Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес және ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдайдын аяқталуына байланысты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4418 тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірдегі "Баянтау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ. Әбілғазинге жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Күлжан