Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 76, 996-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1439 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 473 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 306-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және «Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов