"Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.05.2018 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада "Бизнес" сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада "Экономикалық" сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi.";

      2-тармақта:

      1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы тармақшаның екiншi, үшiншi, стандарт сыныптамасы

      төртiншi абзацтарында санамаланбаған бойынша қонақ үйдiң бiр

      басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн; орындық нөмiрiнiң құны

      бойынша".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов