлеуметтік бағдарланған кәсіпорындардың болуы және соның салдарынан ӘКК күш-жігерінің "бытырап кетуі", салалық білім ұлғайтылмайды;

2) ӘКК капиталдандырудың жеткіліксіздігі;

3) бизнесті дамыту боынша шешім қабылдау жылдамдығының төмен болуы (көптеген шешімдерді, рұқсаттарды келісу);

4) Компанияға берілген актвитердің тиімсіз пайдаланылуы;

5) іс жүзінде қаржыландырылғанға дейін жобаларды қарау мерзімінің ұзақ болуы;

6) жер қойнауын пайдалану құқығын алу мерзімінің ұзақ болуы;

7) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ӘКК-нің операциялық шығыстарды жаппай қатысуы;

8) бизнес-қоғамдастықтың ӘКК қызметі мен мүмкіндігі туралы азхабардар болуы;

9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру жағдайларындағы жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіз болуы;

10) бизнес тарапынан сенімсіздік;

11) инновациялық, технологиялық және инженерлік сипаттағы инвестициялық салымдар үлесінің төмен болуы;

12) басқа даму институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасаудың жеткіліксіз болуы

13) облыс аудандарында, қалаларында Компанияның тігінен ықпалдастырылған құрылымдарының болмауы;

14) қоржында ұзақ мерзімді жобалар, сондай-ақ әлеуметтік бағдарланған жобалар үлесінің қомақты болуы.

Мүмкіндіктер:

Қауіптер:

1) Атырау облысының жобаларын қаржыландыру мақсатында жеке меншік сектордың қаражатын тартуды қоса алғанда, ұлттық даму институттары арқылы қаржы қаражатын тарту;

2) Компанияның қор нарығына шығуы;

3) инвестциялық жобаларға қатысу жолымен шағын және орта бизнеске жәрдемдесу;

4) облыстың өсіп келе жатқан инвестциялық әлеуеті;

5) МЖӘ-да ынтымақтастық тетіктерінің кеңейтілуі;

6) мемлекеттік даму институттарынан тәжірибе мен ақпараттық ресурстар трансферті;

7) дәстүрлі емес және инновациялық технологияларды енгізу жолымен облыстың энергетикалық тәуелсіздігін жоғарылату әлеуеті (жел, күн, су);

8) жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу кезіндегі артықшылық, құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту;

9) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік инвестициялар алу;

10) шетелдік инвестициялар алу.

1) әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауы;

2) сапатаманың сапасыз болуына байланысты жобаларды іске асыру кезеңдерінің ұлғаюы;

3) бизнес-жобаларды қаржыландыру және іске асыру мәселелері бойынша орталық жіне жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестірудің болмауы;

4) қаржы дағдарысы: инфляция, өтімділіктің болмауы;

5) қаржы нарықтарындағы ахуалдың орнықсыз болуына байланысты инвестцияларды ұсынудың төмендеуі;

6) ұзақ мерзімді қаржыландыру нарығы сыйымдылығының аз болуы;

7) Компанияның қолданыстағы жобалары бойынша шикізат пен өнім бағасының күрт өсуі, бұл тұтынушылық белсенділіктің құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін;

8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік саясатты қатаңдатуы;

9) заңнама мен рететуші шаралар өзгерісінің ықпалына ұшырау тәуекелінің жоғары болуы.


3. ӘКК үшін өсу нүктелерін (басым секторларды) айқындау

      ӘКК-нің ішкі және сыртқы ортасының мықты тұстарын айқындау негізінде олардың бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін мүмкіндіктер анықталды.

      Проблемаларды (осал тұстарды) жою мүмкіндіктердің туындауына алып келеді, ал керісінше болса – ӘКК дамуына қауіп төнеді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға, 2013 – 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасына сәйкес өңірлерге құйылатын инвестцияларды ұлғайту жоспарланып отыр, мұның өзі облыс экономикасының басым салаларын дамытуға ықпал ететін жоспаолы инвестициялық саясат жүргізугі мүмкіндік бермек.

      Экономика салаларында өнімділікті арттыруды ммелекеттің ынталандыруы, инновациялық әзірлемелерді енгізу, қазіргі заманғы басқарушылық технологияларды енгізу, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтау), ҒЗТКЖ-ға түрлі көздерден жұмсалатын шығындар; зияткерлік меншікті қорғау, кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарын енгізу және іске асыру жаңа технологияларды тарту, өңірдегі инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Стратегиялық дамудың негізгі бағыттары

      Мықты және осал тұстарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау негізінде Компания күш-жігері мен ресурстарын облыс экономикасының мынадай басым салаларын дамыту шеңберіндегі жобаларлы іске асыруға шоғырландыруды жоспарлап отыр:

      1) өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану;

      2) инновациялық саясатты дамыту;

      3) агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу;

      4) шағын және орта бизнес секторы.

      Өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану

      Атырау облысы Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндіру саласына маманданған ірі шикізат өңірі ретінде орын алған.

      Қаралып отырған макроөңір экономикасының шикізаттық бағытталуын еңсеру үшін мұнай-газ секторының тиімділігін жақсарту жолымен оның қосылған құнын ұлғайтуға жәрдемдесу қажет: бұл бағыт шеңберіндегі негізгі міндеттер мұнай-гаө өндірудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу және әлемдік нарықтарға шығу есебінен сыртқы нарықтардағы қазіргі позицияны нығайту және сапалы минералдық шикізат жеткізушілердің ірілерінің қатарына кіру болмақ.

      ӘКК жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындар үшін ӘКК-мен бірлескен кәсіпорындар құрудың көмегімен минералдық-шикізат базасын дамыту арқылы өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесетін болады.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі жобаларды қолдау үшін ӘКК облыстың кен орындары және ӘКК мүмкіндіктері жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейеді, сондай-ақ әлеуетті әріптестерге ұсыныстар қалыптастыратын болады. Мұның өзі, сайып келгенде, жаңа кен орындарын шаруашылық айналымға тартуға және өндіруші бірлескен кәсіпорындарды нарықтық капиталдандыруға оң әсерін тигізуге тиіс.

      Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу

      Аграрлық секторды және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту Компания үшін күш-жігері мен ресурстарын жұмсайтын ұзақ мерзімді перспективаға арналған басым бағыт болып табылады.

      ӘКК АӨК инфрақұрылымын дамыту және тамақ өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесу арқылы облыстың АӨК сапалы дамытуға ықпал етуді жоспарлап отыр. Отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін құдықтарды және жайылымдардың басқа да инфрақұрылымын салуды қаржыландыру, сондай-ақ дайындау базасының жем-шөбін ұлғайту үшін даладағы жұмыстарға нысаналы қарыз беру жоспарланған.

      Облыс АӨК дамыту үшін мынадай мәселелер бойынша іс-шараларды іске асыруға жәрдемдесу болжанып отыр: тамшылатып суару технологиясын енгізу, шағын кәсіпкерлік объектілерін ұсақ агроқұрылымдарды неғұрым ірі шаруашылықтарға біріктіруге ынталандыру, заманауи көкөніс сақтау қоймаларын құру, жылыжай шаруашылығының объектілерін ұлғайту, асыл тұқымды әрі өнімділігі жоғары мал санын ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру, инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу, ауыл шаруашылығының рентабельділігін арттыруға ықпал ететін практикалық семинарлар өткізу, шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау жөніндегі логистиканы дамыту, АӨК-ке және оның қайта өңделген өнімдеріне инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбіреулері бойынша өндірістік қуаттарды дамытуға жәрдемдесу.

      Инновациялық саясатты дамыту

      Экономика салаларын инновациялық-технологиялық дамытуды басқаруға қатысу, жоғары технологиялы ШОБ дамыту үшін жағдайлар жасау әрі облыстың ғылыми және инжинирнгтік әлеуетін жоғарылату есебінен облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін өңірлік инновациялық жүйені дамытуға жәрдемдесу қызметтің негізгі бағыты болып табылады. ӘКК мынадай бағыттарда инновациялық саясат жүргізетін болады:

      1) R&D орталықтар құру, мұның өзі қазақстандық жобалар бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан аумағына біртіндеп ауыстыруға мүмкіндік береді;

      2) бірлескен жұмысты ұйымдастыру үшін шетелдік университеттерді, экспорттық ұйымдарды, шет елдердің шағын және орта бизнесін тарту, мұның өзі жаһандық инновациялық жүйеге ықпалдасу үшін кешенді, теңгерімді және нысаналы шараларды қамтамасыз етеді;

      3) отандық ҒЗИ-ді тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан ғылымына, атап айтқанда Назарбаев Университететіне және басқа да жоғары оқу орындарына қолдау көрсету;

      4) баламалы энергетика мен тиімділігі жоғары технологияларды дамытуға жәрдемдесу.

      Экономиканың инновациялық салаларын дамыту басымдықтарын және ғылымды қажет ететін отандық технологиялық өнімдерді халықаралық нарыққы ілегрілету қажеттігін назарға ала отырып, сондай-ақ орынды болатын жерлерде инновациялық компанияларды қолдаудың тараптар иелігіндегі құралдарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, ӘКК басқа даму институттарымен жүйелі диалог орнатуды және дамытуды көздейді. Мыналар соның қорытындысына айналуға тиіс:

      1) облыста республикалық ауқымдағы бәсекеге қабілетті өңірлік инновациялық жүйе құру;

      2) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы жобаларды іске асыратын шағын және орта инновациялық компанияларды қолдаудың кешенді жүйесін құру жолымен инновациялық циклдің үздіксіздігін қамтамасыз ету.

      Мыналар инновациялық қызметті дамытудағы ӘКК-нің негізгі әріптестері болып табылады:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ;

      2) "Қазақстан Даму банкі";

      3) "Экспорттық кредиттер мен инвестцияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ;

      4) "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ;

      5) "Kazyna Capital Management" АҚ;

      6) "Қазақстандық инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" АҚ;

      7) "KAZNEX" экспортты дамыту және ілгерулету жөніндегі корпорация" ЖШС;

      8) "Ұлттық инновациялық қор" АҚ;

      9) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;

      10) "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ;

      11) Сондай-ақ басқа да халықаралық даму институттары.

      Шағын және орта бизнес секторы

      ШОБ секторындағы жобаларды іске асыру да ӘКК қызметіндегі стратегиялық басым бағыт болып табылады. Компания жаңа бизнес-бастамаларды қолдауды жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің өндірісін ынталандыру жөніндегі жобаларды неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемелермен қаржыландыратын болады. Бұл бағытта "Жұмыспен қамту – 2020" және "Бизнестің жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысудың маңызы зор.

      ӘКК ШОБ-тың, холдингтердің және шетелдік компаниялардың өкілдерімен бизнесті қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

2. Миссия мен пайым

      Бүгінгі таңда ӘКК қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасауға, жаңа өндірістер құруға және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, үкіметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған. Осыны басшылыққа ала отырып ӘКК миссиясы мен пайымы айқындалған.

      ӘКК миссиясы – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

      ӘКК пайымы – 2023 жылға қарай ӘКК өзін активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы ретінде әрекет ететін өңірлік даму институты ретінде көреді.

      3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттар, қызметтің түйінді көрсеткіштері және межеленген нәтижелер.

      ӘКК алдына қойылған міндеттер шеңберінде мынадай қызметтің басым бағыттары айқындалды:

      1) инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру;

      2) өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

      3) активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

      ҚСБ 1. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

      1-мақсат. Өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға, қызмет көрсетуші мұнай-газ секторына және басқа да ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеке меншік сектордың инвестицияларын тарту

      Міндеттер:

      1) бизнесті ақпараттық-консультациялық қолдау;

      2) жобаларды инфрақұрылымдық қолдау, жер учаскелерімен қамтамасыз ету;

      3) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету;

      4) жұмыс орындарын құру;

      5) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелері) өндірістердің жаңаларын ашу және жұмыс істеп тұрған бәсекеге қабілетті өндірістерді жаңғырту;

      6) бизнес-ахуалды жақсарту, инвестициялар тарту жағдайларын жетілдіру және олардың құйылуын ынталандыру;

      7) өнімдері өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, ірі мұнай компанияларының жергілікті өнім берушілермен жұмыс істеуге деген ниетін бекіту мақсатында олардың отандық бизнеспен өзара іс-қимыл жасауына жәрдемдесу.

      Іс-шаралар:

      1) бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі, компанияның кәсіпкерлікке және бизнеске қатысты саясаты туралы кәсіпорындарды хабардар ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      2) қолайлы орта қалыптастыруға, инвестициялық әлеуетті дамытуға және кәсіпкерлік объектілерінің белсенділігіне ықпал ету;

      3) өсу әлеуеті жоғары инвестициялық жобалар қоржынын қалыптастыру;

      4) мұнай-газ секторына және облыстың басқа да өнеркәсіптік ірі кәсіпорындарына қызмет көрсететін ШОБ жобаларының жыл сайын кемінде 5-еуін қаржыландыру;

      5) ТШИ тарту саласында инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жандандыру;

      6) өңірлік бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыруда ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) Тартылған инвестициялар көлемі, млн.теңге;

      2) Шикізат емес сектордың инвестициялық жобаларының саны, бірлік;

      3) Құрылған жұмыс орындарының саны, бірлік.

      Межеленген көрсеткіштер:

      Тартылған инвестициялар көлемі 2018 жылы 1,0 млрд. теңге құрап, 2023 жылға қарай 1,5 млрд. теңгеге дейін жетеді. ӘКК қолдайтын шикізат емес сектордың инвестициялық жобаларының саны 2023 жылға қарай 75-ті құрайды. Жыл сайын орта есеппен 120-140 жұмыс орны құрылады.

      2-мақсат. Жер қойнауын пайдалану жобаларына жеке меншік сектордың инвестицияларын тарту

      Міндеттер:

      1) Атырау облысының қолда бар минералдық-шикізат кешенін тиімді пайдалану;

      2) өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік активтердің іскери айналымға тартылуын қамтамасыз ету, проблемалы активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      4) бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту.

      Іс-шаралар:

      1) облыстың кен орындары және ӘКК мүмкіндіктері жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейту;

      2) облыстағы пайдалы қазбалар бойынша қажетті ақпарат алуды әлеуетті әріптестерге жәрдем көрсету;

      3) кен орындарын ыңғайлы орналастыру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру, қазіргі кен орындары туралы ақпарат алу;

      4) жаңа кен орындарын шаруашылық айналымға тарту және өндіруші бірлескен кәсіпорындарды нарықтық капиталдандыруды арттыру арқылы жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды баақару жүйесін жетілдурі;

      5) жер қойнауын пайдалану саласындағы өңірлік инвестициялық жобаларды жинау және құрылымдау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) Инвестициялар көлемі, млн.теңге;

      2) Игерілген кен орындарының саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Нәтижесінде жер қойнауын пайдалану жобаларына құйылатын инвестициялар көлемі 2018 жылы 90 млн. теңгені, 2023 жылы 120 млн. теңгенгі құрайды. Игерілген кен орындарының саны 2018 жылы 9, 2023 жылы 11 болады.

      3-мақсат. Инновациялық және инвестициялық, оның ішінде ҮИИДМБ-ға кіретін жобаларды іске асыру және қолдау.

      Міндеттер:

      1) жоғары технологиялы шағын және орта бизнесті дамыту мен өңірдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін жоғарылату үшін жағдай жасау;

      2) облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін дамыту және олардың өнімдерін өткізу үшін жағдай жасау;

      3) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірдің жүйе түзуші және ірі компанияларының айналасында ШОБ дамыту бойынша ірңптестік бағдарламаларын үйлестіру;

      4) даму институттарының мүмкіндіктерін тарта отырып, талдамалық зерттеулер жүргізу әрі инвестициялық және инновациялық жобаларды дайындау;

      5) озық технологиялар трансфертін ұйымдастыру;

      6) ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді белсендірек ілгерілету үшін өнімді брендтеуге қолдау көрсету.

      7) коммуникацияларды дамыту және қоржынды компаниялар арасында машық алмасу;

      8) перспективалы жобаларды жүзеге асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК жобаларын іске асыру үшін инвестициялар тарту мақсатында техникалық-экономикалық негіздемелер, жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;

      2) өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жұмысына кредит беру және қаржылай емес қолдау;

      3) мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, "Бәйтерек" ҰБХ институттарының (Қазақстанның Даму банкі, Қазақстанның Инвестициялық қоры, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) қардылық әлеуетін индустриялық-инновациялыөқ жобаларды іске асыруға тарту;

      4) жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындар үшін ӘКК-мен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы минералдық-шикізат базасын кеңейт;

      5) жер қойнауын пайдаланушылардың 1 %-ды ҒЗТКЖ-ға, технопарктердің, коммерцияландыру орталықтарының жұмысына, басқа да бірлескен инновациялық бастамаларды іске асыруға жібері жөніндегі міндеттемелерін орындау;

      6) тауарлар нарығын талдау және перспективалы өнімдер тізбесін жасау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) өңірде құрылған бәсекеге қабілетті жобалардың (өндірістердің), оның ішінде ҮИИДМБ-ға кіретін жобалардың саны, бірлік;

      2) шетелдік инвесторлар қатысуымен іске асырылатын жобалардың саны, бірлік;

      3) жекеше инвесторлардың қаражатын тартудың ӘКК салынған қаражатына арақатынасы, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      2018 жылға қарай бәсекеге қабілетті 7 жоба (өндіріс), 2023 жылға қарай – 15 өндіріс құрылады.

      Шетелдік инвесторлар қатысуымен іске асырылатын жобалардың саны 2018 жылға қарай 3 бірлікке, 2023 жылға қарай 7 бірлікке жетеді.

      Жыл сайын ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 5 шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысы қаржыландырылады.

      ҚСБ 2. Өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      1-мақсат. Өңірлік инновациялық жүйе қалыптастыру

      Міндеттер:

      1) инновациялық технологияларды пайдалануды ынталандыратын жағдайлар жасау;

      2) бастапқы бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту (бизнес-инкубаторлар, технопарктер, индустриялық аймақтар).

      Іс-шаралар:

      1) инновациялық инфрақұрылымның жай-күйін зерттеу және дамыту;

      2) инфрақұрылымдық аймақтар, салалық конструкторлық бюролар мен технопарктер құру және дамыту;

      3) технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдем көрсету;

      4) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялы өндірістерді дамытуды қолдау;

      5) инновацияларды, жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша оқу орындарының кәсіпорындармен ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жандандыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялардың саны, бірлік;

      2) ұлттық инновациялық конкурстарға облыс атынан қатысушылар саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Іске асыру үшін уәкілетті орган іріктеп алған инновациялық бизнес-идеялардың санын ұлғайту есебінен 2018 жылға қарай олардың саны 5 бірлікке, ал 2023 жылы 15 бірлікке жетеді.

      Ұлттық инновациялық конкурстарға өңір атынан қатысатындардың саны 2015 жылдан бастап 1-3 адамды құрайды.

      2-мақсат. Атырау қаласындағы бизнес-инкубаторды дамыту

      Міндеттер:

      1) бизнес-инкубаторды оңалту және оның базасында инновациялық құрылым құру;

      2) инфрақұрылымды дайындау және бизнес-инкубаторды жеке меншік компанияның басқаруына беру (аутсорсинг);

      3) экономиканың барлық салаларында инновациялық стартаптарды қолдау;

      4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттау ("Даму" қорымен және Атырау облысының әкімдігімен бірге);

      5) жобаларды сүйемелдеу;

      6) Интернетте Атырау өңірінің имиджін ілгерілету;

      7) ШОК қаржыландыру бойынша ТCO, NCPOC жер қойынауын пайдаланушылармен өзара жұмыс;

      8) компания қызметінің шеңберінде бизнесті қаржылай емес қолдау.

      Іс-шаралар:

      1) жастардың жергілікті, шетелдік және республикалық кәсіпкерлермен кездесулерін ұйымдастыру;

      2) жобаларды сараптау жүйесін енгізу;

      3) зияткерлік меншікті қорғау жоспарын әзірлеу;

      4) бизнес-инкубаторлардың халықаралық қауымдастықтарымен әріптестік келісімдерге қол қою;

      5) өңірде азаматтарды жеке бизнеспен айналысуға бағдарлау мақсатында бизнес негіздеріне оқыту;

      6) техникалық білімді тереңдетуде және кеңейтуде, азаматтарды қайта даярлауда, олардың біліктілігін жоғарылатуда жәрдем көрсету;

      7) бизнес-инкубатордың базасында консультациялық орталық құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) компанияларды инкубациялау, бірлік;

      2) консультациялық орталық құру, бірлік;

      3) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Нәтижесінде 20 компания инкубацияланады. 2015 жылы бизнес-инкубатордың базасында консультациялық орталық құрылады. Бағдарламалық өнімдер жасалады. Қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер саны 2023 жылы 60 бірлікті құрайды.

      3-мақсат. Ірі компаниялармен бірге әріптестік бағдарламаларды іске асыру

      Міндеттер:

      1) ірі компаниялардың айналасынан жергілікті өнім берушілер желісін дамыту;

      2) ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметіне байланысы жоқ баламалы бизнесті дамыту;

      3) ірі компаниялардың базасында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпкерлердің бастамаларын дамыту;

      4) компания қызметінің шеңберінде бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету;

      5) басқа даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау.

      Іс-шаралар:

      1) мүдделі тараптар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;

      2) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, ірі компаниялардың және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып, әріптестік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) Ірі компаниялардың айналасындағы жергілікті өнім берушілер саны, бірлік;

      2) Ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметіне байланысы жоқ баламалы бизнес кәсіпорындарының саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер:

      Ірі компаниялармен бірге әріптестік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде ірі компаниялардың, мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың күш-жіберін біріктіру арқылы өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлікті айтарлықтай дамытуға және қолдауға қол жеткізілетін болады.

      2018 жылға қарай ірі компаниялардың айналасындағы жергілікті өнім берушілер саны 8 бірлікті, ал 2023 жылға қарай 22 бірлікті құрайды. Ірі компаниялардың базасында компанияның бейінді қызметіне байланысы жоқ баламалы бизнес кәсіпорындарының саны 2018 жылға қарай 4 бірлікті, 2023 жылға қарай 12 бірлікті құрайды.

      ҚСБ 3. Активтердің құнын ұлғайту және корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату

      1-мақсат. Компания активтерін басқару тиімділігін жоғарылату.

      Міндеттер:

      1) Компанияның меншікті капиталы мен активтерінің тиімділігін жоғарылату;

      2) активтердің құнын ұлғайту;

      3) кіріс алу көздерін ұлғайту;

      4) басқарудың тиімді органдарын құру;

      5) шығындарды тиімді басқару;

      6) ЕТҰ қаржылық сауықтыру;

      7) алдыңғы қатарлы басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу.

      Іс-шаралар:

      1) негізгі қорларын жңарту үшін ЕТҰ қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру;

      2) тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы мен түйінді процестерін оңтайландыру;

      3) жобалар мен еншілес ұйымдарды қаржылық мониторингтеуді жүзеге асыру;

      4) шешімдер қабылдау рәсімдерін және бизнес-жобаларды іріктеу, талдау өлшемдерін жүйелендіру;

      5) менеджементтің ықпалдастырылған жүйелерін пайдалану,

      6) еншілес компанияларда байқау кеңестерін (тексеру комиссияларын) құру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК-нің жылдық таза кірісі, оның ішінде бір қызметкерге шаққанда, млн. теңге;

      2) ROA көрсеткіші, %-бен;

      3) ROE көрсеткіші, %-бен.

      Межеленген нәтижелер:

      Пайдалылықты ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде Компания кірістіліктің орнықты деңгейіне шығады. Айталық, 2018 жылы болжамды таза пайда 125 млн. теңгені, 2023 жылы 250 млн. теңгені құрайды. ЕТұ қызметінің шығынсыздық деңгейіне шығуы қамтамасыз етілетін болады. Бюджетке жыл сайын дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады. ӘКК мен еншілес ұйымдардың әкімшілік шығыстары оңтайландырылады. ROA көрсеткіші 2023 жылы 1,7 %-ды, ROE – 2,2 %-ды құрайды.

      2-мақсат. Корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату

      Міндеттер:

      1) GAMMA Standard & Poor`s ("Корпоративтік басқарудың тиімділігін, есептілік пен менеджментті талдау және бағалау") корпоративтік басқару рейтингін енгізу, оның ішінде ЕТҰ-да;

      2) персоналды оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру;

      3) әрбір қызметкердің жұмысын бағалауды енгізу KPI (key performance indicators);

      4) қызметкерлерді дамыту бағдарламаларын енгізу;

      5) барлық еншілес және бірлескен кәсіпорындарда корпоративтік басқару қағидаттарын жақсарту.

      Іс-шаралар:

      1) әрбір қызметкер үшін даму бағдарламасын әзірлеу;

      2) мына бағыттар: инвестициялық қызмет, активтерді басқару, бухгалтерлік теңгерім және басқалары бойынша "Болашақ" бағдарламасының түлектерін шақыру;

      3) ӘКК туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты уақтылы ашуды қамтамасыз ету;

      4) технологияларды бағалау, іске асырылатын және жоспарланатын жобаларда қолданылатын жоспарлау бөлігінде қызметкерлердің функционалдық міндеттерін әзірдеу;

      5) Атырау облысының ақпараттық порталын құру және қолдау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) Корпоративтік веб-сайтқа бір жылда кірушілер саны, кірушілер;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының шақырылған түлектерінің саны, адам;

      3) ӘКК мен ЕТҰ үшін KZ CG7 деңгейінде РФЦА рейтингтік агенттігінің корпоративтік басқару рейтингін алу.

      Межеленген нәтижелер:

      Ұжымда қолайлы ахуал құру, корпоративтік басқару сапасын жақсарту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде Компания қызметінің тиімділігі жоғарылайды, оның беделі жақсарады. Капитал мен таза пайданың өсуі қамтамасыз етіледі. 2012 жылмен салыстырғанда 2023 жылы қызметкерлер өнімділігінің көрсеткіші 3 (үш) есе өсті. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының шақырылған түлектерінің саны 3 адамды құрайды, 2023 жылға қарай 10 адам болады. 2019 жылға қарай ӘКК мен ЕТҰ үшін KZ CG7 деңгейінде РФЦА рейтингтік агенттігінің корпоративтік басқару рейтингі алынады.

      3-мақсат. Облыс кәсіпорындарын оңалту

      Міндеттер:

      1) қаржылай қиындық шегіп жүрген, жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау;

      2) өзінің бизнесін неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша қайта ұйымдастыру мақсатында кәсіпкерлерге қаржы қаражатын беру;

      3) кәсіпкерлерге айналым қаражатымен және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесін алуда көмек көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) кәсіпорындарды сауықтыру үшін инвестициялар тарту;

      2) оңалтуды талап ететін кәсіпорындарды іріктеу және қаржыландыру;

      3) консультациялық қызметтер көрсету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      1. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындар саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер

      Осы мақсатты іске асыру нәтижесінде 2018 жылға қарай 8 кәсіпорын, 2023 жылға қарай 13 кәсіпорын оңалтылады.

      ҚСБ 4. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      1-мақсат. Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      Міндеттер:

      1) жаңа бизнес-бастамаларды қорғау;

      2) ауыл кәсіпкерлерін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз тұрғындар қатарындағы адамдарды кәсіпкерлікке тарту;

      3) Атырау облысында отарлы мал шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау.

      4) меншікті бизнесті неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемелер бойынша ұйымдастыру мақсатында облыс тұрғындарына қаржы қаражатын беру;

      5) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бастапқы қаражатымен және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесін алуда көмек көрсету;

      6) өндірісті ынталандыру үшін кәсіпкерлерге кредит берудің тиімді жүйесін құру.

      Іс-шаралар:

      1) тек қана кредит берумен айналысатын және сыртқы көздерден қаржыландырылатын мамандандырылған микроқаржы институттарын құру және қолдау;

      2) отарлы қой өсіретін шаруашылықтарды іріктеу және қаржыландыру;

      3) бизнесті қолдау мәселелері бойынша ШОБ, холдингтер мен шетелдік компаниялардың өкілдерімен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу;

      4) жергілікті атқарушы органдардың сайттарына Компания сайтына сілтемелерді орналастыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1. Микрокредит беру көлемі, млн. теңге;

      2. ЖӨӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі, %-бен;

      3. Отарлы шаруашылықтарға су жіберу үшін құдықтар құрылысын қаржыландыру, бірлік.

      Межеленген нәтижелер

      Бұл мақсатты іске асыру нәтижесінде жалпы өңірлік өнімнің құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өсіп, 2018 жылға қарай 4,2 %-ға, ал 2023 жылға қарай 5,7 %-ға жетеді. Облыстың экспорттық шикізат емес әлеуеті өседі, экономиканың шикізат емес секторларында жеке меншік кәсіпкерлік секторының орнықты өсуі қамтамасыз етіледі.

      Микрокредит беру көлемі 2012 жылғы 690 млн. теңгеден 2023 жылы 2,0 млрд. теңгеге дейін өседі; Оның ішінде отарлы шаруашылықтарға су жіберу үшін 2018 жылға қарай 6, ал 2022 жылға қарай 15 бірлік құдық салынады.

      Асыл тұқымды мал басының саны жыл сайын 4 %-ға ұлғайтылады, өңірде отарлы қой өсіруді дамыту үшін жағдайлар жасалады.

      2-мақсат. Инвесторлар тартуға және АЭА дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      Міндеттер:

      1) инвесторларды нысыналы іздеу, бизнес-жобалар үшін инвестициялар тарту;

      2) Компания сайтында бизнес-жобалар туралы ақпарат орналастыру;

      3) инвестициялық жобалардың түйіндемесін жасау және әзірлеу;

      4) перспективалы жобаларды жүзеге асыру үшін өңірге отандық және шетелдік инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тарту.

      Іс-шаралар:

      1) жобаларды инвестициялау бойынша қолайлы орта қалыптастыруға, инвестициялық әлеуетті және кәсіпкерлік объектілерінің белсенділігін дамытуға ықпал ету;

      2) өңірлік және халықаралық көрмелерде, конференцияларда, форумдарда облыстың мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы road-show өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

      3) кейіннен қаржыландыру үшін АЭА мен бизнес-инкубаторлардың жобаларын ұдайы талдау мен іріктеуді жүргізу;

      4) проблемалы активтерді оңалту үшін инвесторлар іздеу;

      5) үлестік қаржыландыру, активтер түрінде қатысу арқылы инвесторларға жобаларды іске асыруда, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде қаржы алуда жәрдем көрсету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) 2012 жылмен салыстырғанда әлеуетті инвесторлар базасының санын ұлғайту, %-бен;

      2) Әзірленген және енгізілген, оның ішінде АЭА-дағы, индустриялық аймақтардағы өнім брендтерінің саны, бірлік.

      Межеленген нәтижелер

      Нәтижесінде инвестициялық жобалар базасы құрылады, 2012 жылмен салыстырғанда әлеуетті инвесторлар саны 2018 жылға қарай 100 %-ға, 2023 жылға қарай 250 %-ға өседі. ӘКК 3 өнімнің брендін, оның ішінде АЭА-да, индустриялық аймақтарда әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      Стратегияның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер әзірленді. Олар ӘКК жаңа миссиясы мен пайымын енгізудің жалпы процесін, болжамды инвестициялық қоржынды қалыптастыруды (қайта құрылымдауды және әзірлеуді қоса алғанда) және ұйымдық ішкі өзгерістерді жүргізуді қамтиды.

      ӘКК өз нәтижелерін осы индикаторларға қатысты қадағалап отырады және барлық қажетті ресурстар мен күш-жігерді олардың нысаналы мәндеріне қол жеткізуге жұмсайды.

      Сондай-ақ, Стратегияны іске асыру мақсатында ӘКК дамытудың бес жылға арналған жоспары әзірленеді, онда Стратегияны іске асыру шеңберінде орта мерзімді кезең ішінде жүзеге асырылатын іс-шаралар нақтыланады және айқындалады.

      Қажет болған жағдайда Стратегияны түзету және/немесе нақтылау жөнінде тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.

  "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының 2014 – 2023
жылдарға арналған даму стратегиясына
қосымша

"Атырау" ӘКК" ҰК" АҚ стратегиялық дамуының 2014 – 2023 жылдарға
арналған қызметтің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)

1-ҚСБ. Инвесторлар тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жаңа өндірістер құру

1-мақсат. Қайта өңдеу өнеркәсібіне, мұнай-газ секторына қызмет көрсететін және басқа да ірі өндірістік кәсіпорындарға инвестиция алып келу

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Тартылған инвестиция көлемі, млн.теңге

20,00

140,00

240,00

250,00

350,00

100,00

100,00

100,00

100,00

100,00

2-ҚТК. Шикізат емес сектордағы инвестициялық жобалар саны, бірлік;

1

2

4

6

8

10

10

11

11

12

3-ҚТК. Дайындалған жұмыс орындары саны, бірлік.

20

120

120

120

120

130

130

130

130

140

2-мақсат. Жер қойнауын пайдалану жобаларына жеке сектор инвестициясын тарту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Тартылған инвестиция көлемі, млн.теңге;

6,00

15,00

21,00

21,00

27,00

6,00

6,00

6,00

6,00

6,00

2-ҚТК. Игерілген кен орындары саны, бірлік

1

1

2

2

3

-

-

-

1

1

3-мақсат. Инвестициялық және инновациялық жобаларды қолдау және жүзеге асыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Аймақта дайындалған бәсекеге қабілетті жобалардың саны, бірлік

1,00

1,00

1,00

2,00

2,00

1,00

1,00

2,00

2,00

2,00

2-ҚТК. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асқан жобалар саны, бірлік

-

-

1

1

1

-

1

1

1

1

3-ҚТК. Жеке инвесторлар қаражаты мен ӘКК салған қаражатқа қатынасы, бірлік

1,1

1,2

1,2

1,3

1,3

1,3

1,3

1,3

1,4

1,5

2-ҚСБ. Өсу нүктелерінде экономикалық белсенділіктің артуына қолайлылық тудыру

1-мақсат. Аймақтық инновациялық жүйені түзу

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың облыстағы өкілетті органының таңдаған инновациялық бизнес-идеяларының саны, бірлік

-

1

1

1

2

2

2

2

2

2

2-ҚТК. Ұлттық инновациялық конкурстарға облыстан қатысатындар саны, бірлік

-

1

1

1

2

2

2

2

3

3

2-мақсат. Атырау қаласында бизнес инкубаторын дамыту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Компанияны инкубирилеу, бірлік

-

1

1

2

2

2

2

3

3

4

2-ҚТК. Консультациялық орталық құру, бірлік

-

1

-

-

-

-

-

-

-

-

3-ҚТК. Қарауға келетін бизнес өтініштердің саны, бірлік

1

2

4

5

6

7

8

8

9

10

3-мақсат. Ірі компаниялармен әріптестік бағдарламаларді жүзеге асыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Ірі компаниялардың маңындағы жергілікті қамсыздандырушылардың саны, бірлік

-

1

1

3

3

3

3

2

3

3

2-ҚТК. Ірі компаниялар базасындағы компанияның профильдік қызметіне байланысты емес альтернативті бизнес кәсіпорындарының саны, бірлік

-

1

1

1

1

1

1

2

2

2

3-ҚСБ. Активтер құнын өсіру және ұжымдық басқару деңгейін көтеру

1-мақсат. Компания активтерін басқару тиімділігін арттыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. ӘКК бір қызметкерге санағанда жылдық таза кірісі, млн. теңге

50

70

85

100

125

150

175

200

225

250

2-ҚТК. ROA көрсеткіші, %-да

-

1,1

1,2

1,2

1,3

1,3

1,4

1,5

1,6

1,7

3-ҚТК. ROE көрсеткіші, %-да

-

1,5

1,6

1,6

1,7

1,7

1,8

2,0

2,1

2,2

2-мақсат. Ұжымдық басқару деңгейін көтеру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Ұжымдық веб-сайтқа 1 жылда кіретіндер саны, кіріп шығу

4 000

7 000

10 000

14 000

20 000

25 000

30 000

35 000

40 000

45 000

2-ҚТК. Тартылған "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің саны, адам

-

-

1

1

1

1

1

1

2

2

3-ҚТК. ӘКК және ЕТҚ үшін KZ CG7 деңгейіндегі РФЦА рейтингтік агенттігінің ұжымдық басқару рейтингін алу






3 квартал 2016 года





3-мақсат. Атырау облысының кәсіпорындарын оңалту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Оңалған кәсіпорындар саны, бірлік

-

1

2

2

3

1

1

1

1

1

4-ҚСБ. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу

1-мақсат. Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Шағын несиелендіру көлемі, млн. теңге

500,00

700,00

700,00

700,00

700,00

700,00

700,00

750,00

800,00

900,00

2-ҚТК. ЖАӨ-дегі қайта өңдеу өндірісінің үлесі, %-д

3,5 %

3,7 %

3,9 %

4,1 %

4,2 %

4,5 %

4,9 %

5,2 %

5,4 %

5,7 %

3-ҚТК. Өріске мал айдауға арналған жайылымдарды суландыру үшін құдықтар құрылысын қаржыландыру, бірлік


1

1

2

2

1

2

2

2

2

2-мақсат. Инвесторларды тартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. 2012 жылмен салыстырғанда потенциалды инвесторлар базасының өсуі, %-да

10 %

30 %

50 %

70 %

100 %

130 %

160 %

190 %

220 %

250 %

2-ҚТК. Дайындалған және енгізілген танымал өнімдер саны, бірлік



1



1




1