Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
1) кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, " Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі, " Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі бекітілсін.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
2-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Тәртіпке сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
2) жол органдары мен жол полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жерде де, медициналық мекемеге бара жатқан жолда да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органдарынан, жол полициясы бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
6) жол органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.";
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою жөнінде қолдарынан келетін шаралар қабылдайды немесе ол туралы жол органына немесе жол полициясы бөлімшесіне дереу хабарлайды.
9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде оны пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етеді және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермейді.";
10-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Концессияға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерді техникалық жоба негізінде жерді жол органына тұрақты пайдалануға беру, жолды салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде қызметтерді жеткізушілерге уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған орган бөледі.
Тұрақты жер пайдалануға жерлер автомобиль жолдарына, автомобиль көлігінің объектілеріне және жол шаруашылығы, жер үсті және жер асты ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды жөндеу, дамыту объектілеріне, сондай-ақ автомобиль жолдарының жолақ бөліктерін белгілеу үшін беріледі.
Қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) уақытша жер пайдалануға жер құрылыс материалдары карьерлерін, резервтерді, құрылыс жасақтарының базаларын игеруге, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын жинауға арналған орындарға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық жобада көзделген мерзімді ескере отырып анықталады.
10-2. Автомобиль жолдарының бойында сәндік және қардан қорғайтын екпе ағаштарды (шарбақтар) орналастырған кезде жер төсемі жиегінен жолдың барлық санаттары үшін қашықтық қар түсу көлеміне байланысты қабылданады.";
12-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жол органдарымен және жол полициясы бөлімшелерімен:
ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне;
жарылғыш, радиоактивті және күшті әсер ететін улы заттарды тасымалдауға;
автомобиль жолдарын арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының, темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне;
автомобиль жолдарымен бір деңгейде қиылысатын кезде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге;
темір жолдарды қиып өтетін жерлерді жайластыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және жоюға;
автомобиль жолдарының жол бойындағы бөлігінде қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді, автомобильдерге жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, тамақтану және сауда пункттерін орналастыруға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және жол бойындағы бөлігінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
жолдарда бұқаралық және спорттық іс-шаралар жүргізуге;
жалпы пайдаланымдағы жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға;
жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға;
автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жүргіншілердің жүруіне кедергі жасайтын кез келген жұмыстарды жүргізуге.";
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жолдардың жол бойындағы жолағы шегінде ескерткіштер қоюға, шарбақтарды, сәндік ағаштарды отырғызуға, карьерлер қазуға;";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1) Жол органдары және жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінің жерлері жол органдарының немесе концессионердің иелігінде және пайдалануында болады әрі автомобиль жолдарын дамытуға, абаттандыруға ғана арналған.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жолақ бөлігінің жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
1) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпы пайдаланымдағы облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көліктік-пайдаланылу сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.";
17, 18-тармақтар алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жол органдарымен келісілгеннен кейін жолдардың барлық санаттары үшін қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Жол органдарымен келісілгеннен кейін таяу жердегі автомобильге жанармай құю станциялары барлық санаттар үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобильге жанармай құю станцияларының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдары көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.";
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жол органдарынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:
1) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;
2) тапсырыс берушінің жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ететіндігі туралы кепілдемелік хатын, сондай-ақ жол мен жол құрылыстарын қалпына келтіру жобасын;
3) жол полициясы бөлімшелерімен келісілген жол белгілері мен қоршауларды орналастырудың және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;
4) жұмыстар жүргізудің күнтізбелік кестесін;
5) жолдың зақымдалған элементтерін қалпына келтіретіндігі туралы міндеттемені немесе егер қалпына келтіру жұмыстарын жол органы орындайтын болса, жолдың зақымдалған учаскесін қалпына келтіру кезінде жүзеге асырылатын жұмыстарды қаржыландыратыны туралы кепілдемелік хатты ұсынады. Ол үшін жол органы мен тапсырыс беруші ұйымның өкілі зақымдалған учаскелерді қалпына келтіру мерзімін көрсете отырып, жол жабынының, топырақ төсемінің, айналма жол мен жол құрылыстарының іс жүзіндегі жай-күйі туралы, алда тұрған жұмыстардың сипаты мен көлемі туралы екіжақты акт ресімдейді.
Жұмыстарды елді мекендердің шекарасында жүргізу болжанған жағдайларда жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты да қажет.
24. Жалпы пайдаланымдағы жолдарда жол жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу жол полициясы бөлімшелерімен келісіледі.";
25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жол органы өкілінің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілінің қатысуымен, кейіннен осы Тәртіптің 13-тармағында белгіленген тәртіппен рұқсаттар ресімделе отырып орындалады.";
29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органдарының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.
30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органдары жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді.";
32-тармақтың тоғызыншы абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Жол органдары жол полициясымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.
34. Жол қозғалысына қатысушылар үшін авариялық жағдай тудыратын және олар туындаған кезде жолдар бойынша жүруді шектеу немесе қысқа мерзімге жабу талап етілетін қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1) шыны тәрізді жұқа қабыршақты мұз түріндегі көктайғақ;
2) көрінудің 50 метрге дейін төмендеуі кезіндегі тұмандар;
3) орташа жылдамдығы секундына 20 метр және екпіні секундына 25 метр және одан астам күшті жанама және дауылды желдер;
4) жылдамдығы секундына кемінде 15 метр қатты жел соғатын, үлкен қар массасын үйетін, көру қашықтығын 50 метрге дейін төмендететін боран (құйындар, борандар, қарлы борандар);
5) жауын-шашынның түсу қарқындылығы сағатына 1,5 мм астам күшті қар жаууы;
6) қар көшкінінің, көшкіннің, сел және су ағындарының көшуі.";
36, 40 және 41-тармақтар алынып тасталсын;
39-тармақ "нұсқаулықтарға сәйкес" деген сөздерден кейін "жол органдарымен келісім бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, кедергілерді жинап алады, жолдардың жол жамылғысын және инженерлік жайластырылуын қалпына келтіреді.";
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сервис объектілері мен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.";
2-тармақ алынып тасталсын:
3, 4-тармақтардағы "сервис объектілерін және сыртқы (көрнекі) жарнаманы", "сервис объектілері мен сыртқы (көрнекі) жарнаманы", "сервис объектілері мен жарнаманы" деген сөздер "сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары қарауындағы жол органдарын орналастыру орнын және өз деректерін көрсете отырып, объектіні орналастыруды ресімдеу туралы өтініш береді. Өтінішке объектінің түрлі түсті орындалуымен және өлшемдерімен бірге нобайы қоса беріледі.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
7. Паспортты жол органы береді және бес жұмыс күні ішінде Жол полициясы бөлімшелерімен келісіледі.
Паспорттың қолданылу мерзімі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына сүйене отырып анықталады, бірақ бір жылдан аспайды және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшерлері паспортта енгізілген мөлшерлерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті құжаттамаларды ресімдеместен және оны жол органдарымен, жол полициясы бөлімшелерімен келіспестен өз бетінше орналастыруға тыйым салынады. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.".
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 294 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 155-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
17-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.