Заң шығару қызметін жетілдіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
орталық атқарушы органдардың заң шығару қызметін тиісінше үйлестіру;
заң жобаларының заңдық сараптамасының сапасын арттыру және әзірленетін заң жобаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және өзге де заңдарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
дағдарысқа қарсы шараларды құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтау;
заң жобаларының тұжырымдамаларын жан-жақты және кешенді пысықтау;
заң жобалары ғылыми сараптамасының сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жүргізу;
Қазақстан Республикасы заңдарының мониторингін жылдам енгізу мәселесін пысықтау;
Заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
болжау-талдау жұмысын жақсарту және заң жобалау қызметін жоспарлау;
тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық атқарушы органдардың ағымдағы заң шығару қызметіндегі проблемалық мәселелер туралы ақпарат беру жолымен заң шығару қызметінің сапасының қамтамасыз етілуін бақылауды күшейтсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары:
заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаті мен Мәжілісі және Қазақстан Республикасының Үкіметі регламенттерінің мүлтіксіз сақталуы;
Қазақстан Республикасы Парламентінің жалпы отырыстарына бірінші басшылардың, Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссияларының отырыстарына - бірінші басшылардың орынбасарларының, жұмыс топтарының отырыстарына - мәртебесі департамент директорынан төмен емес лауазымды тұлғалардың міндетті түрде қатысуы;
Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобалары бойынша баяндамашыларды ауыстыру практикасын тоқтату;
Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын сындарлы, оның ішінде заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және өзге де сараптамалар жүргізуді жүзеге асыратын сарапшыларды тарта отырып талқылау;
қабылдануы мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін заң жобаларын және депутаттар бастамашылық жасаған түзетулерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына уақтылы шығару;
заңдарды қабылдаудың ұсынылатын нормативтік құқықтық реттеу тетіктерінің, ықтимал әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарын талдаудың ғылыми және қаржылық негізділігін қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілде заң жобаларын дайындаудың әрі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заң жобалары мен халықаралық шарттар мәтіндерінің тең түпнұсқалығы жай-күйін жақсарту;
жоғарыда көрсетілген мәселелерге тікелей жетекшілік ететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы өкімнің іске асырылуына жеке жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктелсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов