"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматты

Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 маусымда № 11203 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1.Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "___" __________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 24 сәуір



  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
1-қосымша

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді";

      Өтініштерді қабылдау:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады";

      Нәтижесін беру:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші";

      "2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері".

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге қажеттi құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтiзбелiк 60 (алпыс) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етiлетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неосы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.10.2017 № 724 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтарға ақысыз негізде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында санамаланған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгіне алмайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) қөрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді";.

      "Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жылдам қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;

      2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

      бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      3) шет елде тұрақты тұруға рұқсатты растайтын мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

      4) өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян;

      5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;

      6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);

      7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

      8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;

      9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;

      10) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;

      11) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

      Осы тармақтың 5), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлеккелген, көрсетілетін қызметті алушы,жасы он сегізге дейін не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы тармақтың 1), 2), 7) -10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ішкі істер органдарына ұсынады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушышетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы тармақтың 1), 2), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы, 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.

      Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша жауап алудың толық хаттамасын жасайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. қарамастан басқа мәселелер көрсетіледі.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру күнін көрсете отырып, тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.10.2017 № 724 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген, сондай-ақ;

      1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

      4) этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiне сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

      5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

      6) ұлтаралық және дiни араздықты өршіткен;

      7) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

      8) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

      9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

      10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

      12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;

      13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

      14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;

      15) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;

      16) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;

      17) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      18) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;

      19) адамның шет мемлекеті аумағында шетелдік қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдары.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.02.2017 № 706 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік, 1 даңғылы";

      "Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жолданады.

      Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде";

      2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 01.08.2019 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

  "Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында тұрақты
тұруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________

      ________________________________

      ________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда) (ПД, ІІБ бөлінісінің атауы) болатын жерінің мекенжайы

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат беруден бас тарту

      Сізге______________________________________________________________________

      (шешім қабылдаған орган, шешім қабылданған күн

      __________________________________________________________________________

      және нөмірі көрсетілсін)

      ________________________________________________________________ шешімімен

      (заңның бабы, бөлігі, тармағы көрсетілсін)

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат етілгенін/рұқсат беруден бас

      тартылғанын/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі ұзартылғанын хабарлаймын (қажет емесі сызылсын)

      Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін

      Сізге___________________________________________________________________________

      (ПД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері

      __________________________________________________________________________

      және қабылдау сағаттары, қызметкердің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))

      _______________________________________________ өтініш білдіру қажет.

      ПД, ІІБ көші-қон полициясы бөлінісінің

      (бөлімінің, бөлімшесінің) бастығы

      _______________________________________ _____________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты-жөні)                  (қолы)

      20__ жылғы "___" ______________________ М.О

      (специальное звание, фамилия, инициалы) (подпись)

      "___" ________ 20__ года

      Место печати:

  "Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында тұрақты
тұруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ
ӨТІНІШ - САУАЛНАМА

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (ішкі істер органының (ПД, ҚАІІБ(б), ӨҚАІІБ(б)) атауы)

      Тіркеу нөмірі

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті лауазымды адам толтырады)

      Фотосуреттің орны

      (35 x 45 мм)

      Маған және/немесе менің ұлыма, менің қызыма, менің асырап алған балама/менің

      қамқорлығым (қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға

      (қажет емесі сызылсын) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді

      сұраймын.

      20__ жылғы "___" _____ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейін _____________________

      мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тіркелгенмін.

      Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда

      бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда),

      __________________________________________________________________________

      өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      орыс және (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)

      2. Туған күні, айы, жылы және жер

      __________________________________________________________________________

      3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды ма)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      4. Жынысы ________________________________________________________________

      (ер, әйел)

      5. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________________

      (құжаттың нөмірі және сериясы, кім

      __________________________________________________________________________

      және қашан берді)

      6. Ұлты ___________________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      7. Діни нанымы ____________________________________________________________

      (қалауы бойынша көрсетіледі)

      8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында тұрдыңыз

      ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі сызылсын)

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

      9. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз ба ______________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      10. Отбасы жағдайы ________________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      __________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      11. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,

      қарамағындағы) балаларын қоса алғанда:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда

Жұмыс орны






















      12. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы


































      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      14. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса

      өтініш берудің алдында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз ба ("Шетелдіктердің

      құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандарға)

      __________________________________________________________________________

      егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан

      15. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты

      қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба

      __________________________________________________________________________

      егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      16. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      егер болса, неше рет және қашан

      17. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету

      бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік

      жауапкершілікке тартылдыңыз ба _____________________________________________

      егер тартылсаңыз, неше рет және қашан

      __________________________________________________________________________

      18. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат);

      туберкулез; лепра (Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар

      (ЖЖБИ) - мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид; жіті инфекциялық

      аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының жіті вирустық

      инфекциясынан) және грипптан басқа)._________________________________________

      егер иә, онда қандай түрімен

      19. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған

      кезде жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған

      күні мен жері, азаматтығы)

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні,

      азаматтығы, тұрғылықты жері)

      __________________________________________________________________________

      20. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны _____________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      __________________________________________________________________________

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім,

      өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын

      растаймын ________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      __________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      __________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.

  "Шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға Қазақстан
Республикасында тұрақты
тұруға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  нысан

Тұрақты тұруға арналған рұқсат беруге құжаттарды қабылдау туралы № ________ ТАЛОН

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)

      Қабылданған құжаттар тізбесі:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      5. ________________________________________________________________________

      6. ________________________________________________________________________

      7. ________________________________________________________________________

      8. ________________________________________________________________________

      9. ________________________________________________________________________

      Қабылдаған:_______________________________________________________________/

      (ІІД КҚПБ қызметкерінің лауазымы)

      ______________/___________________________________________________________

      (қолы)                                           Т.А.Ә. (ол болған кезде)

      20_______ ж. "___" _______________________

      Берілген күні және уақыты: ______ жылғы "___" _______ __ сағ. __ мин.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi:

      1) босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру;

      2) босқынның мәртебесін ұзарту;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдар әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      9. Пана іздеген шетелдіктердің және Қазақстан Республикасындағы олардың отбасы мүшелерінің болатын жері бойынша көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат;

      2) пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар;

      3) қолдаухаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдар (болған жағдайда).

      Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға берілген күнін көрсете отырып, талон береді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 84 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіп болмаса;

      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;

      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;

      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;

      5) егер аталған адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      7) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп топшылауға салмақты негіздер болса;

      8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деген салмақты негіздер болса;

      9) егер аталған адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетінқызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), почталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Қабылданған шағым ішкі істер органдарының жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.12.2018 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Дене мүмкіндіктері шектеулі қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайдар көзделген, ғимаратқа кіреберіс пандустармен жабдықталған, күту үшін креслолар бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

      кімге __________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні

      _________________________ азаматы(-шасы)

      (қай мемлекеттен)

      ________________________________________

      тұрақты тұрғылықты орны

      ________________________________________

      (мекенжайы) уақытша тұратын

      отбасы құрамы __________ адамнан тұратын

      кімнен ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруіңізді (ұзартуыңызды) сұраймын.

      Өзімнің тұрғылықты жерімнен мынадай себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      босқын мәртебесін беруге арналған мән-жайларды сақтау туралы ақпаратты ұзарту үшін

      Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________

      Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) _______________________________

      _____________________________________________________________________

      Ұлты (этникалық тиесілігі) __________________________________________

      Білетін тілдерім ____________________________________________________

      Қазақстан Республикасына келген күні ________________________________

      Заңды (заңсыз) келдім _______________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжаттары немесе пана іздеген адамның жеке

      басын растайтын құжаттар ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан берілген және кім берген)

      Менімен бірге отбасымның мүшелері келді:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық дәрежесі


















      Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен бұрын өтініш білдірді ме? (пана іздеген адамдар үшін)

      Өтініш білдірсе, орган көрсетілсін __________________________________

      _____________________________________________________________________

      Босқын мәртебесі қашан және қанша мерзімге берілді? (босқын

      мәртебесін ұзартуға қолдаухат берген босқындар үшін) ________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________ ______________________________________________

      (өтініш берілген күні) (пана іздеген адамның не босқынның қолы)

      Қолдаухатты қабылдаған аумақтық бөлімшенің қызметкері

      _______________ ___________________________________ _________________

      (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)) (күні)

      Қолдаухатты тіркеу туралы ақпарат:

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы, тіркелген күні, нөмірі, жұмыскердің қолы)

  "Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және ұзарту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
№ ________талон

      _____________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)

      Қабылданған құжаттар тізбесі:

      1. __________________________________________________________________

      2. __________________________________________________________________

      3. __________________________________________________________________

      4. __________________________________________________________________

      5. __________________________________________________________________

      6. __________________________________________________________________

      7. __________________________________________________________________

      8. __________________________________________________________________

      9. __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қабылдаған:_________________________________________________________/

      (аумақтық бөлімше қызметкерінің лауазымы)

      ______________/______________________________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. ол болған жағдайда, лауазымы)

      ________ жылы "___" _______________________

      Берілген күні және уақыты: ______ жылғы "___" _______ __ сағ. __ мин.