Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы N 631 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 203-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:
      "Зергерлік бұйымдар, шеберлердің алтын мен күмістен жасаған бұйымдары және басқа бұйымдар" деген 20-бөлім алынып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов