Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 1043 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3088 нөмірмен тіркелген және "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде", 2005 ж., N 1, 3-құжат; "Официальная газета" газетінің 2004 жылғы 6 қарашадағы 45 (201) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І  бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесінде:
      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "жүк жөнелтушілердің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді.".
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр