Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережедегі 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 15 тамыздағы
№ 934 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2003 жылғы 25 ақпандағы
№ 202 қаулысымен    
бекітілген      

Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

Кеңес мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)