Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 737 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық меншіктен жалпы ұзақтығы 7,3 километр А-24 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынбор қаласына)» автомобиль жолының учаскесі Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақтөбе облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов