"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Респ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ
адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгі және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес:
      азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;
      шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.
      Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:
      тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      мемлекеттiк бажды төлегенi туралы құжат;
      өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр үш фотосурет;
      мына құжаттардың бірі:
      жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;
      азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
      1974 жылғы үлгідегі (бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының) паспорты;
      әскери билет;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
      Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
      туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
      Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралуға куәлік (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде);
      2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресімдеу үшін:
      тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
      мемлекеттiк баждың төленгенi туралы құжат;
      өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр үш фотосурет;
      жарамды ұлттық паспорт.
      Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес формуляр ресімделеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      12. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері:
      1) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
      2) денсаулық жағдайына байланысты қызметті берушіге жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
      13. Мемлекеттiк қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында: «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      14. Қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің телефондары бойынша алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы
жоқ адамдарға куәлiк пен
шетелдiктерге тұруға  
ықтиярхат беру»    
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен  
бекітілген     

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етiлетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлену күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінің 10 пайызын құрайды.
      Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
      Он алты жасқа толмаған немесе әрекетке қабілетсіз болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін ата-анасының бірі немесе заңды өкілі береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) ұлттық паспорттың көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, өтініш беру күніне олардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күннен артық болуы тиіс;
      бірлескен қолдаухат беру кезінде: баланың туу туралы куәлігінің немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;
      2) Қазақстан Республикасында болудың заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) оның азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімі ретiнде болуы мүмкiн кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында баспана берілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда);
      4) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат.
      Оралмандардан, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған бұрынғы отандастардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар және бірге келген олардың отбасы мүшелерiнен төлем қабілеттілігін растау туралы құжат талап етілмейді;
      5) азаматтығы тиесілі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетіндегі соттылығы (соттылығының жоқтығы) туралы құжат;
      6) 14-тен 16 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға нотариалды куәландырылған келісімі;
      7) арыз берушіге баспана ұсыну туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт не шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның тұруына және тұрақты тіркеу есебіне қоюға нотариалды расталған келісім;
      8) Қазақстан Республикасының медициналық мекемесі берген медициналық куәландыру туралы анықтама;
      9) өлшемi 35x45 мм 4 фотосурет (фотосурет арыз берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлуі және адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
      10) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратындар неке туралы  куәліктің көшірмесін және жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      10. Мыналар:
      1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалаудағы;
      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
      4) оралмандарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбаған;
      5) шетелдiктердiң Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған;
      6) ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын;
      7) әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
      9) террористiк қызметі, ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы бар;
      10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтінішпен жүгiнген кезде жалған құжаттар ұсынған не өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен ұсынбаған;
      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру сәтiнде Қазақстан Республикасынан бес жылдың iшiнде шығарылған;
      12) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      13) Қазақстан Республикасынан уақытша шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып оралудың өздері мәлімдеген мерзiмнен кейін алты ай өткен соң оралмаған;
      14) егер бұл неке соттың заңды күшiне енген шешiмiмен жарамсыз болып танылған жағдайда, тұруға ыхтиярхатты алу үшін негiз болған Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге отырған;
      15) Қазақстан Республикасына кiру үшiн қарсы көрсетiлiм болып табылатын аурулары бар қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар.
      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тiркеу және Қазақстан
Республикасында тұрақты тұруға
рұқсат беру» мемлекеттiк  
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша          

нысан

________________________________
________________________________
________________________________            Арыз берушінің Т.А.Ә,
  (ІІД, ІІБ бөлінісінің атауы)              болатын жерінің мекенжайы

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат
беруден бас тарту

Сізге
_____________________________________________________________________
          (шешім қабылдаған орган, шешім қабылданған күн
_____________________________________________________________________
                      және нөмірі көрсетілсін)
___________________________________________________________ шешімімен
        (заңның бабы, бөлігі, тармағы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат етілгенін/рұқсат
беруден бас тартылғанын/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі
ұзартылғанын хабарлаймын (қажет емесі сызылсын)
      Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық
мерзімін ұзарту үшін Сізге
_____________________________________________________________________
               (ІІД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері
_____________________________________________________________________
            және қабылдау сағаттары, қызметкердің Т.А.Ә.)
_______________________________________________ өтініш білдіру қажет.

ІІД, ІІБ көші-қон полициясы бөлінісінің
(бөлімінің, бөлімшесінің) бастығы
_______________________________________         _____________________
     (арнаулы атағы, тегі, аты-жөні)                     (қолы)

20__ жылғы «___» ______________________         М.О.

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды тiркеу және Қазақстан
Республикасында тұрақты тұруға
рұқсат беру» мемлекеттiк  
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша          

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
            (ішкі істер органының (ІІД, ІІБ, АІІБ) атауы)

Тіркеу нөмірі _______________________________________________________
                       (уәкілетті лауазымды адам толтырады)

                                                         Фотосуреттің
                                                             орны
                                                         (35 x 45 мм)

      Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған
балама/менің қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген
балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға (қажет емесі сызылсын)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.
      20__ жылғы «___» _______ бастап 20__ жылғы «___» ________ дейін
_________________________ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында
уақытша тіркелгенмін.

      Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1. Тегі, аты (аттары), әкесінің аты (егер бар болса) ________________
_____________________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын,
                            әкесінің атын,
_____________________________________________________________________
өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа
                    сәйкес тегі мен аты орыс және)
_____________________________________________________________________
             (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
_____________________________________________________________________
3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар
(бұрын болды ма) ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)
4. Жынысы ___________________________________________________________
                                 (ер, әйел)
5. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
                                  (құжаттың нөмірі және сериясы, кім
_____________________________________________________________________
                           және қашан берді)
6. Ұлты _____________________________________________________________
                        (қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Діни нанымы ______________________________________________________
                            (қалауы бойынша көрсетіледі)
8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО
азаматтығында тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында
тудыңыз (қажет емесі сызылсын) ______________________________________
                           (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
9. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған еңбекке жарамсыз
ата-анаңыз бар ма ___________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні,
_____________________________________________________________________
             еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұруға
ықтиярхат беру туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, қашан және қандай органға, қандай шешім қабылданды)
11. Отбасы жағдайы __________________________________________________
                   (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
_____________________________________________________________________
  ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
12. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған,
қамқорындағы, қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны

13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы

14. Өтініш берген күннің алдындағы жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
аралығындағы табысының түрі және көлемі

1

Табыс түрі

2

Табысының көлемі (теңгемен, шетелдік валютамен)

3

Негізгі жұмыс орны бойынша табысы

4

Өзге де қызметтен табысы

5

Банктегі салымынан табысы

6

Бағалы қағаздадан және коммерциялық ұйымдарда қатысу үлесінен табысы

7

Зейнетақысы, стипендиясы және өзге әлеуметтік төлемдері немесе табысы (қандай екені көрсетілсін)

15. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)
_____________________________________________________________________
(куәлігінің нөмірі, берген күні мен орны, оны берген органның атауы)
16. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден
шығаруға не болмаса өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға
ұшырадыңыз ба _______________________________________________________
                      (егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан)
17. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыс не болмаса қауіпті деп танылған
қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен
сотталдыңыз ба ______________________________________________________
                               (егер сотталсаңыз,
_____________________________________________________________________
                         неше рет және қашан)
18. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде
ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаныңыз үшін жабылмаған немесе
алынбаған соттылығыңыз бар ма _______________________________________
                                 (егер болса, неше рет және қашан)
_____________________________________________________________________
19. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін
қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба
_____________________________________________________________________
             (егер тартылсаңыз, неше рет және қашан)
20. Адамның иммунитеті тапшылығы вирусымен туындайтын аурумен,
нашақорлықпен, айналадағылар үшін қауіпті болып табылатын жұқпалы
аурумен ауырмайсыз ба _______________________________________________
                            (егер ауырсаңыз, нақты қайсысымен)
_____________________________________________________________________
21. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы
рұқсат алған кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет
(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)
_____________________________________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты,
әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, тұрғылықты жері) ______________
22. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға «Халықтың
көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген
жағдайларда рұқсат беруден бас тартылуы не болмаса берілген тұруға
ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған
құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын
растаймын.

20__ жылғы «___» _________________________.
_______________________ _____________________________________________
(өтініш берліген күні)  (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған
                                      кезде қойылады)
20__ жылғы «___» _________________________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың
бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш
берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын ___________________________
                                      (арнайы атағы (егер бар болса),
_____________________________________________________________________
    құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі,
                                аты-жөні)

      ___________________________
       (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және
шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары,
компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін
түсінікті болуы тиіс.
      Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны
қойылады.
      Осы тармақты толтырған кезде мекемелердің атауы өтініш беруші
сонда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса солай аталуы тиіс.
      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып
табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген
органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі,
зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан
шығуды тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама.
      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 100 пайызды құрайды.
      Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретін Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшiн:
      азаматтыққа қабылдау туралы арыз;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-арыз;
      өлшемi 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мiндеттеме;
      соттылығының болуы не жоқтығы туралы анықтама;
      мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
      басқа мемлекеттің құзырлы органы берген азаматтығының жоқтығы немесе бұрынғы азаматтығының тоқтатылғаны туралы анықтама.
      Аталған құжаттармен қатар:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін кәсіптер мен талаптар тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар;
      Қазақстан Республикасына тарихи отаны ретінде тұрақты тұру үшін оралған адамдар – оралман куәлігі және бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы арыз;
      Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, Қазақстан Республикасында тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары – жақын туысқандарының бірі: баласы (оның ішінде асырап алған), жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушының) бірі, апасы, қарындасы, сіңлісі, ағасы, інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік) ұсынады.
      Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілген қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес анықтама беріледі;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшiн:
      қазақстандық азаматтықтан шығу туралы арыз;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес сауалнама-арыз;
      өлшемi 3,5 х 4,5 см үш фотосурет;
      балалардың туу туралы және неке куәліктерінің көшірмелері;
      әскерге шақырылатын жастағы адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
      жұмыс, оқу орнынан, ал жұмыс iстемейтiндер – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Сот актілерін орындау жөніндегі комитетiнiң аумақтық органынан адамның мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерiнiң болуы немесе жоқ екенi туралы анықтама;
      мемлекеттiк баждың төленгенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
      Егер көрсетілетін қызметті алушы:
      1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаған, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шыққан;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, халқының денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырған;
      4) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты қоздырған, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаған;
      5) террористiк және экстремистік ұйымдардың құрамында тұрған немесе террористiк қызмет үшiн сотталған;
      6) халықаралық іздестіруде жүрген, соттың күшіне енген үкімі бойынша жаза өтеп жатқан не оның әрекеттерін сот ерекше қауiптi рецидив деп таныған;
      7) басқа мемлекеттердiң азаматтығында тұрған;
      8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелді себептерсіз ұсынбаған;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында қасақана деп танылатын қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған;
      10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде экономика және (немесе) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасаған;
      11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан болса, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан;
      Егер көрсетілетін қызметті алушы:
      1) Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған мiндеттемелерi немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттерi болған;
      2) айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған не соттың күшіне енген үкімі бойынша жасасын өтеп жатқан болса немесе егер Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығарудан бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, почталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар.
      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Фотосуреттің орны
Место для фотокарточки

№ _____ анықтама
Справка № _____

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу
үшін берілді
Выдана для получения удостоверения личности (паспорта)
гражданина Республики Казахстан

Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ________________________________________________________
Отчество
Туылған күні ________________________________________________________
Дата рождения
      20__ жылғы «___» _______________ № _____ Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ 16-1-БАБЫНА сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан,
международным Соглашением, СО СТАТЬЕЙ 16-1 ЗАКОНА РК «О ГРАЖДАНСТВЕ
РЕСПУБЛИКИ») № _____ «___» _________ 20__ года принят в гражданство
Республики Казахстан.
      Онымен бірге ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫНА ___________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
балалар қабылданды.
Вместе с ним (ней) ПРИНЯТЫ В ГРАЖДАНСТВО РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН дети:
_____________________________________________________________________

ІІД КҚПБ Бастығы  ___________________
Начальник УМП ДВД   (қолы-подпись)

      М.О.
      М.П.

№ _____ анықтаманың түбіршегі
Корешок справки № _____

Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ________________________________________________________
Отчество
Туылған күн _________________________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
Прежнее гражданство
      20__ жылғы «___» _________ № _____ Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ 16-1-БАБЫНА сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан,
международным Соглашением, СО СТАТЬЕЙ 16-1 ЗАКОНА РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН «О ГРАЖДАНСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН») № ___ «___»
_________ 20__ года принят в гражданство Республики Казахстан.

Инспектор ___________________________________________________________
                                 (қолы-подпись)

Хабарламаны алдым, шетелдік паспортты тапсырдым _____________________
Извещение получил, иностранный паспорт сдал        (қолы-подпись)

20__ ж. «___» ____________
«___» ____________ 20__ г.

      М.О.
      М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                 

20__ ж. г. «___» _________
№ ________________________

Анықтама
Справка

Выдана ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді.
                 туылған жылы-год рождения

Қазақстан Республикасы Президентінің 20__ жылғы «___» _______________
Жарлығына сәйкес оған және оның кәмелетке толмаған балаларына:
В том, что ему (ей) и его (ее) несовершеннолетним детям:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуларына рұқсат берілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан № ___________
«___» ____________ 20__ года разрешен выход из гражданства Республики
Казахстан.

      _______________________________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
      Начальник УМП ДВД _____________________________________ области

      М.О.
      М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                 

__________________________________________________
(көші-қон полициясының аумақтық бөлінісінің атауы)
__________________________________________________
Тіркеу нөмірі ____________________________________
                   (лауазымды адам толтырады)

Фотосуретке
арналған орын1

М.О.2

Сауалнама-өтініш3

Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген
тәртіппен қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын
қалпына келтіруді сұраймын (керексізін сызып тастаңыз).

Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын4

__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________

Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, тұрғылықты жері)

__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________

_____________________________
      1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр төрт сурет қоса беріледі.
      2Аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің елтаңбалы мөрі
қойылады.
      3Өтініш қолмен немесе қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз,
түзетулерсіз және шимайсыз техникалық құралдарды (жазу машинкаларын,
компьютерлерді) пайдалана отырып толтырылады. Сұрақтарға жауап
жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
      4Егер жұбайлар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
мәселесі бойынша бір уақытта жүгінсе, балалары ата-анасының бірінің
өтінішіне жазылады.

Өтініш беруші туралы мәлімет

1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда
                          бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты, өзгертудің
                                  себебі мен күні көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ___________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы ___________________________________________________________
                               (еркек, әйел)
4. Қазіргі уақытта қай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
_____________________________________________________________________
       (қайда, қашан және қандай негізде алынды және айырылды)
5. Бұрын КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба? ____________________________
_____________________________________________________________________
   (егер иә болса, онда оны тоқтату негізі және күні, көрсетілген
                   мәліметтерді растайтын құжат)
6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын
өтінішпен жүгіндіңіз бе? ____________________________________________
                         (егер иә болса, онда қашан және қай органға,
                                   қандай шешім қабылданды)
7. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме5
_____________________________________________________________________
              (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
8. Ұлты _____________________________________________________________
9. Діни нанымы ______________________________________________________
                            (қалауы бойынша көрсетіледі)
10. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі ____________________
                            (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді,
                               диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
11. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
                                     (диплом нөмірі, берілген күні,
                                               берілген жері)
12.Отбасы жағдайы ___________________________________________________
         (үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан)
_____________________________________________________________________
    (неке (ажырасу) туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
13. Жақын туыстары (күйеуі (әйелі), ата-анасы, балалары, ағасы-інісі,
сіңілісі-қарындасы)

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы мен жері

Азаматтығы

Тұратын елі мен мекенжайы

Жұмыс, оқу орны

14. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар еңбекке жарамсыз
ата-анасының бар-жоғы
_____________________________________________________________________
(еңбекке жарамсыз ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты, оның еңбекке
                   жарамсыздығын растайтын құжат)
_____________________________________________________________________
15. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек
қызметі (жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім
беру оқу орындарын, әскери қызметті қоса алғанда)6

Күні (айы және жылы)

Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елді мекен)

қабылдау

босату

16. Өмір сүруге қаражат көзі (Қазақстан Республикасының аумағында
тұрған кезеңдегі барлық қолда бар табыс түрлерін көрсетіңіз).7
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
17. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы жылдың 1 қаңтары - 31
желтоқсаны аралығындағы өмір сүрудің қаражат көзі

Табыс түрі

Табыс мөлшері
(рубльде, шетелдік валютада)

1

Негізгі жұмыс орны бойынша табысы

2

Өзге қызметтен табысы

3

Банктердегі және өзге де кредиттік ұйымдардағы салымдардан табысы

4

Бағалы қағаздардан және коммерциялық ұйымдарда қатысу үлесінен табысы

5

Зейнетақы, стипендия және өзге де арнайы төлемдер немесе табыстар (қандай екені көрсетілсін)
__________________________________________________
__________________________________________________

______________________________
______________________________

18. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) __________________
19. Қазақ (орыс) тілін білесіз бе? __________________________________
_____________________________________________________________________
20. Әскери міндетке қатысы __________________________________________
(әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет
        мемлекетте әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке
                                                    шақырылмаған ба?)
21. Тұруға ықтиярхатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында
тұру8 ________________________________________________________________
              (қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)

Тұрақты тұрған кезеңде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу

Кету

Келу

Келген елі

Сапардың мақсаты

Күні

Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі

Кеткен елі

Күні

Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі

22. Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ерекше мәртебенің
(оралман мәртебесі, босқын деп тану) бар-жоғы
_____________________________________________________________________
(куәлік түрі, оның нөмірі, алған күні, оны берген органның атауы)
23. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен
жүгінген күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы
аумағынан тыс жерлерге шығарылдыңыз ба? _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс
               шығару туралы қаулының нөмірі мен күні)
24. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе
құқық қорғау органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңыз ба?)
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы,
                                 шені)
25. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба ________________________
(егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай
баптары бойынша, сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере
отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)
26. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары
қылмыстық тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ___________________________
                                                   (иә, жоқ)
27. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны __________________________________
28. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________
                                 (құжат нөмірі, қашан және кім берді)

Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің
дұрыстығын растаймын
____________________________             ____________________________
    (өтініш берілген күн)                  (өтініш берушінің қолы)

Өтініш «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның
_________________________ негізінде _____________ қарауға қабылданды.
(бабы, бөлігі, тармағы)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын
тексердім; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің
қолының түпнұсқалығын растаймын.
_____________________________________________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің лауазымды
           адамының арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні)

                                        _____________________________
                                          (лауазымды адамның қолы)
Бастық
_____________________________________________________________________
         (аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
________________________________   ____________   ___________________
          (арнайы атағы)               (қолы)       (тегі, аты-жөні)
_____________________________
      5Егер өзге азаматтық Қазақстан Республикасының азаматтығын
алғаны салдарынан тоқтатылса, Қазақстан Республикасының азаматтығын
алған күннен бастап үш ай ішінде тиісті құжат ұсыну міндеттемесі
беріледі.
      6Осы тармақты толтырған кезде кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның
атауын өтініш беруші онда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса, солай
көрсету қажет. Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер
болып табылса, тіркеу туралы куәлік нөмірі, тіркеген органның атауы
мен берілген орны көрсетіледі. Әскери қызмет өткерген жағдайда
лауазымын, әскери бөлімнің (мекеменің) нөмірін, оның орналасқан жерін
көрсету қажет.
      7Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақының
түрін, куәліктің нөмірін, оны кім және қашан бергенін көрсету қажет.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша                 

МІНДЕТТЕМЕ

      Мен _________________________________________________ Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен Заңдарын сақтауға, оның мүдделері
мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге және аумағында
тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының
күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.

      20__ ж. «___» ________________                   ______________
                                                            қолы

ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

      Я, ___________________________________________________________,
ходатайствуя о приеме в гражданство Республики Казахстан, обязуюсь
соблюдать Конституцию и Законы Республики Казахстан, защищать ее
интересы и территориальную целостность, уважительно относиться к
обычаям, традициям, государственному языку и языку представителей
всех национальностей, проживающих на ее территории, способствовать
укреплению могущества, суверенитета и независимости Республики
Казахстан.

      «___» __________ 20__ г.                       ________________
                                                          подпись

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша                 

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
жеңілдетілген тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін кәсiптердiң
және оларға қойылатын талаптардың
ТІЗБЕСІ

Р/с

Кәсiп

Талаптар

1.

Әртiс

Халықаралық наградалармен және атақтармен атап өтілген аса көрнекті музыкалық, сахналық немесе хореографиялық қабілетiнiң, кәсiптiк шеберлiгiнiң және жарқын шығармашылық жеке даралығының болуы

2.

Археолог

Ғылыми дәрежесiнiң және атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми зерттеулері мен iзденiстерiнiң, ғылыми басылымдарда жарияланымдарының болуы, халықаралық конференцияларға және әлемдiк маңызы бар iрi археологиялық ескерткiштердiң ашылуына қатысуы

3.

Сәулетші

Сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, қала құрылысының бас жоспарларын әзiрлеуде және айрықша iрi әрi күрделi объектілердi жобалауда тәжiрибесiнiң болуы

4.

Балетмейстер

Аса көрнектi балет әртiстерiн даярлауда тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және iрi театрлардағы жұмыс өтiлiнiң болуы, әлемдiк сыныптағы спектакльдердi дайындауға қатысуы

5.

Биолог, микробиолог (бактериолог, вирусолог)

Биология, бактериология, вирусология, гендiк инженерия және басқа да аралас ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң болуы

6.

Дәрiгер

Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:
акушерлiк және гинекология; ангиохирургия; анестезиология-реаниматология;
кардиохирургия; нейрохирургия; онкология; онкогематология; оториноларингология; радиология; трансплантология; фармакология және клиникалық фармакология; жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң озық әдiстерiн меңгеруi

7.

Геолог, геофизик

Геологиялық және геофизикалық ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң, ядролық жарылыстар және жер сілкiнiстерi мониторингi саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

8.

Дирижер

Аса көрнектi музыкалық деректерiнiң және халықаралық конкурстарға қатысқанын растайтын дипломдарының, әлемнiң жетекшi театрлары мен концерт залдарында дирижерлық еткен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

9.

Инженер

Ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ экономикалық қызмет түрiне сәйкес: сейсмологиялық құбылыстарды орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi болжау әдiстерiн меңгеруi; қуатты энергетикалық және жоғары температурадағы плазма қондырғыларын пайдалану; ғылым және техника, рационализация, өнертапқыштық жетiстiктерiн енгiзу; қоршаған ортаны тазарту және оның ластануын болдырмау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстарды әзiрлеу;
ядролық реакторларды пайдалану, реакторды (жылдамдатқышты, ядролық-физикалық қондырғыны) басқару; ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар; озық бағдарламалық қамтамасыз етудi және қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтарды әзiрлеу; информатика және жүйелiк бағдарламалау; ғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды әзiрлеу; зымырандар мен ғарыш аппараттарының, ғарыштық ұшу аппараттары мен екпiндеткiш блоктарының бастапқы және техникалық кешендерiн әзiрлеу және пайдалану; телеметриялық жүйелер мен кешендер, компьютерлiк өлшеу блоктары; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердiң құрылысына арналған технологиялық жобалау; ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына прогрессивтi технологиялық процестердi енгiзу; субстанциялар мен дәрілiк нысандар өндiрiсi жөнiндегi арнайы, осы заманғы фармацевтiк жабдықтардағы фармацевтикалық бейiн; дәрілiк нысандар мен препараттарды биофармацевтикалық зерделеу; дәрілiк субстанциялар мен фитопрепараттар өндiрудiң технологиялық негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу; жүйелi бағдарламалау; жоғары деңгейдегi бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу

10.

Нұсқаушы-спортшы

Олимпиада ойындарында бiрiншi–алтыншы орынды немесе әлем чемпионаттарында бiрiншiден үшiншi орынды немесе Азия ойындарында бiрiншi орынды немесе Еуропа чемпионаттарында бiрiншi, екiншi орынды немесе спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем кубогі финалдарында бiрiншi орынды немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер мен юниорлар ойындарында бiрiншi-үшiншi орынды иемденген халықаралық бiлiктілiгi бар спорт шеберiнен төмен емес спорттық атағының болуы

11.

Ұшқыш (пилот)

Азаматтық әуе кемелерiне рұқсаты бар ұшқыш (пилот) куәлiгiнiң болуы. Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

12.

Ұшқыш-нұсқаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстігiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілердi бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестiгi

13.

Ұшқыш-сынаушы

Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

14.

Ұшқыш-қадағалаушы

Арнайы даярлығы, орман қорғау саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң, пирология және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмiнiң болуы

15.

Математик

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, жұмыс тәжiрибесiнiң, математика, қолданбалы математика және аралас ғылымдар саласындағы халықаралық маңызды ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы

16.

Ғылыми қызметкер (физика және астрономия саласында)

Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, физика мен астрономия және басқа да аралас қызмет түрлерi саласындағы өнертапқыштық немесе ғылыми еңбектерiне авторлық куәлiктерiнiң болуы

17.

Провизор

Фармакологиялық заттар мен дәрілік шикiзаттың физикалық және химиялық қасиеттерiн, оларды aлу, тазалау, стандарттау және сапасын бақылау әдiстерi саласындағы аса көрнектi ғылыми зерттеулерiнiң болуы. Фармаэкономика жөнiндегi зерттеулердiң, медицина мен фармацевтика саласындағы мамандарды халықаралық стандарттар бойынша инспекциялаудың және оқытудың озық әдiстерiн меңгеруi (GPP, GCP, GMP, GLP, GDP)

18.

Режиссер

Аса көрнектi қойылым қою деректерiнiң, халықаралық фестивальдарға қатысқанын растайтын атақтары мен дипломдарының, әлемнiң iрi театрлары мен концерт залдарындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

19.

Құтқарушы

Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлығының, «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» үлгiсiндегi білiктілiк берiлген халықаралық сертификаттарының, iрi авариялық және төтенше жағдайлардың салдарын жоюдағы жұмыс тәжiрибесiнiң, авариялық құтқару құралдарын қолдану жөнiндегi дағдысы мен шеберлiгiнiң болуы

20.

Жаттықтырушы

Халықаралық бiлiктілiктегi спорт шеберiнен кем емес спорттық атағының, мамандығы бойынша жұмыс өтілiнiң Олимпиадалық ойындарда бiрiншi–алтыншы орынды иемденген жоғары білiктi кемiнде бiр спортшыны немесе Азия ойындарында бiрiнші – үшiншi орынды иемденген бiр спортшыны немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер ойындарында, спорттың жеке немесе ойын түрлерiнде бiрiншi–үшiншi орынды иемденген спортшыны даярлау жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiнiң болуы

21.

Мұғалiм

Мамандығы бойынша жоғары санаты мен жұмыс тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және мынадай мамандықтар бойынша тиiстi жоғары кәсiптiк білiмiнiң болуы: математика, физика, химия, биология, ағылшын тiлi, информатика, жалпы тарих; мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiн меңгеруi, шет тілдерді еркiн меңгеруi

22.

Химик

Ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң, химия, токсикология және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы

23.

Суретшi

Кәсіптiк білімiнің, жоғары көркем өнер шығармаларының, халықаралық наградалары мен атақтарының, өнертанушылардан шығармашылық мiнездемесiнiң болуы; халықаралық көрмелерге, симпозиумдар мен конкурстарға қатысуы

24.

Штурман
(авиацияда)

Жоғары кәсiптiк даярлығы мен навигация және ұшу аппаратын жауынгерлiк қолдану жөнiндегi шеберлiгi;

әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi білуi. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша                 

№ _________ АНЫҚТАМА
СПРАВКА № __________

_____________________________ азаматының № __________________________
паспортына берілді
Выдана к паспорту № ___________________ гражданина __________________
Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ________________________________________________________
Отчество
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
      20__ ж. «___» ________________________ ол шын мәнінде Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
      В том, что он(а) действительно «___» __________________ 20__ г.
подал(а) ходатайство о приобретении гражданства Республики Казахстан.
      Онымен бірге: _________________________________________________
      Вместе с ним (ней) ходатайствуют: _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ өтініш берді.

_____________________________________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________________________________________

      М.О.
      М.П.

№ _______ АНЫҚТАМА ТҮБІРТЕГІ
КОРЕШОК СПРАВКИ № __________

Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ________________________________________________________
Отчество
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының № _______________________________________________________
№ __________________________________________________________ Паспорта
      20__ жылғы «___» ___________ ол шын мәнінде Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
      В том, что он(а) действительно «___» _________ 20__ г.
подал(а) ходатайство о приобретении гражданства Республики Казахстан.
      Онымен бірге: _________________________________________________
      Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ өтініш берді.

      Инспектор _____________________________________________________
                                   (қолы - подпись)
      Анықтаманы алдым    ___________________________________________
      Справку получил (а)                (қолы - подпись)

      20__ жылғы «___» _____________

      М.О.
      М.П.

«Қазақстан Республикасының азаматтығын  
қабылдауды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
7-қосымша                 

_______________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
_______________________________________________
Тіркеу нөмірі _________________________________
                  (лауазымды адам толтырады)

Фотосуреттің орны1

М.О.2

ӨТІНІШ3

      Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат
етуіңізді сұраймын.
      Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер ___________________
_____________________________________________________________________

Біруақытта өзіммен бірге кәмелетке толмаған балаларымды (балам, қызым, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жылы, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын

Көрсетілген балалардың басқа ата-аналары туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болса, сақтайды ма, жоқ па соны көрсетсін)

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1. Тегі, аты, әкесінің аты, _________________________________________
_____________________________________________________________________
  (тектері, аттары, әкесінің аттары өзгерген жағдайда бұрынғы тегі,
                           аты, әкесінің аты
_____________________________________________________________________
              себебі және өзгерген күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жынысы (еркек, әйел) _____________________________________________
4. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
             (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес), ажырасқан,
_____________________________________________________________________
      неке (ажырасқаны) туралы куәлік, берілген күні және орны)
5. Ұлты _____________________________________________________________
                        (тілегі бойынша көрсетіледі)
6. Діні _____________________________________________________________
                        (тілегі бойынша көрсетіледі)
7. Білімі, білімі бойынша мамандығы, кәсібі _________________________
_____________________________________________________________________
(қандай оқу орнын қашан және қайда бітірді, диплом нөмірі, берілген
                               күні және орны)
8. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ____________________________________
                             (диплом нөмірі, берілген күні және орны)
9. Соңғы бес жылдағы еңбек қызметі

күні (айы және жылы)

Жұмыс орны және лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы

қабылданды

босатылды

10. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген салықтарды төлеу
бойынша орындалмаған міндеттемелер бар ма ___________________________
                                                 (иә, жоқ)
11. Әскери міндеттілікке қатысы _____________________________________
                              (әскери міндетті, әскери міндетті емес,
_____________________________________________________________________
    Әскери қызметтен өтсе, қашан, қайда, әскер түрі, әскери атағы
                            көрсетілсін)
12. Қазақастан Республикасының құзыретті органдарына қылмыстық іс
бойынша айыпталушы ретінде тартылдыңыз ба? __________________________
                                                    (иә, жоқ)
13. Сізге қатысты заңды күшіне енген және орындауға жататын айыптау
сот үкімі бар ма? ___________________________________________________
                                       (иә, жоқ)
14. Көрсетілген өтініште Сіздің және Сіздің балаларыңыздың өзге
азаматтығы бар ма?
(иә болса, қандай, қашан және қандай негізде құжат алынды, оның
нөмірі, күні және берілген орны; өзге азаматтығы болмаған кезде – оны
алу мүмкіндігін растау)
_____________________________________________________________________
15. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрды ма? _______________
_____________________________________________________________________
(егер иә болса, қандай мекенжай бойынша тіркелгені көрсетілсін, қашан
               және қандай құжат бойынша Қазақстаннан кетті)
_____________________________________________________________________
16. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен
шығарылдыңыз ба? (ұсынылған құжатқа сәйкес) _________________________
17. Тұрғылықты жердің мекенжайы, телефоны ___________________________
_____________________________________________________________________

1. Жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының
азаматтығы
_____________________________________________________________________
         (түрі, сериясы, нөмірі, кім және қашан берілген)

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Маған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның
22-бабына сәйкес жалған құжаттардың және көрнеу жалған мәліметтердің
негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
туралы шешім жойылуға жататыны ескертілді.
      Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің
шынайылығын растаймын.

___________________
(өтініш берген күн)

_______________________
(өтініш берушінің қолы)

Өтініш қарауға «Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы» Заңның негізінде       __________    _______________________________
                                                              (бап, бөлім, тармақ)
______________________________ қабылданды
            (күні)
Өтінішті толтырудың дұрыстығы және қажетті құжаттардың бар болуын тексерді; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.4

_______________________________________________________________________________________
                 (лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
_______________________________________________________________________________________

                                                               ________________________
                                                               (лауазымды адамның қолы)

_____________________________
      1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 см төрт сурет беріледі.
      2Мөр қойылады.
      3Өтініш өз қолымен немесе техникалық құралдарды (жазу
машинкаларды, компьютерлерді) пайдалана отырып, қысқартуларсыз,
аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз жазылады. Сұрақтарға
жауаптар толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы
тиіс.
      4"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң бабының
үшінші бөлігінде көзделген жағдайда өтініш берушінің қолының
түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі істер департаменті аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасында пана іздеген шетелдіктердің және олардың отбасы мүшелерінің болатын жері бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;
      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi:
      1) босқын куәлігі;
      2) босқынның куәлігіне мөр және көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғасының қолын қою;
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың тізбесі:
      1) босқын мәртебесін беру үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;
      пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар;
      қолдаухаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдар (болған жағдайда).
      2) босқын мәртебесін ұзарту үшін:
      еркін нысандағы өтініш.
      Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға талон береді.
      10. Мыналар:
      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;
      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;
      5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      7) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;
      8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;
      9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар

      13. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері:
      1) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіру пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
      2) денсаулық жағдайына байланысты қызметті берушіге жеке өзі келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша шыға отырып жүргізеді.
      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмде орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
1-қосымша             

кімге __________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні    
_________________________ азаматы(-шасы)
(қай мемлекеттен)                 
________________________________________
тұрақты тұрғылықты орны        
________________________________________
(мекенжайы) уақытша тұратын      
отбасы құрамы __________ адамнан тұратын
кімнен _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)    

Босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы
қолдаухат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан
Республикасында босқын мәртебесін беруіңізді (ұзартуыңызды) сұраймын.
      Өзімнің тұрғылықты жерімнен мынадай себептер бойынша кетуге
мәжбүрмін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
босқын мәртебесін беруге арналған мән-жайларды сақтау туралы
ақпаратты ұзарту үшін
Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________
Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) _______________________________
_____________________________________________________________________
Ұлты (этникалық тиесілігі) __________________________________________
Білетін тілдерім ____________________________________________________
Қазақстан Республикасына келген күні ________________________________
Заңды (заңсыз) келдім _______________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттары немесе пана іздеген тұлғаның жеке
басын растайтын құжаттар ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан берілген және кім берген)
Менімен бірге отбасымның мүшелері келді:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық дәрежесі

Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен
бұрын өтініш білдірді ме? (пана іздеген адамдар үшін)

Өтініш білдірсе, орган көрсетілсін __________________________________
_____________________________________________________________________
Босқын мәртебесі қашан және қанша мерзімге берілді? (босқын
мәртебесін ұзартуға қолдаухат берген босқындар үшін) ________________
_____________________________________________________________________

______________________       ________________________________________
(өтініш берілген күні)       (пана іздеген адамның не босқынның қолы)

Қолдаухатты қабылдаған аумақтық бөлімшенің қызметкері
_______________   ___________________________________   _____________
    (қолы)                      (Т.А.Ә)                     (күні)

Қолдаухатты тіркеу туралы ақпарат:
_____________________________________________________________________
              (тіркелген күні, нөмірі, жұмыскердің қолы)

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша             

№ ________
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
ТАЛОН

_____________________________________________________________________
      (Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:_________________________________________________________/
                  (аумақтық бөлімше қызметкерінің лауазымы)

______________/______________________________________________________
    (қолы)                            (Т.А.Ә.)
________ ж. «___» _______________________

Берілген күні және уақыты: ______ жылғы «___» _______ __ сағ. __ мин.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлік пен шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 511-құжат);
      2. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 512-құжат);
      3. «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 515-құжат);
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 25, 300-құжат);
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 237 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 302-құжат);
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 238 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 26, 303-құжат);
      7. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 509-құжат);
      8. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, 1058-құжат);
      9. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 304 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 679-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 338-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 маусымдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 679-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 344-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 510-құжат).