"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 306 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 294 қаулысымен   
бекітілген      

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы
қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Метрополитенмен жолаушылар тасымалын субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Алматы қаласының бюджетіне бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) метрополитен – қалалық көлік түрі, жолаушыларды тасымалдауға арналған көшеден тыс электрлендірілген темір жол;
      2) маршрут – көлік құралының бастапқы және соңғы пункті арасындағы жүру жолы;
      3) жолаушы – метрополитен қызметін пайдаланатын жеке тұлға;
      4) тасымалдаушы – метрополитенде жолаушыларды тасымалдау бойынша тікелей реттеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) тасымалдаушының есептеу тарифі – бір жолаушыны тасымалдаудың өзіндік құны.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген.
      3. Субсидиялауға метрополитенде жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының залалдары жатады.
      4. Тасымалдаушы тарифін (жолаушының жол жүру ақысын) жергілікті атқарушы орган бекітеді.
      5. Тасымалдаушының залалдарын субсидиялау республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер негізінде жергілікті бюджеттен жүргізіледі. Бюджеттік субсидиялар республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалар шегінде беріледі.

2. Субсидияларды төлеу тәртібі және шарттары

      6. Тасымалдаушының залалын субсидиялау үшін жергілікті атқарушы орган мен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйым арасында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жолаушыларды метрополитенде тасымалдау шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.
      7. Тасымалдаушы шарт жасасқаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде жергілікті атқарушы органға кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасын бекіту үшін ұсынады. Жергілікті атқарушы орган кірістер мен шығыстардың ай бойынша бөлінген жылдық жоспарының жобасы түскен күнінен бастап отыз күн ішінде оны бекітеді.
      8. Тасымалдаушы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісі;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кірістер туралы есеп;
      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шығыстар туралы есеп.
      Бұл ретте көрсетілген құжаттарды ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері растайды және мөрмен расталады.
      9. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, тасымалдаушының залалдарын субсидиялау сомасын айқындайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес төлемге арналған ведомость жасайды.
      10. Жергілікті атқарушы орган тасымалдаушының ағымдағы шотына тиесілі соманы аудару үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және көрсетілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге екі данада шот ұсынады.
      11. Тасымалдаушы тасымалдаушының есептеу тарифін қалыптастыру кезінде ескерілетін кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді. Тасымалдаушының залалдарын субсидиялауға жіберілетін соманың көлемін айқындау мынадай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
      1) орындалған жолаушылар тасымалының кірістері;
      2) жолаушылар тасымалын орындауға кететін шығыстары.
      12. Жолаушылар тасымалының шығыстарына мыналар кіреді:
      1) жұмысшылардың еңбекақы қоры;
      2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер;
      3) электр энергиясына жұмсалатын шығындар;
      4) майлау материалдарына жұмсалатын шығындар;
      5) доңғалақ жұптарын пайдалану шығыстары;
      6) жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар;
      7) негізгі қорлардың амортизациялық аударымдары;
      8) почта-телеграф шығыстары, телефон станцияларын, диспетчерлік, радио және байланыстың басқа түрлерінің қондырғыларын күтіп ұстау және пайдалану шығыстары;
      9) есептеу техникасын күтіп ұстау және пайдалану шығыстары;
      10) баспахана жұмыстарына шығыстар;
      11) метрополитен ғимараттарын, құрылыстары мен үй-жайларын күтіп ұстау және пайдалану (жылыту, жарықтандыру, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және тазалықта ұстау) шығыстары, сондай-ақ жерге ақы төлеуге байланысты шығыстар;
      12) аудиторлық қызметтер төлемі;
      13) банк қызметі төлемі;
      14) міндетті сақтандыру бойынша төлемдер;
      15) кадрларды даярлау;
      16) еңбекті қорғау шығыстары;
      17) әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметін ұстау бойынша шығыстар.
      13. Бір жолаушыны жол жүруге тасымалдаудың өзіндік құны (есептеу тарифі) қаржы қаражатын тасымалдауға жоспарланған жолаушылар санына бөлу арқылы айқындалады.
      14. Қызмет көрсетудің өзіндік құнына кіргізілетін шығыстар құрамын айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына және бухгалтерлік есеп саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      15. Шығыстар қолданыстағы нормалар мен реттелетін кезең алдындағы кезеңнің деректерін талдауды ескере отырып, материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін негізге алып, кәсіпорынның барлық қызметтерінің (энергия шаруашылығы, жолды күтіп ұстау және оны жөндеу, қозғалыс қызметі, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, автоматика және байланыс қызметі және т.б.) шығындарын қамтиды.
      Шығыстардың жекелеген баптары бойынша нормативтер болмаған кезде есеп айырысу өнеркәсіп салалары бойынша бағалар өзгерісінің болжамды индекстерін ескере отырып, өткен кезеңдегі нақты деректерге сүйене отырып жүргізіледі.
      16. Жылдың соңғы күнтізбелік айына бюджеттік субсидиялар төлеу келесі айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде нақты деректер бойынша жасалған есепті кейіннен беру арқылы болжамды деректер бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалып, ұсынылған тасымалдау жөніндегі есеп негізінде жүзеге асырылады. Мәлімделген болжамды деректер нақты деректерден асқан жағдайда нақты айырма тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын    
субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне  
бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидаларына    
1-қосымша                  

Метрополитенде жолаушыларды тасымалдау шарты
№ _____

Алматы қаласы                          2013 жылғы «___» _____________

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
             (жергілікті атқарушы органның атауы)
_________________________________________ бір тараптан және бұдан әрі
       (басшының Т.А.Ә., лауазымы)
Орындаушы деп аталатын _______________________________________ атынан
                               (тасымалдаушының атауы)
_____________________________________________________ екінші тараптан
             (басшының Т.А.Ә., лауазымы)
жолаушыларды метрополитенде тасымалдауды орындау кезінде
тасымалдаушының пайда болатын залалдарын субсидиялау туралы осы
шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге
келді.
      1. Тапсырыс беруші өзіне Орындаушының залалдарын жабу үшін
субсидиялар төлеу бойынша міндеттеме алады, ал Орындаушы жолаушыларды
метрополитенде тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі кірістер мен
шығыстар туралы деректер беру бойынша міндеттеме алады.
      2. Субсидиялау сомасы ________________________________ құрайды.
                         (сомасы цифрмен және жазумен, теңгемен)
      3. Орындаушы есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі
мерзімде жергілікті атқарушы органға кірістер және шығыстар туралы ай
сайынғы есепті жібереді. Қажет болған кезде тасымалдаушы пайдалану
шығыстарын растайтын құжаттарды ұсынады.
      4. Залалды маршрут бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар
төлеуді бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына,
тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасындағы субсидиялау
туралы шартқа сәйкес жүргізеді.
      5. Жылдың желтоқсан айына субсидиялар төлеу оның кірістері мен
шығыстарының 20 желтоқсаннан кешіктірілмей берілген деректері
негізінде қалыптастырылған тасымалдаушының болжанған залалы негізінде
жүргізіледі. Нақты деректер бойынша жасалған есеп келесі айдың
20-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
      6. Осы маршрут бойынша субсидиялар төлеу:
      1) орындаушы осы маршрут бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге
асыруды тоқтатқан;
      2) маршрут бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті бермеген
жағдайда жүргізілмейді.
      7. Орындаушы тапсырыс берушінің сұратуы бойынша тасымалдау
процесін ұйымдастыру және тасымалдаудың қаржылық нәтижелері бойынша
қажет мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      8. Орындаушы электр қуатына және шығындарын басқа құрамдас
бөлігіне бағалар күрт өзгерген кезде ағымдағы бюджетті нақтылау және
тасымалдарға тарифтерді өзгерту, жолаушыларға қызмет көрсетуді
жетілдіруге бағытталған басқа да шаралар бойынша ұсыныстар енгізуге
құқылы.
      9. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе
тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына және осы шарттың талаптарына сәйкес жауапты
болады.
      10. Тараптар шартты:
      1) маршрутты пайдалану құқығы жойылған, сондай-ақ форс-мажор
жағдайлары туындаған кезде;
      2) тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған
жағдайда бұза алады.
      11. Осы шарт тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркегеннен кейін
күшіне енеді және жылдың соңына дейін қолданылады.
      12. Тараптардың заңды мекенжайлары:

      Тапсырыс беруші:                        Орындаушы:
      ЖСН                                     ЖСН
      БСН                                     БСН
      Банктік деректемелер:                   Банктік деректемелер:
      _______________________                 _______________________
      (басшының қолы, Т.А.Ә.)                 (басшының қолы, Т.А.Ә.)
      _______________________                 _______________________
      (бас бухгалтердің қолы,                 (бас бухгалтердің қолы,
              Т.А.Ә.)                                 Т.А.Ә.)

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын    
субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне  
бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидаларына   
2-қосымша                 

Орындалған жұмыстардың актісі

Алматы қаласы                         2013 жылғы «___» ______________

Біз төменде қол қойған тапсырыс берушінің өкілі
_____________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
                        (басшының қолы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және орындаушының өкілі
_____________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
             (басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан 201__ жылғы бір ай ішінде метрополитенде жолаушыларды
тасымалдау бойынша орындалған жұмыстар шарттың талаптарын
қанағаттандыратыны туралы осы актіні жасадық.
Орындалған жұмыстардың кіріс сомасы _________________________ құрайды
                              (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде)
Орындалған жұмыстардың шығыс сомасы _________________________ құрайды
                              (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде)
Субсидиялау сомасы __________________________________________ құрайды
                      (сомасы цифрмен және жазумен теңгеде)

                   Тараптардың заңды мекенжайлары:

      Тапсырыс беруші:                        Тасымалдаушы:
      ЖСН                                     ЖСН
      Банктік деректемелер:                   Банктік деректемелер:
      _______________________                 _______________________
      (басшының қолы, Т.А.Ә.)                 (басшының қолы, Т.А.Ә.)
      _______________________                 _______________________
      (бас бухгалтердің қолы,                 (бас бухгалтердің қолы,
              Т.А.Ә.)                                 Т.А.Ә.)

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын    
субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне  
бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидаларына    
3-қосымша                  

Кірістер туралы есеп
_________ 20__ ж.

                                                                теңге

Кірістер баптары

Жоспар

Нақты

Ауытқу

Ескертпе

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен табыстар





      Басшы _________________________
                  (Т.А.Ә., қолы)
      Бас бухгалтер _________________
                     (Т.А.Ә., қолы)
      МО

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын    
субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне  
бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидаларына    
4-қосымша                  

Шығыстар туралы есеп
_________ 201__ ж.

                                                                теңге

Шығыстар баптары

Жоспар

Нақты

Ауытқу

Ескертпе






      Басшы _________________________
                  (Т.А.Ә., қолы)
      Бас бухгалтер _________________
                     (Т.А.Ә., қолы)
      МО

Метрополитенмен жолаушылар тасымалын    
субсидиялауға Алматы қаласының бюджетіне  
бөлінген 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидаларына   
5-қосымша                 

Бекітемін      
______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
«___» _______ 20__ жыл

Бюджеттік субсидияларды 20 жылғы «__» ______ дан «__» ______
дейінгі кезеңге төлеу
ведомосы

Атауы

Нақты тасымалданған жолаушылар саны, адам

Белгіленген тариф

Есептік тариф

Бюджеттік субсидиялардың жыл басынан тиесілі сомасы, теңге

Жыл басынан төленді, теңге

Бюджеттік субсидияларының тиесілі сомасының қалдығы, теңге

«__» ___ 20__ жылға төлеуге жатады, теңге


Жыл басынан

20__ жылғы «__» ___ дан «__» ___ аралығындағы кезең







1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жиыны:









      Басшы _________________________
                  (Т.А.Ә., қолы)