Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы N 805 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 289 Қаулысымен.

      "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 9 маусымдағы N 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "SUPERSCHWACKE"   "Евротакс"   Еуропа елдерiнiң 8702,
автомобиль каталогы    фирмасы,     аумағынан әкелiнетiн 8703
                       Германия     автокөлiк құралдары*
*8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген шығарылған жылын негiзге ала отырып, есептелген 5 жылдан аспайтын пайдалану мерзiмiмен".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi