Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2018 жылғы 16 қарашадағы | |
№ 775 қаулысына | |
қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және оларды қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1094 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 57, 550-құжат).
2. "Кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1120 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 563-құжат).
3. "Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 37-38, 267-құжат).
4. "Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 523 қаулысы.
5. "Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 163-құжат).