Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Дәрiханалардың, дәрiхана қоймаларының санатын және құрылымын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 4, 36-құжат);
2) «Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 21 қазандағы № 1060 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 540-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.01.2015 № 18 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов