"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.
2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.
3. "Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тізбесін, оны киіп жүру қағидаларын және айырым белгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11242 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялану және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері
1-тарау. Ерлерге арналған нысанды киімнің үлгілері
1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (1-сурет) мыналар кіреді:
1) қою көк түсті фуражка;
2) қою көк түсті пиджак;
3) сұр түсті шалбар;
4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
5) қысқа жеңді ақ түсті жейде;
6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7) қою көк түсті тері күрте;
8) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;
9) сұр түсті кашне;
10) қара түсті жылы қысқа етік;
11) қара түсті туфли;
12) қара түсті белдік.
1-сурет
Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.
2-тарау. Әйелдерге арналған нысанды киім үлгілерінің тізбесі
2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет) мыналар кіреді:
1) сұр түсті берет;
2) қою көк түсті пиджак;
3) сұр түсті белдемше;
4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;
5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7) қою көк түсті тері күрте;
8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
9) сұр түсті кашне;
10) қара түсті жылы етік;
11) қара түсті туфли.
2-сурет
Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.
3-тарау. Нысанды киімнің кеудеше үлгілері
3. Ерлерге және әйелдерге арналған қою көк түсті кеудеше (3-сурет):
3-сурет
Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.
4-тарау. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығы
4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді (4-сурет):
1) камуфляжды сұр түсті күрте;
2) камуфляжды сұр түсті шалбар;
3) камуфляжды сұр түсті кепеш;
4) камуфляжды сұр түсті футболка;
5) қара түсті биік қонышты бөтеңке.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 2-қосымша |
Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары
қызметкерлерінің тізбесі
1. Кеден басшысының орынбасары
2. Кеден басқармасының басшысы
3. Кеден бөлімінің басшысы
4. Кеденнің бас маманы
5. Кеденнің жетекші маманы
6. Кеден бекетінің басшысы
7. Кеден бекеті басшысының орынбасары
8. Кеден бекетінің бас маманы
9. Кеден бекетінің жетекші маманы
10. Кинологиялық орталықтың мамандары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 3-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің
заттай нормалары
р № | Заттардың атауы | Өлшем бірлігі | Бір қызметкерге заттардың саны |
Кию мерзімі |
1 | Фуражка | Дана | 1 | 24 |
2 | Берет | Дана | 1 | 36 |
3 | Теріден тігілген құлақшын | Дана | 1 | 36 |
4 | Теріден тігілген күрте | Дана | 1 | 36 |
5 | Пиджак шалбарымен | Жиынтық | 1 | 24 |
6 | Пиджак белдемшемен | Жиынтық | 1 | 24 |
7 | Шалбар | Дана | 1 | 24 |
8 | Белдемше | Дана | 1 | 24 |
9 | Ұзын жеңді ақтүсті жиде | Дана | 2 | 24 |
10 | Қысқа жеңді ақ түсті жиде | Дана | 2 | 12 |
11 | Ерлердің қысқа етігі | Жұп | 1 | 24 |
12 | Әйелдердің етігі | Жұп | 1 | 24 |
13 | Ерлердің туфлиі | Жұп | 1 | 12 |
14 | Әйелдердің туфлиі | Жұп | 1 | 12 |
15 | Кашне | Дана | 1 | 36 |
16 | Галстук | Дана | 1 | 24 |
17 | Белдік | Дана | 1 | 24 |
18 | Кеудеше | Дана | 1 | 24 |
19 | Далалық күрте мен шалбар | Жиынтық | 1 | 24 |
20 | Далалық жылы күрте мен шалбар | Жиынтық | 1 | 24 |
21 | Биік қонышты далалық бәтеңке | Жұп | 1 | 24 |
22 | Биік қонышты далалық жылы бәтеңке | Жұп | 1 | 24 |
23 | Футболка | Дана | 1 | 12 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 4-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiсi
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының логотипі және пиджактың оң жақтағы және жиденің сол жақтағы қалталарының қақпаларында орналасқан "КЕДЕН CUSTOMS" жазбасы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi болып табылады.
Қалтаның қақпасындағы жазба мен логотип сұр түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі.
2. Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерiнің үлгісі (2-сурет):
Сурет
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына 5-қосымша |
Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары (бұдан әрі – нысанды киім) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік бақылауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін айқындайды.
2. Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.
3. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.
4. Нысанды киіммен қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.
5. Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне берілетін нысанды киім кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының меншігі болып табылады және қызметкерді жұмыстан босату кезінде қайтарылуға жатады.
2-тарау. Нысанды киім кию қағидалары
6. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.
7. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пиджак қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.05.2021 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте болатындай етіп, ал фуражканың күн қағары – қастың деңгейінде киіледі. Кокарданың ортасы қастың ортасына орналасады. Барлық бас киімдер қисайтылмай тік киіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.05.2021 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Пиджак барлық түймелеріне салынады.
10. Аяқ киім тазаланған.
11. Кашне күрте жағасының астына салынып киіледі. Кашненің жоғарғы шеті жағаның үстінен 1-2 сантиметр біркелі шығып тұрады.
12. Жазғы уақытта пиджаксыз галстукпен ұзын жеңді жидені, сондай-ақ галстуксыз, үстіңгі түймесін ағытып, қысқа жеңді жидені киюге рұқсат етіледі.
13. Кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс орындау кезінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кеудешені киюі міндетті. Кеудеше нысанды киімнің сыртынан киіледі.