Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 874-құжат):
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.