"Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 310 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 353 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының  қосымшасына сәйкес, Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Доссор кенті әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

Е. Умаров

      КЕЛІСІЛДІ:


      Мақат аудандық аумақтық сайлау


      комиссиясының төрағасы

Ә. Ерғожиев

      "02" сәуір 2014 ж.


   


Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 79 қаулысына қосымша
 

Доссор кенті әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орны


 

Мекен-жәйы 
 

Орналасқан жері
 

1
 

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Заводской участок Улица, 1 үй
 

"Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд