Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi туралы ережеде: 
      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын: 
      "өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi.". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі