Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығын қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысы;

      2) "Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 523 қаулысымен
бекітілген

Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері

      1. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының ерлерге арналған нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері

      1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (погонсыз) (1-сурет) мыналар кіреді:

      1) қою көк түсті фуражка;

      2) қою көк түсті пиджак;

      3) сұр түсті шалбар;

      4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;

      5) қысқа жеңді ақ түсті жейде;

      6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

      7) қою көк түсті тері күрте;

      8) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;

      9) сұр түсті кашне;

      10) қара түсті жылы қысқа етік;

      11) қара түсті туфли;

      12) қара түсті белдік.

      1-сурет



      Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.

      2. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының әйелдерге арналған нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері

      2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (погонсыз) (2-сурет) мыналар кіреді:

      1) сұр түсті берет;

      2) қою көк түсті пиджак;

      3) сұр түсті белдемше;

      4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;

      5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;

      6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;

      7) қою көк түсті тері күрте;

      8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;

      9) сұр түсті кашне;

      10) қара түсті жылы етік;

      11) қара түсті туфли.

      2-сурет



      Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.

      3. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының кеудеше үлгілері

      3. Ерлерге және әйелдерге арналған қою көк түсті кеудеше (3-сурет):

      3-сурет



      Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 - арқасы.