Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 711 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, № 51, 681-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінде:
      көрсетілген Ережеге 11-қосымшада:
      ескертпеде:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «** - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов