Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 наурыздағы № 251 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 451 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 жыл, № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi, Жол полициясы комитетi және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру, күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру және заңнамалық актілерге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу болып табылады.»;
      12-тармақта:
      116)118)120)121)129)130)132) тармақшалар алынып тасталсын;
      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «119) босқындар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;»;
      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «131) босқындар мәселелері бойынша заңнаманы сақтауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
      133)134) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «133) босқындарды тіркейді және есепке алуды жүргізеді;»;
      «134) аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдайды;»;
      19-тармақтың 11-1) тармақшасы алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген 1-бөлімнің 98, 99, 100, 101-тармақтары алынып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлімде:
      мына:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

128398


Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

45739


Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2573


Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2706


Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2313


Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4405


Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2903


Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1862


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4434


Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2315


Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1938


Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5037


Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1728


Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2818


Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1866


Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2352


Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2147


Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4342

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

128255


Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

45596


Астана қаласының Ішкі істер департаменті

2566


Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2697


Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2306


Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4396


Алматы облысының Ішкі істер департаменті

2894


Атырау облысының Ішкі істер департаменті

1855


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4426


Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті

2307


Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

1931


Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5027


Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1721


Қостанай облысының Ішкі істер департаменті

2811


Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1849


Павлодар облысының Ішкі істер департаменті

2345


Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2140


Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4325

                                                                   »;

      7-бөлімде:
      мына:

      «


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1290

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1433

                                                                   ».
      2-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 451 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов