"Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлем

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1118 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 501 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;

      2) «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов