Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 маусымдағы № 620 қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Шанақ ауыл округіне қарасты:
      1) Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Нұржан болыс, Келдібек би, Абдраш ата, Қаныбек Бекқұлов, Тілеген Балапанов, Мұстафа  Өтенов атаулары;
      2) Ақжар елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Егемберді Омарбеков, Құрақ Құдайбергенов атаулары;
      3) Ескі Шанақ елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Қасымбек би атауы берілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі                          Б.Мырзақұлов