Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қазандағы N 1060 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгізілсін:

Қосдәулетов               - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы              вице-министрі

Баталов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы              және сауда вице-министрi;

      көрсетiлген құрамнан Асанов Жақып Қажманұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі