"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 810 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасынының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің  мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.";
      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "163. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов