Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 900 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығын қараңыз.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 900 қаулысымен  
бекітілген     

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялаудың негізгі мақсаттары АӨК субъектілерінің кредит ресурстарына қолжетімділігін кеңейту және қамтамасыз ету болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) әкімші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) жұмыс органы – облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;
      3) кепіл беруші – банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, қаржы ұйымдары, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары;
      4) кепілдендіру/сақтандыру шарты – осы Қағидалардың шарттарында қарыз алушы мен кепіл беруші/сақтандыру ұйымы арасында жасалатын жазбаша келісім;
      5) кепілдік көлемі/сақтандыру сомасы – кепілдік берілген немесе талап ету құқығы туындаған кезде кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының кредитор алдындағы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын кредиттің бір бөлігі сақтандырылған ақша сомасы;
      6) кепілдік бойынша төлем/сақтандыру төлемі – кепіл беруші/сақтандыру ұйымы талап ету құқығы туындаған кезде кепілдік сомасы/сақтандыру сомасы шегінде кредиторға төлейтін ақша қаражатының сомасы;
      7) кепілдік бойынша комиссия/сақтандыру сыйлықақысы – талап ету құқығы туындаған кезде кредиторға кредиттің кепілдендірілген/сақтандырылған бөлігін төлеуді жүргізу міндеттемелерін алғаны үшін қарыз алушы кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына төлеуге міндетті ақша қаражатының сомасы;
      8) кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау – кредит бөлігінің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін кепіл берушілерге қарыз алушылар төлейтін комиссияның бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нысаны;
      9) Комиссия – қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде субсидиялар ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган;
      10) қарыз алушы – заңнамаға сәйкес АӨК субъектісі;
      11) кредит (қарыз) – қарыз алушыға айналым қаражатын толықтыруға ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарында кредитор ұсынатын ақша сомасы;
      12) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, «ҚазАгро», ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары, сондай-ақ банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар;
      13) оператор – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      14) сақтандыру ұйымы – сақтандыруды жүзеге асыратын және сақтандыру жағдайы немесе сақтандыру шартында айқындалған өзге оқиға туындаған кезде оның пайдасына шарт жасалған кредиторға сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті компания;
      15) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау – сақтандыру ұйымдарына қарыз алушы төлейтін, кредиттің бір бөлігінің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;
      16) талап ету құқығы – оның туындауы кепілдендіру/сақтандыру шарты кепілдік/сақтандыру бойынша төлемді жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

3. Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігін субсидиялаудың жалпы шарттары

      4. Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӨК-ні дамытудың басым бағыттарына сәйкес ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жатады.
      Комиссияның бір отырысы шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу келесі бағыттың өтінімдерін және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген АӨК-ні дамытудың басым бағыттарына қосылмаған ауыл шаруашылығы қызметінің басқа түрлерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды болжайды.
      Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жөніндегі кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бөлігін субсидиялауға осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар ғана жатады.
      Басымдықтың бір бағыты шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтінім берген күніне байланысты жүзеге асырылады.
      5. Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.

4. Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның
бір бөлігін субсидиялау шарттары

      6. Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру мен сақтандыру жатады.
      7. Кепілдендіру кредит сомасының 100 (жүз) пайызына дейін жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте кредит сомасының 50 (елу) пайызына есептелген комиссия субсидиялауға жатады.
      8. Кредитті кепілдендіру кезінде 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі кепілдік бойынша комиссия субсидияланады, бұл ретте субсидияның ең жоғары көлемі кепілдік көлемінің субсидияланатын бөлігінің 3 (үш) пайызынан аспауы тиіс.
      9. Сақтандыру сомасы кредит сомасының 50 (елу) пайызынан аспауы тиіс.
      10. Кредитті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы құнының 50 (елу) пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
      11. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінен аспауы тиіс.
      Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның қалған бөлігін, егер кепілдендіру/сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы өзі және бір рет кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына төлейді.

5. Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігін субсидиялауға қатысушылардың өзара іс-қимыл
жасауының жалпы тәртібі

      12. Жұмыс органы мен оператор арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеу үшін жыл сайын, тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін (2014 жылды қоспағанда) оператордың көрсетілетін қызметтеріне төлем сомалары көрсетіле отырып, оператордың көрсетілетін қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігі мен өзге де шарттарды көздейтін қызмет көрсету жөніндегі шарт жасалады.
      13. Оператордың көрсетілетін қызметтеріне қызметтер көрсету жөніндегі жасалған шартқа сәйкес тиісті қаржы жылына арналған АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру кезіндегі кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға көзделген қаражат шеңберінде ақы төленеді.
      14. Оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру кезінде кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
      15. Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін жұмыс органы мен әкімшіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша орындалған жұмыс туралы есеп береді.

6. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға
қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауының тәртібі

      16. Қарыз алушы кредит алуға өтінішпен кредиторға жүгінеді.
      17. Кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін бір бөлігі кепілдікпен қамтамасыз етілетін кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      18. Кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды.
      19. Қарыз алушы кредитордың талаптарына сәйкес кепіл берушіні өзі іздеп табады. Кепіл беруші кредиторға өзінің кредит талаптарына сәйкестігін растайтын қажетті құжаттарды ұсынады, бұл ретте қажет болған жағдайда кредитордың кепіл берушіден төлем қабілеттілігін растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар.
      20. Кредитор кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы қарыз алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Кепіл беруші мақұлдағаннан кейін 5 (бес) күн ішінде Қарыз алушы операторға:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы туралы мәліметтерді;
      2) қарыз алушының мөрімен және қолымен расталған қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмелерін;
      3) кепілдік құнының есебімен қарыз алушыға кредит берудің мүмкіндіктері туралы кредитордың оң шешімдері бар хаттарын;
      4) кепіл берушінің уәкілетті адамы растаған кепілдік беру туралы кепіл берушінің хаттарын қоса бере отырып, кепілді субсидиялауға өтінімді жолдайды.
      22. Оператор қарыз алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қарыз алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не бекітілген тиісті талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қайтарады;
      2) қарыз алушының және оның кредитінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді;
      3) қарыз алушы ұсынған құжаттарды қарайды және Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия отырысының күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      5) қарыз алушылар бойынша мәліметтерді қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.
      23. Комиссияның отырысын ұйымдастыру және шешім қабылдау осы Қағидалардың 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Жұмыс органы Комиссия оң шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады.
      25. Кепіл беруші осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген шартқа қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді.
      26. Кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны қарыз алушыға қол қою үшін береді. Қарыз алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушымен кепілдік шартын жасасады және қарыз алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады.
      27. Қарыз алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз алу шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының, қарыз алушының несиелік шотынан ақшаны алғаны туралы үзіндінің көшірмелерін кепіл берушіге жолдайды.
      28. Кепіл беруші кредит берілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде операторға мына құжаттарды:
      1) кепіл беруші растаған кредитор, кепіл беруші және қарыз алушы арасындағы кепілдендіру шартының көшірмесін;
      2) қарыз алушының кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;
      3) кредитор растаған кредитор мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартының көшірмесін;
      4) кредитор растаған қарыз алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қарыз алушының кредитін кепілдендіру туралы мәліметтерді жолдайды.
      29. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және тиісті хатты жұмыс органына жолдайды.
      30. Жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.
      31. Кепіл берушіден кепілдендірілген және қайтарылмаған кредиттің бір бөлігінің сомасын өтеу бойынша талап ету құқығы қарыз алушы кредитормен жасалған қарыз шарты бойынша кредитті өтеу шарттарын орындамаған кезде туындайды. Бұл ретте кепілдік бойынша төлемнің көлемі мен тәртібі, талап ету құқығының туындау мерзімі мен шарты қарызды кепілдендіру шартында белгіленеді.

7. Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялауға
қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      32. Кредиторлар ішкі құжаттарға сәйкес әрбір қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде сақтандыру шарттары қарыз алушылардың кредиттері бойынша ішінара қамтамасыз ету ретінде қабылданатын әлеуетті сақтандыру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) айқындайды.
      33. Қарыз алушы кредит алу үшін кредиторға жүгінеді және тізбеден сақтандыру ұйымын өз бетінше таңдайды және бұл туралы кредиторға хабарлайды.
      34. Кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, ол ұсынған құжаттар мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін бір бөлігі сақтандырумен қамтамасыз етілетін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      35. Кредитор кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы мен сақтандыру ұйымына қарыз алушыға кредит беруге келісу, кредиттің шарттары туралы, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс соманың есебі туралы тиісті хаттарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымы олардың негізінде қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы шешім қабылдайтын, сақтандыру ұйымдары үшін қарыз алушыдан талап етілетін құжаттардың тізімін жолдайды.
      Кредитор кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде тиісті хат тек қарыз алушыға ғана жолданады.
      36. Қарыз алушы кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады.
      37. Сақтандыру ұйымы 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз алушының құжаттарын қарайды және қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, қарыз алушыға анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қажетті ақпарат беру үшін қосымша 5 (бес) жұмыс күні беріледі. Бұл ретте сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
      38. Сақтандыру ұйымы қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 (бес) жұмыс күні ішінде операторға мыналарды:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қарыз алушы туралы мәліметтерді;
      2) қарыз алушының уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталған қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесін;
      3) сақтандыру сомасын өтеу есебімен қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешімі бар кредитордың хатын;
      4) сақтандыру ұйымының уәкілетті адамы қол қойған сақтандыруды ұсыну туралы сақтандыру ұйымының хаттарын қоса бере отырып, қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру мүмкіндігі туралы шешім көрсетілген хат жібереді.
      39. Оператор сақтандыру ұйымынан қажетті құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қарыз алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не бекітілген тиісті талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды сақтандыру ұйымына қайтарады;
      2) қарыз алушының және оның кредитінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді;
      3) қарыз алушы ұсынған құжаттарды қарайды және Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия отырысының күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      5) қарыз алушылар бойынша мәліметтерді қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.
      40. Комиссияның отырысын ұйымдастыру және шешім қабылдау осы Қағидалардың 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
      41. Жұмыс органы Комиссия оң шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады.
      42. Сақтандыру ұйымы осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген шартқа қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру шартына қол қояды және оны кредиторға жолдайды.
      43. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны қарыз алушыға қол қою үшін береді. Қарыз алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушымен сақтандыру шартын жасасады және қарыз алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады.
      44. Қарыз алушыға кредит берілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз алу шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының, қарыз алушының несиелік шотынан ақшаны алғаны туралы үзіндінің көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды.
      45. Сақтандыру ұйымы қажет болған жағдайда, бірақ айына бір реттен жиілетпей операторға мына құжаттарды:
      1) кредитор, сақтандыру ұйымы және қарыз алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмесін;
      2) қарыз алушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегені туралы растауды;
      3) кредитор растаған кредитор мен қарыз алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмесін;
      4) кредитор растаған қарыз алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қарыз алушының кредитін сақтандыру туралы мәліметті жолдайды.
      46. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және тиісті хатты жұмыс органына жолдайды.
      47. Жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидияны аударуды жүзеге асырады.
      48. Сақтандыру ұйымынан кредиттің сақтандырылған және қайтарылмаған бөлігінің сомасын өтеу бойынша талап ету құқығы қарыз алушы кредитормен жасасқан қарыз шарты бойынша кредитті өтеу шарттарын орындамаған кезде туындайды.
      49. Сақтандыру шарты екінші кезектегі қарыздардың өтелуін қамтамасыз етеді.
      Егер қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігі берілген қарыз сомасының 50 (елу) пайызынан аспаса, сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздемейді.
      Қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігі берілген қарыз сомасының 50 (елу) пайызынан асқан кезде, сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін берілген қарыздың 50 (елу) пайызы мен өтелмеген/мерзімі өткен бөлігінің мөлшері арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.
      50. Сақтандыру бойынша төлемнің тәртібі мен көлемі, талап ету құқығының туындау мерзімі мен шарттары қарызды сақтандыру шартында белгіленеді.

8. Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігін субсидиялауға кредит алушылардың өтінімдерін
Комиссияның қарау тәртібі

      51. Субсидиялауды жүзеге асыру үшін жұмыс органы тиісті облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар Комиссия құрады. Әкімнің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады. Бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      52. Егер Комиссия отырысына мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, Комиссияның отырысы заңды деп есептеледі.
      53. Оператор кепіл берушілер мен сақтандыру ұйымдары ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарап, өтінімдер болған жағдайда, әр айдың 10-күнінен кешіктірмей Комиссия отырысын шақырады. Оператор Комиссия төрағасымен келісім бойынша Комиссия отырысын өткізу орнын, уақыты мен күнін айқындайды.
      54. Комиссия отырысын шақыру туралы хабарландыруға электрондық жеткізгіште мынадай материалдар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қарыз алушы туралы мәліметтер;
      2) қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы кредитордың оң шешімі бар хаты;
      3) кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының уәкілетті адамы қол қойған кепілдік/сақтандыру полисін беру туралы кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының хаты;
      4) қарыз алушылардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы оператордың қорытындысы.
      55. Қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді Комиссия қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді. Бұл ретте Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.
      56. Комиссияның хаттамалық шешімінде мыналар қамтылуы тиіс:
      1) кредитордың, кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының атауы мен орналасқан орны;
      2) мақұлданған/бас тартылған қарыз алушылардың атаулы тізімі, бас тартудың себептері;
      3) әрбір қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша қарыздың сомасы;
      4) әрбір қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша қарыздың мерзімі;
      5) әрбір қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша нысаналы мақсаты;
      6) әрбір қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау сомасы.
      57. Оператор ұсынған құжаттарды қарау кезінде сұрақтар туындаған жағдайда, Комиссия оператордан қосымша ақпарат сұратады. Бұл ретте қарыз алушы, кредитор, кепіл беруші, сақтандыру ұйымы оператордың бірінші талабы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты береді. Қарыз алушының толықтырылған құжаттар топтамасы Комиссияның кезекті отырысында қаралуы тиіс.
      58. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімде кейін хатшы қол қойған, мөрмен расталған осы үзіндінің түпнұсқасын жібере отырып, Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді электрондық почта арқылы кредиторға, кепіл берушіге /сақтандыру ұйымына жолдайды.

9. Ескертпелер

      59. Осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген ескертпе, хабарлама, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда ұсынылады. Осындай ескертпе, хабарлама, хат немесе сұрау салу почта немесе курьерлік байланыс, факсимильді және телекс байланысы арқылы жеткізілсе ғана қаралатын болады.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау қағидаларына
1-қосымша            

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары

      Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы
      Қой шаруашылығы
      Жылқы шаруашылығы
      Шошқа шаруашылығы
      Жемшөп өндірісі
      Жемшөпті өңдеу
      Жайылымдарды суландыру

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау қағидаларына
2-қосымша            

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары

      Қайта өңдеу:

      1) сүт өнімдерін өндіру;
      2) ет өнімдерін өндіру;
      3) май-тоң май өнімдерін өндіру;
      4) астық дақылдарын тереңдетіп өңдеу;
      5) жеміс-жидек және көкөністерді өңдеу;
      6) қант өндіру;
      7) жүн мен теріні бастапқы өңдеу.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау қағидаларына
3-қосымша            

Қарыз алушының қарызын кепілдендіруді мен сақтандыруды іске
асыру барысы туралы 20 __ жылғы мәліметтер және 20 ___ жылға
субсидия аударуға арналған өтінім

Р/с

АӨК субъектісінің атауы

Қаржы институтының (кредит беруші) атауы

Кредит сомасы (теңге)

Сақтандыру ұйымының атауы

Сақтандыру сомасы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысын  арзандату сомасы

Кепілдің атауы

Кепілдік көлемі

Комиссия мөлшері

Комиссияны арзандату сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Бірінші басшы _________________ (қолы, Т.А.Ә.)
М.О.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау қағидаларына
4-қосымша            

Қарыз алушы туралы мәліметтер

1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны _____________________________
_____________________________________________________________________
2. Меншік нысаны ____________________________________________________
3. Заңды, нақты және электрондық мекенжайы, телефондары, факсы
_____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама, берген мекеме, нөмірі,
күні және орны ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Құрылтайшылар ____________________________________________________
6. Банктік деректемелер _____________________________________________
7. Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс және үй
телефондары _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Негізгі қызметінің түрі __________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Кредит (лизинг) сомасы теңге/АҚШ доллары/евро ____________________
10. Кредит (лизинг) мерзімі, ай _____________________________________
11. Кепілдендіру/сақтандыру сомасының көлемі, теңге/ АҚШ доллары/евро
_____________________________________________________________________
12. Кредиттің нысаналы мақсаты ______________________________________

      Бірінші басшы ________________________________________ (Т.А.Ә)
      (лауазымы)                     (қолы)

      М.О. (күні)

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау қағидаларына
5-қосымша            

Қарыз алушыларға кредит беру және кепілдендіру комиссияның/
сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін олардың ішінара төлеуі
туралы мәлімет

Р/с

АӨК субъектісінің атауы

Кредит берушінің атауы

Кредит сомасы (теңге)

Сақтандыру сомасы/
Кепілдендіру сомасы

Сақтандыру сыйақысы /кепілдендіру комиссиясы

АӨК субъектісінің төлеген кепілдендіру комиссиясының бөлігі

Кепілдендіру комиссиясының бөлігін төлеу үшін қажетті сома

АӨК субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі

Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлеу үшін қажетті сома

Кепілдендіру сомасы

Сақтандыру сомасы

кепілдендіру комиссиясының көлемі (теңге)

Сақтандыру сыйлық ақының көлемі (теңге)

бөлігін1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Бірінші басшы _________________ (қолы, Т.А.Ә.)

      М.О.